Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

04 шілде 1997 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің №157 бұйрығымен Жамбыл республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Құтқарушы» (бұдан әрі - «Спасатель» ЖРМК) құрылды. 1998 жылдың ақпан айында Қаратау ШӘТКҚЖ РМҚК мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлер бөлігі ЖРМК «Құтқарушы» жұмысқа қабылданды.

06.03.2000 жылы №361 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Құтқарушы» (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорны «Құтқарушы») құрылды.

25.04.2000 жылы  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Агенттігінің №99 бұйрыққа сәйкес ЖРМК «Спасатель» біріктіру арқылы РМҚК «Құтқарушы» болып қайта құрылды.

31.11.2007 жылы  №1154 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша «Құтқарушы» РМҚК біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі РМҚК «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» Орталық штабқа біріктірілді.  

Оңтүстік Қазақстан филиалы аумақтық-салалық бөлімше болып табылады -  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК филиалы болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан филиал директоры Рәсіл Сәкембай Рәсілұлы. Оңтүстік Қазақстан филиалының жеке құрамының саны 316 адамды құрайды.

Оңтүстік Қазақстан филиалының негізгі қызметінің түрі Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу болып табылады:

авариялық–құтқару жұмыстарын, өртті сөндіруге байланысты,

тау-кен және  газдан құтқару жұмыстарын орындау, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ апаттан алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Оңтүстік Қазақстан филиал бөлімшелері Қазақстан Республикасының Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында орналасқан. Кәсіпорындарда химиялық, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу және тау-кен өнеркәсіп салалары бойынша қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.2007 жылы № 1154 қаулысына сәйкес  Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Құтқарушы» «КӘАҚҚ ОШ» болып қайта құрылды.

Әр жылдары газдан құтқару қызметін Нұраханов Әзімхан Әтірханұлы, Байдишев Сәбит Нурилдаұлы және Күшікбаев Болат Зәкірұлы басқарды.

Оңтүстік Қазақстан филиалының негізгі қызметінің түрлері:

  • Төтенше жағдайлар кезінде газдан және тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттен құтқару, су алып кету, қирау (құлау) және тау-кен қазбаларының, жарылыстарын оқшаулау және жоюмен айналысады;
  • газ қауіпті және от қаупі бар жұмыстарда  бақылау жүргізу;
  • тау-кен құтқару және газдан құтқару бөлімшелерінің құтқарушыларын даярлау және қайта даярлау;
  • ерікті құтқару командаларын және инженерлік-техникалық

қызметкерлерін қағидаға сәйкес сондай-ақ авариялық іс-әрекет кезінде өртке қарсы және тау-кен құтқару, газдан құтқару жабдықтарымен, олардың әдістері мен тәсілдерін, адамдарды құтқару, қауіпсіз жұмыс жүргізу, өрттерді сөндіру және басқа да қызмет түрлерімен  оқыту;

  • жеке қорғану құралдарымен және газдан құтқару, тау-кен құтқару жабдықтарын тексеру,;
  • «Газталдамалық қызмет ережеге сәйкес...» газталдамалық сәйкес жұмыстар жүргізу;

Оңтүстік Қазақстан филиал бөлімшелері химиялық, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу және тау-кен өндіру салалары бойынша кәсіпорындарда және  Қазақстан Республикасының оңтүстік флангасы мұнай-газ өңдеумен тау-кен өңдіруде  қызмет көрсетеді, - «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, "Қазфосфат" ЖШС, "Петро Қазақстан Құмкөл Резорсиз" АҚ, «АК Алтыналмас» АҚ, «Шалқия Цинк ЛТД»  АҚ, «Мынырал Тас Компания» ЖШС, «Кристалл менеджмент» ЖШС және басқалар.

Филиал ардагерлері туралы ақпарат

  1. Лобачев Владимир Никифирович – 15.12.1946 жылы туылған;
  2. Минеев Александр Николаевич – 03.09.1947 жылы туылған;
  3. Женсікбаев Жарылқасын Оспанұлы – 06.09.1954 жылы туылған;
  4. 3 дәрежелі "Шахтер даңқы" кеуде белгісі.
  5. Каржаубаева Куляйша Абылкасымовна - 17.01.1953 жылы туылған;
  6. Рыскулбекова Рауфа Сагынбековна - 29.05.1956 жылы туылған;
  7. ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің құрмет грамотасы.
  8. Хаиров Ринат Гимидинович – 22.04.1962 жылы туылған;
  9. ҚР ТЖМ алғыс хаты.
  10. 3 дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгісі.
  11. Валиханов Алиаскар Рахматуллаевич – 21.09.1960 жылы туылған;
  12. Мартьянова Раиса Эйтановна – 21.07.1953 жылы туылған;
  13. Таласбаев Барпы Саткеевич – 01.07.1954 жылы туылған;
  14. Жарлыкапов Керимбек – 06.06.1954 жылы туылған;
  15. Байбабаева Бахыткуль Бидайбаевна - 15.05.1959 жылы туылған;

Біздің тапсырыс берушілер