Орындалатын жұмыстардың түрлері
«Ақ Берен» Маңғыстау филиалы
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
Құрғақта, теңізде және Қазақстан Республикасының аумағындағы су қоймаларында операциялар жүргізу кеізнде ашық газ және мұнай атқыламаларының пайда болуының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерде және арнайы техникалық құрылыстың суасты бөлігінде профилактикалық жұмыстар жүргізу;
құрлықта, теңіздер мен ішкі су қоймаларында теңіз операцияларын жүргізу барысында және ашық газ және мұнай атқыламаларын, газмұнай шығарындыларын жою кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару;
ашық газды және мұнай, газ-мұнай атқыламаларын жою кезінде авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде тау-кен құтқару ісі, сондай-ақ атқыламаға қарсы және газ қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу;
құтқару жұмыстарын жүргізу саласында шетелдік ұйымдармен ынтымақтасу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
мұнай мен газдың ашық атқыламалары маңында орналасқан елді мекендерге төнетін қауіптің алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;
қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың шығу себептерін тексеру, пайдалануға тапсырылатын және тау-кен құтқару қызметіне кіретін жаңа және қайта құрылған шахталарды, деңгейжиектерді, учаскілерді, карьерлерді, бөліктерді қолдануға қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу;
қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерде болған техногендік аварияларды есепке алу мен талдау және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлеу;
құтқарушы мамандығы бойынша Кәсіпорынның жеке құрамын даярлау, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын оқыту мен қайта даярлауға қатысу;
табиғи және техногенді сипаттағы авариялар кезінде тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды, жоғарыдағы және жерасты өрттерін сөндіру, газ жарылыстары мен шаңның, кенеттен болған көмір мен газ шығарындыларының, тау жыныстары соққысының, опырылудың, су-газ атқылама шығарындыларының, газдану мен су басудың салдарын жою және қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердегі басқа да шұғыл жұмыстарды атқару;
зардап шеккендерге және кәсіпорын қызметкерлеріне тікелей жұмыс орнында және көшіру барысында алғашқы медициналық көмек көрсету;
жедел жәрдем көрсетуге арналған емдік дәрі-дәрмектер, зертханалық және газ талдау жұмыстарын жүргізуге арналған прекурсорлар сатып алу, сақтау және пайдалану;
өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін, жер қойнауын пайдаланушылардың нысандарының аварияларды жоюға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу, желдету жүйелерінің тиімділігін тексеру, ұнтақтардың өрт сөндіру қасиеттерін анықтау;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлі-техникалық жұмысшылары мен жұмысшыларының еңбегін қорғау мәселелері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, кейін оларды Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының бекітуімен.
өрттің алдын алу мен өшіруге, сонымен қатар газ бен шаңның жарылысын жоюға, тау соққыларының, опырылудың, тау қазбаларының, нысандардың газдалуы мен су басуын және қызмет көрсету нысандарында төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін арнайы жұмыстарды орындау.
төтенше жағдайлардың алдын алудың мемлекеттік жүйесі қызметінен шығатын жұмыстарды (радиоактивті сәулелендіру мен СДЯВ байланысқан авариялар мен апаттардан басқа) орындау;
кәсіпорын қызметінің профилі бойынша қызмет көрсету нысандарында техникалық жұмыстарды орындау.
Стандартты емес жабдықтарды өндіру, техникалық, сервистік қызмет көрсету (метрологиялық тексеріс), авариялық-құтқару жабдықтарды, тыныс алу және газдыаналитикалық аппаратураны, зертханалық және медициналық жабдықтарды, құралдарды, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін қажетті арнайы жабдықтардың қосымша бөліктерін және өзге де түрлерін сынау, куәландыру және жөндеу, диагностика, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, Кәсіпорынға жататын көлік құралдарын жөндеу;
қауіпті жүкті тасымалдау, соның ішінде түрлі газдар, жанар-жағармай материалдары, сұйық азот және соның ішінде аварияларды жою үшін арналған өзге де шығын материалдарын тасымалдау.
жЖанғыштықты бақылау, куәландыру мен жөндеуді жүргізу, өртке қарсы жабдықтарды, құтқарушыны қорғайтын топтық құралдарды, жеке бақылау құралдарын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, хроматографтарды, медициналық көмек құралдарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру, Кәсіпорынның қызметінің профилі бойынша өрт сөндіру құралдарының сапасын қалпына келтіру.
қызмет көрсету кәсіпорындарында газ бен шаң сынамаларын алу, соның ішінде пласттардың өздігінен жануына бейімділігін анықтау, сонымен қатар ауа ортасын, прекурсорларды пайдаланумен зертханалық газдыталдау жұмыстарын талдау.
Көлікті және азлитражды баллондарды жөндеу және куәландыру; өрт сөндіргіштерді сынау және қайта толтыру; метанды-ауалы қоспаларды дайындау, оттегімен, сығынды ауамен және аз литражды баллондардың метанымен толтыру, транспортерлі таспалардың жанғыштығын анықтау, отты өшіретін ұнтақтардың өрт сөндіру қасиеттерін анықтау және қалпына келтіру.
Газ-химиялық анализаторлар мен индикаторлы түтіктерді, аспираторларды, бақылау құралдарын және тау-кен құтқару жабдығын тексеруді, вентильдерді, ажыратқыш респираторларды, ауа-тыныс алу аппараттарын, тау құтқарушы зембілдерін және өзге де арнайы жабдықтар түрлерін, қосымша бөліктерді өндіру және тексеру, сонымен қатар Кәсіпорынның қызметінің профилі бойынша жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың авариялық-құтқару жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
- Газқұтқару, атқыламаға қарсы және тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына куәлік.
- Өрттің алдын алу және сөндіру бойынша жұмыстарды орындау құқығына аттестат.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды орындау құқығына аттестат.
- Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу құқығына аттестат.
- Медициналық қызметке лицензия.
- Прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия.
- «TUV» сертификациялаудың халықаралық органынан ISO 9001 және OHSAS 18001 менеджмент жүйесінің сертификаттары.
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілер
1. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3. «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
4. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
6. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.07.2015 ж. №536-қаулысы;
7. «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №347-бұйрығымен бекітілген);
8. «Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №512-бұйрығымен бекітілген);
9. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №246-бұйрығымен бекітілген);
10. Авариялық-құтқару қызметтеріне және құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №21-бұйрығымен бекітілген);
11. Кәсіби авариялық-құтқару құралымдарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №21-бұйрығымен бекітілген) және т.б.