Мақалалар
Біз өзіміздің қызметімізде оқу-жаттығу деген сөзді жиі айтамыз, алайда оның Қарағанды филиалының жұмысында орасан зор роль атқаратынын ойлмаймыз да. Біздің құтқарушылар оқу-жаттығуда бәрі қиын болса да, нақты апат болғанда оның септігінің тиетінін жақсы біледі, яғни авариялық-құтқару қызметтерінің дер кезінде әрекет етуі мен дайын болуы филиалдың ең басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Статистика бойынша төтенше жағдайлардың пайда болу жағдайының үлкен пайызы адамның жұмысымен байланысты болатындығы белгілі және олар жиі жаупкершіліктің жоқтығы мен кәсіби дайындықтың төменгі деңгейінен, сонымен бірге апатты жағдайларда өздерінің қиымлдарын дұрыс жасамай және уақытында анықтай алмағандықтан да болып жатады. Мағыналы ой мен жиналған тәжірибеде төтенше жағдайлармен күресу бойынша ең едәуір тиімді іс-шаралар, яғни төтенше жағдайлардың пайда болу деңгейін максималды төмендету немесе оларды жоюға бағытталған шаралар ол – алдын алу іс-шаралары. Аварияаралық кезеңдегі құтқару қызметінің мақсаты – мүмкін болатын төтенше жағдайларға қызмет көрсететін кәсіпорындардың дайындық деңгейін жоғарлату. Жұмыста агрегаттар мен құрылғылардың кәсіпорында өрттің пайда болуына әкеп соқтырып, өндірістегі технологиялық үрдістердің кемшіліктерін анықтау және өрткеқарсы бұзушылықтарды анықтау негізгі мақсаттарға жатады. Төтенше жағдайларда іс-қимылдарға кәсіпорын жұмыскерлерін оқытуға, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларына ерекше назар аударылады.
Қызмет көрсететін кәсіпорындарда Қарағанды филиалының алдын алу жұмыстарын жүргізудің ең басты тәсілдерінің бірі - ол авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кәсіпорынның дайындығын анықтау болып табылады, оларды жабдықтау мен оқытуға, төтенше жағдайлардың пайда болуының қауіп-қатерін төмендету және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар қосымша өңделеді. Келісім –шарттарға сәйкес, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсететін объектінің персоналымен бірлесе отырып техникалық жабдықтар, өрт сөндіру құралдары, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызмет көрсететін кәсіпорындардағы оқу-жаттығулар және жаттығулар Қарағанды филиалының жедел дайындығын анықтау мақсатымен өткізіледі.
Жазғы айларда авариялық-құтқару техникасын қолдану, тау-кенқұтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдерін орындауда қатардағы және командалық құрамның құтқарушыларының шеберлігін жетілдірудің мақсатында, Қарағанды филиалының бөлімшелерінде жылсайын тау-кенқұтқару көпсайысы бойынша жарыстар өткізіледі. Көтемнің шығысымен ауа-райының қолайлы күндерінде жарыстардың кезеңдерін өткізуге оқу-жаттықтыру полигондарын дайындайды. Жарыстар жалпыкомандалық түрлер бойынша өтеді – олар «Тау-кенқұтқару жұмыстары», «Өрт сөндіру», «Тау-кенқұтқару эстафетасы» және жеке біріншілік – «Үздік құтқарушы», «Жедел автомобилдің үздік жүргізушісі». Төрелік ету комиссиясының нәтижелері бойынша үздік взводтардың бөлімдері, жасақтар анықталады. Тау-кенқұтқару көпсайысы бойынша жарыстар сияқты іс-шараларды өткізу оқыту материалын үздік бекіту екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді.
Байланыс жөніндегі жетекші маман С.Н. Щербаков