Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

1968 жылы   Өзен  поселкесінде құрылып, Оңтүстік өнеркәсіптік ауданының ашық газ және мұнай атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақстандық әскери жасақ болып аталды.

Қайта құрылу хронологиясы:

1968-1999 ж.ж. – Қазақстандық әскери жасақ

1990-1998 ж.ж. – Маңғыстау әскери жасағы

1998-2008 ж.ж. – «Ақберен» РМКК Маңғыстау филиалы

2008-2015 ж.ж. – «Ақберен» Маңғыстау  әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасағы

06.08. 2015  жылдан  бастап  «Кәсіби  әскерилендірілген  авариялық-құтқару қызметі»  РМК  ШЖҚ  Маңғыстау филиалы.

Қазақстандық   әскери жасақтың командирлері болып 1968-1990 жылдары В.Ким, А.П.Мальцев, А.П.Поспелов, 1990-1993 жылдары Қ.Д.Бисқалиев,   1993-2000 жылдары    М.Д.Бисқалиев, 2000-2016 жылдары Ж.С.Қазиев жұмыс істеді, ал, 2016 жылдың 30 маусымынан бастап күні бүгінге дейін филиал директоры Б.Т.Сарман.

2000-2017 ж.ж. аралығында  Қаламқас кен орнында №3049, 5749, 1049, 44, 404, 2730, 4220, 4383, 3388 ұңғымалары,

Жетібай кен орнында №288, 1361 ұңғымалары,

Шығыс Жетібай кен орнында №207 ұңғымасы,

Солтүстік Ұлутас кен орнында №125, 122 ұңғымалары,

Солтүстік Бозашы кен орнында №608, 648, НБ 42 ұңғымалары,

Ақсай кен орнында №8452 ұңғымасы,

Арыстан кен орнында №17 ұңғымасы,

Өзен кен орнында №7799 ұңғымасы,

Қаратұран Теңіз кен орнында №34 ұңғымасы,

Табынай кен орнында №12 ұңғымасында атқыламалар ауыздықталды.

Маңғыстау   филиалында  өнегелі еңбек  жолдары  мен   кәсіби   біліктіліктері   ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құтқарушылар жұмыс істейді.

Оның ішінде Маннаповтар отбасы

Қ. Маннапов  - әкесі /1995-2005 ж.ж./, респираторшы, халықаралық  3 дәрежелі  құтқарушы. Қызмет  еткен уақытында Маңғыстау облысы бойынша  мұнайгаз саласы нысандарында орын алған 10 астам апаттық оқиғаларды жоюға қатысты.

М. Қ. Маннапов -  ұлы, 2005 жылы жұмысқа алынған, респираторшыдан взвод командиріне дейінгі еңбек жолынан өткен.

Авариялық-құтқару  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  филиалдың   Қ.Маннапов, Ө.Алибаев, Б.Кенжеғалиұлы, В.Ефимов, Ө.Бекмембетов, В.Яремко, А. Мақұлбеков, Б. Нұрдәулетов  және А.Жаншиев сынды қызметкерлері көзге түсе білді.


Біздің тапсырыс берушілер