Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Тақырыбы: «Хлоры бар контейнердің ашылуы».


Хлор - өндіріс көлемі мен қолдану саласы бойынша химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Хлорды кеңінен қолдану және өндірудің үлкен көлемі, оның қоршаған ортаға зиянды заттардың апатты мөлшерде шығарылуымен шартталған төтенше жағдайлар туындауының жоғары әлеуетті қауіптілігін анықтайды. Бұл жағдайлар хлордың физикалық-химиялық және токсикологиялық қасиеттерімен күрделене түседі, ол тұншықтыратын сипаттағы күшті әсер етуші улы зат болып табылады. Хлордың токсикологиялық және физика-химиялық қасиеттері оның зиянды заттардың апатты мөлшерде шығарылуындағы негізгі зақымдайтын факторлар болып табылады. Қалыпты жағдайда хлор-өткір тітіркендіргіш иісі бар жасыл-сары түсті газ. Сұйытылған күйде хлор тек артық қысыммен немесе минус 34 °C-тан төмен температурада болуы мүмкін. Сұйық хлор артық қысымға төтеп беретін ыдыстарда сақталады және тасымалданады. Ыдыстағы хлордың қаныққан буларының қысымы температураға байланысты және оның жоғарылауымен артады.


Хлордың авариялық ағуы кезінде бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және телемеханика жүйесі бойынша аварияның туындау фактісін анықтаған немесе ол туралы өндірістік персоналдан хабарлама алған кәсіпорын диспетчері кәсіпорын аумағындағы жағдайды бағалайды, химиялық дабылды жариялайды және қауіпті аймаққа түсетін объектілерді, олардағы хлор бұлтының қозғалысы туралы хабардар етеді. Содан кейін диспетчер авариялық-құтқару құрамаларын, объектілік ТЖ басшылары мен мүшелерін, инженерлік-техникалық қызметтерді, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (АҚ және ТЖ) істері жөніндегі аумақтық басқару органдарын, аумақтық ішкі істер органдарын, атқарушы билік органдарын, медициналық мекемелерді хабардар етеді.


Өз кезегінде авариялық-құтқару құралымдары апат орнына келгеннен кейін хлормен газдалған аймақта және үй-жайларда адамдардың болмауын тексереді, эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды, авариялық желдетудің автоматтандырылған жүйелерінің қосылуын, хлорды бейтараптандыруды және қорғаныс су шымылдық көмегімен хлор толқынын оқшаулаудың стационарлық жүйесін тексереді. Аварияны жою рәсімін орындау үшін Ақсу электр станциясының өрт сөндіру бөлімінің 2 бөлімі және хлорды тұндыру үшін 2 РВ-12 оқпанын беру жолымен екі АЦ-40 өрт сөндіру автомашинасы тартылады.


Өткізілген бірлескен оқу-жаттығулардың жалпы бағасы «Жақсы». Тапсырыс беруші тарапынан ескертулер жоқ.

КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының баспасөз қызметі.



Возврат к списку

Біздің тапсырыс берушілер