Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Павлодар филиалы

Павлодар филиалының қалыптасу тарихының тамыры терең және қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағында орналасқан, 1934  жылы құрылған «Майкаинзолото» комбинатының құрылу сәтінен өз бастауын алады. 

Анықтама ретінде: 1911-1912 ж.ж. ағылшын  концессионері Лесли Уркварт Майқайың посёлкесінің негізін қалады. Бұл жерде күкіртқышқылды зауытша және кен орындарынан әкелінетін кен мен тау жыныстарын қолмен үгу бойынша полигон жұмыс істеп тұрған.  Ол 1822 жылдан бастап Баянауыл және Қарқаралы округының кен құю аудандарын бағындырған, кейін 1849 жылы майқайыңды қазбалардан алыс емес Шөптікөл поселкесінде мыс қорыту өндірісінің негізін қалаған  саудагер-өнеркәсіпші Поповтар отбасының меншігінде болған. 19 ғасырдың соңында поповтық зауыт жабылып, оны алдымен павлодарлық миллионер А. Деров, одан соң "Симменс" фирмасы және одан кейін Лесли Уркварт сатып алған. 1922 жылға дейін белсенділік тоқтап, 1930 ж. дейін Н.Киссин жүргізген геологиялық экспедиция жұмыстарынан соң Майқайың қайта жандана бастады. Комбинаттың ашылуына НКВД бастамашы болды, кейін 1932 жылы «Союззолото» трест құрамында кәсіпорын ашылды.

Осылайша, «Майқайың әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы 1934 ж. «Майкаинзолото» комбинатының базасында ұйымдастырылған тау-кен құтқару взводы болып құрылып, Жезқазған 1-ӘТКҚЖ бағынды.  Жұмысшы саны атқосшымен бірге 19 адам, взвод 3 бөлімшеден тұрды.

1943 ж. Жезқазған 1-ӘТКҚЖ тау-кен құтқару взводы 2 –Текелі ӘТКҚЖ ауысты. 1944 ж. бастап взводты басқару Шымкент қаласында орналасқан Орталық және Оңтүстік Қазақстан Штабына бағынатын 6 – Лениногорск ӘТКҚЖ-ға  көшті. 

1957 ж. Майқайың кеніші қазбаларды ашық өңдеуге көшкендіктен, тау-кен құтқару взводы таратылды.

 1972 ж. 26 – Жолымбет ӘТКҚЖ бағынатын ерікті көмекші тау-кен құтқару командасы қайта ұйымдастырылды. 1976 ж. Қазақ СРК Түрлі-түсті металлургия министрінің 19.01.1976 ж. №38 бұйрығымен Жеке әскерилендірілген тау-кен құтқару взводы құрылды.  ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары Кеңес Одағының құлдыраған жылдары «Майкаинзолото» комбинаты жабылып қалды. Сәйкесінше, Майқайың кеніші де тоқтатылып, тау-кен құтқару взводы қайта таратылды. 

2001 ж. «Майкаинзолото» комбинаты акционерлік қоғам (АҚ) ретінде қалпына келтіріліп, жұмысы жаңғыртылған соң, тау-кен құтқару қызметі акционерлік қоғамның құрамында ашылды. Қызметтің штаттық жұмысшыларының саны 16 адам болды. 

2002 жылдың мамыр айында Майқайың тау-кен құтқару қызметі «Майкаинзолото» акционерлік қоғамынан орталық штабы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан «КЕН» ӘАҚҚ РМҚК – мемлекеттік кәсіпорнына ауыстырылды және штаттық саны 20 адамнан құралатын Жеке әскерилендірілген тау-кен құтқару  взводына айналды.

2007 жылдың қаңтар айынан Майқайың ЖӘТКҚВ әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы болды.

2008 жылдың сәуір айынан «КЕН» ӘАҚҚ РМҚК қайта құрылып, оның кәсіпорындары «КЕН» ӘАҚҚ  мен «Көмір» ӘАҚҚ негізінде жаңадан құрылған, орталығы Астана қаласында орналасқан «КӘАҚҚ Орталық штабы» РМҚК кәсіпорнының құрамына қосылған, ал штаттық саны 133 адамнан құралған Майқайың ӘТҚЖ оның филиалы болып қалыптасты.

