Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Техникалық-өрт сөндіру минимумы - бұл ұйымдар мен кәсіпорындардың барлық қызметкерлері иеленуге тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын білудің ең төменгі қажетті деңгейі.

            Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

            2014 жылғы 11 сәуірде қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өрт қауіпсіздігін регламенттейтін негізгі құжат болып табылады. Осы Заң төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою, төтенше жағдай аймағында қалған халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

            Адамдардың өміріне қауіп төндіретін ең көп таралған апат - өрт болып табылады. Сондықтан халық пен кәсіпорын қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін білуі тиіс.        Техникалық-өрт сөндіру минимумы - бұл Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өрт қауіпсіздігі саласындағы білімнің міндетті минимумы. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың қызметкерлерін оқыту жатады. Техникалық-өрт сөндіру минимумын оқыту Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің 2014 жылғы 09 маусымдағы №276 бұйрығымен бекітілген «Халықты және кәсіпорын қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына» сәйкес жүргізіледі.        

            Кәсіпорындардың барлық қызметкерлері техникалық-өрт сөндіру минимумын оқытуға жатады. Оқыту жұмысқа қабылданған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту білім алушының кәсібінің ерекшелігіне байланысты жұмыс орнында да, өндірістен қол үзіп те жүргізіледі.      

            «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Павлодар филиалының оқу орталығының қызметкерлері «Каз Минералс Бозшаколь» ЖШС мамандары мен жұмысшыларын техникалық-өрт сөндіру минимумға оқыту бойынша сабақтар өткізеді. Өндірістен қол үзбей оқитын қызметкерлерге ғимараттың түрлі бөлімдерінде бола отырып, үй-жайды ең қысқа жолмен дүрбелеңсіз қалай босатуға болатындығын үйретеді. Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарлары егжей-тегжейлі қарастырылады. Барлық қызметкерлер алғашқы өрт сөндіру құралдарының қай жерде орналасқанын білуі керек және оларды іс жүзінде қолдана білуі керек. Өндірістен қол үзіп техникалық-өрт сөндіру минимум бағдарламасына оқытуға өртке қарсы шаралар үшін жауапты немесе өрт қауіпті өндірісі бар кәсіпорын қызметкерлері жатады.      

            Оқыту бағдарламасы шеңберінде «Каз Минералс Бозщаколь» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер, аумақты, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау тәртібі, кәсіпорын аумағында өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу қағидалары, технологиялық процестің өрт қауіптілігі жеткізіледі. Бұл ретте Төтенше жағдайлар туындаған кездегі персоналдың іс-қимылына, эвакуациялау жолдарын күтіп-ұстауға және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға ерекше назар аударылады.

            «Каз Минералс Бозщаколь» ЖШС аумағында қызметкерлерді оқыту үшін қызметкерлерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырылған, онда компьютерлік техникамен және көрнекі құралдармен жабдықталған оқу сыныптары бар. Сондай-ақ кәсіпорында білім алушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатын полигонның құрылысы аяқталуда.

            Заңнамаға сәйкес, техникалық-өрт сөндіру минимумын оқытудан қызметкерлер, егер олардың мамандығы жарылыс-өрт қауіпті өндіріспен байланысты болса, жыл сайын өтуі тиіс. Басқа мамандық қызметкерлері үш жылда бір рет оқудан өтуге құқылы. Оқу аяқталғаннан кейін оқытуды жүргізген оқу орталығының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия кәсіпорын қызметкерлерінен сынақтар қабылдайды. Сынақтарды сәтті тапсырған кезде белгіленген үлгідегі өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру туралы, оқудан өту күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген мөрмен расталған куәлік беріледі. Техникалық-өрт сөндіру минимумын оқыту адамдардың мүддесі үшін жүргізіледі. Оқыту нәтижесінде алынған білім мен дағдылар күнделікті еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Техникалық-өрт сөндіру минимум шеңберінде білім алған адамдар өздерін және айналасындағыларды құтқара алады, тұтануды немесе басталған өртті жоя алады. Техникалық-өрт сөндіру минимумын оқыту - бұл тек кәсіпорын қызметкерлеріне ғана емес, олардың отбасыларына да қамқорлық көрсету. Өз туыстарымыз бен жақындарымызды жұмысқа шығарып салған кезде, біз олардың қауіпсіздігіне сенімді болуымыз керек.

Автор: - Нурлан Николаевич Мусин, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар филиалының өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері.

Возврат к списку

Біздің тапсырыс берушілер