«Ақ Берен» Маңғыстау филиалы
1968 жылы Өзен поселкесінде құрылып, Оңтүстік өнеркәсіптік ауданының ашық газ және мұнай атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақстандық әскери жасақ болып аталды.
Қайта құрылу хронологиясы:
1968-1999 ж.ж. – Қазақстандық әскери жасақ
1990-1998 ж.ж. – Маңғыстау әскери жасағы
1998-2008 ж.ж. – «Ақберен» РМКК Маңғыстау филиалы
2008-2015 ж.ж. – «Ақберен» Маңғыстау әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасағы
06.08. 2015 жылдан бастап «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК ШЖҚ Маңғыстау филиалы.
Қазақстандық әскери жасақтың командирлері болып 1968-1990 жылдары В.Ким, А.П.Мальцев, А.П.Поспелов, 1990-1993 жылдары Қ.Д.Бисқалиев, 1993-2000 жылдары М.Д.Бисқалиев, 2000-2016 жылдары Ж.С.Қазиев жұмыс істеді, ал, 2016 жылдың 30 маусымынан бастап күні бүгінге дейін филиал директоры Б.Т.Сарман.
2000-2017 ж.ж. аралығында Қаламқас кен орнында №3049, 5749, 1049, 44, 404, 2730, 4220, 4383, 3388 ұңғымалары,
Жетібай кен орнында №288, 1361 ұңғымалары,
Шығыс Жетібай кен орнында №207 ұңғымасы,
Солтүстік Ұлутас кен орнында №125, 122 ұңғымалары,
Солтүстік Бозашы кен орнында №608, 648, НБ 42 ұңғымалары,
Ақсай кен орнында №8452 ұңғымасы,
Арыстан кен орнында №17 ұңғымасы,
Өзен кен орнында №7799 ұңғымасы,
Қаратұран Теңіз кен орнында №34 ұңғымасы,
Табынай кен орнында №12 ұңғымасында атқыламалар ауыздықталды.
Маңғыстау филиалында өнегелі еңбек жолдары мен кәсіби біліктіліктері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құтқарушылар жұмыс істейді.
Оның ішінде Маннаповтар отбасы
Қ. Маннапов - әкесі /1995-2005 ж.ж./, респираторшы, халықаралық 3 дәрежелі құтқарушы. Қызмет еткен уақытында Маңғыстау облысы бойынша мұнайгаз саласы нысандарында орын алған 10 астам апаттық оқиғаларды жоюға қатысты.
М. Қ. Маннапов - ұлы, 2005 жылы жұмысқа алынған, респираторшыдан взвод командиріне дейінгі еңбек жолынан өткен.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде филиалдың Қ.Маннапов, Ө.Алибаев, Б.Кенжеғалиұлы, В.Ефимов, Ө.Бекмембетов, В.Яремко, А. Мақұлбеков, Б. Нұрдәулетов және А.Жаншиев сынды қызметкерлері көзге түсе білді.