Сонымен бірге, 1948 жылы Павлодар облысының Екібастұз көмір кен орындары разрездерінің құрылысы басталды. 1954 жылдан бастап 1959 жылға дейін «Северный» көмір разрезі пайдаланылуға берілді. 1960 жылы «Северный»   разрезінің аумағында 1-ші ЖӘТҚК құрылып, ол 30-шы ӘТҚЖ құрамына кірді. 1964 жылы әлемдегі және еліміздегі ең үлкен «Богатырь» көмір разрезі салына бастады.  1966 жылы елдің халық шаруашылығы   экономикасының қайта құрылуына және Совнархоздың таралуына байланысты, 1-ші ЖӘТҚЖ бірінші нөмірлі бекет ретінде 1-ші ӘТҚЖ-ға ауысты (1-ші ӘТҚБ).  1974 жылы 1-ші ӘТҚБ атауы 1-ші ЖӘТҚВ (Екібастұз) ауысты.  Осы жылы тау-кен құтқару станциясы мен тұрғын үй комплексі салына бастады. 1975 жылы взвод құрамына 6 жедел бөлімше кірді. Взвод «Северный» және «Богатырь» көмір разрезіне қызмет көрсетті.  Жылына 45 млн.тонна көмір өндірілді.

1979 жылы «Восточный» разрезінің құрылысы басталды. Ол жерде взводтың жедел бөлімшелерінің жауынгерлері тұрақты кезекшіліктер жүргізе бастайды. 1987 жылы тұрғын үй комплексімен бірген тау-кен құтқару  станциясы іске қосылды. 1995 жылы жасақтарды республикалық нөмірлеуге байланысты 1-ші ЖӘТҚВ  атауы 6 ӘТҚЖ   атауына өзгертілді.  Жасақ құрамына 10 бөлімше кірді.

 2000 жылы ҚР КӨ ӘТҚБ таратылды. ӘТҚБ негізінде ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК құрылып, жасақ Р ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК 3-ші ӘАҚЖ болып өзгертілді. Бұдан әрі жасақтардың қысқартылуымен 09.01.2008 ж. «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК қызметін орындау мақсатында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Көмір» ӘАҚҚ филиалы құрылды. 

«Майқайың ӘТҚЖ» филиалының қызметін  және жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған қайта құрылу шараларына байланысты  01.01.2012 ж.  «Көмір» ӘАҚҚ филиалының 3 ӘАҚҚЖ-ы  «Майқайың ӘТҚЖ» филиалына тапсырылды.  «МӘТҚЖ» ұйымдық құрылымына: филиал штабы, 20 жедел бөлімшесі бар 2 әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы: Екібастұз қ. ЕЖӘАҚВ – 10 бөлімшесі, Майқайың п. МЖӘАҚВ – 10 бөлімшесі, көмекші және штаб құрылымына кіретін қызметтер кірді. Жеке құрамның жалпы саны 235 адамнан тұрды. ҚР ТЖМ қайта құрылуына байланысты 16.06.2015 ж. «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құрамына ауыстырылды.  Үкіметтің 2015 жылғы 16 шілдедегі №536 Жарғысы бойынша «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК болып ауыстырылды.

01.10.2015 ж. «Майқайың ӘТҚЖ» филиалы ҚР ИДМ ИД және ӨҚК «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Павлодар филиалы атауына өзгертілді. Штаттық сан қайта қаралды (209 ад.), Екібастұз ӘАҚВ (92 ад.), Майқайың ӘАҚВ (36 адам) және Бозшакөл ӘАҚВ (44 ад.).

Филиалдың жедел бөлімшелерінің жауынгерлері қызмет көрсету кәсіпорындарында болған авария салдарларын жоюға бірнеше мәрте қатысқан.

Павлодар филиалында еңбек тәжірибесі мен кәсібилігі ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан құтқарушылар бар, олар: Урусбаевтар, Мубараковтар, Укеновтер, Решетняковтар, Дубровскийлер, Исиндер, Муштаевтар, Абуовтар, Оспановтар және тағы басқалардың отбасылары. 


Біздің тапсырыс берушілер