Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Қарағанды филиалы

Қарағанды көмір бассейнінің тарихы, «Спасск мыс қорыту зауыты мен Қарағанды көмір кендерін мемлекет меншігіне айналдыру туралы» СНК РСФСР декретіне Кеңес Халық Комиссарының Бірінші төрағасы В.И.Ленин 1918 жылдың 11 мамырында қол қойған күннен басталды, содан соң екі жыл өткен соң геологтардың тобын басқарған А.А.Гапеев Мәскеудің Орталық аппараттына Қарағанды және Саран кен орындарын барлаудың аяқталғандығы туралы баяндама жасалды. Одан соң, 1930 жылы ЦК ВКП (б) он алтыншы съездінде, еліміздің шығысында көмір-металлургиялық орталығын құру туралы шешім, ал бір жылдан соң «Көмір және коксты ресурстарды ұлғайту туралы» қаулы шығарылды.

Өндіріске ешнәрсе қоспастан, көп нәрсеге қол жеткізу көпшілікті қызықтырды. Тау-кен ісіне деген мұндай қате көзқарасты ең алғашқы болып, көмір өнеркәсібі ертерек дамыған елдер Ресейден бұрын мұны жақсы сезінді, алайда қауіпсіздік шараларын қолдану керектігін олар аса ойлған да емес. «Джеймс» (Ұлыбритания) шахтасында қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, 1866 жылы 361 адам қаза тапты. «Курьер» (Франция) шахтасында көмір шаңының жарылысынан 1906 жылы 1 230 шахтер қаза болды.

Шахталарда болып жатқан апаттар, қоғам белсенділерінің тарапынан шахтерлердің өміріне арашашы болу деген көзқарасты тудырды.  Мұндай жағдайлар туралы тау-кен инженері Г.Т.Соболев өз еңбегінде тереңірек жазған: «Сол уақыттан бері бірқатар елдерде (Францияда, Ұлыбританияда, Германияда) шахталарда болатын жарылыстар мен өрт кезінде пайда болатын улы және тұншықтыратын газдардан адамдардың тыныс алу органдарын қорғауға септігін тигізетін аппараттарды ойлап табу бойынша жұмыстар басталды».

Ресейдің шахталарында болып жатқан жантүршігерлік апаттар қоғам белсенділерін бей-жай қалдырған жоқ. Шахтадағы адамдарды құтқару үшін, ойда жоқта сол шахтерлердің өзінен құралған құтқару артельдері пайда болды, «артель» деген атаудың өзі айтып тұрғандай, адамдар ешқандай аппаратурамен жабдықталған емес және олар өздерінің жігерлері мен қайсарлықтарына, батылдық көрсете отырып, өз күштеріне ғана сенді.

Зерттеуші Г.Г.Соболев атап өткендей, тау-кен құтқару қызметіне ол өзінің бүкіл өмірін арнаған, өткен ғасырдың басында орыс техникалық әдебиетінде тау-кен құтқару қызметін құру идеясын насихаттау, апаттардың алдын алу бойынша шаралар және жанғыш газдардың жарылыстарын талдауға арналған тау-кен инженері, профессор А.А.Скочинскийдің небәрі сегіз ғана мақаласы жарияланған.

Жерасты өрттері бойынша тау-кен инженері И.О. Крижановскийдің екі мақаласы жарияланды: 1896 жылы «Жерасты өрттері туралы», және 1903 жылы «Кеніштік өртке қарсы қорғаныстың рационалды жүйесін сипаттаумен бірге кеніштік өрттердің қысқаша очеркі».

1930 жылдың шілде айының жиырмасы шамасында Қарағанды көмір бассейнінің жерінде алғашқы төрт, бір жылдан соң 13 еңіс шахтасының жұмысы басталды, олар жылына 280 мың тонна көмір берді

КСРО Мемлекеттік жоспарының Төрағасы В.В. Куйбышев, бұл жылдар туралы былай деп жазған, яғни Қарағанды сонымен бірге оған жанасып жатқан Солтүстік-Шығыс Қазақстанның аудандарымен бірге бүкілодақтық үлкен рөл атқарады, ол КСРО барлық халық шаруашылығының, атап айтқанда Оңтүстік Орал, Орта Азия мен Орташа Волганың зор прогрессивті факторы болады.

Пайдаланып жатқан және салынып жатқан шахталар тау-кен жұмыстарын қалайда қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету туралы ойлануды қажет етті. Сол кезеңде болған яғни 52 барлық құтқару станциялары ауыр өнеркәсіп наркоматының арнайы басқару қарамағына кірді. Тау-кен құтқару қызметін құрудың қажеттілігі туындады. 

Мұндай қызметті ұйымдастыру үшін, 1932 жылдың көктемінде Қазақстанға, яғни Қарағанды қаласына Донецк облысының Макеев құтқару станциясының бастығы, атақты кенші, тау-кен құтқару ісін жақсы білетін М.А.Сошников келеді, ол қызметті құруға үлкен назар аударады.

Алғашқы респираторлық команданы жинақтауға ағайынды Степан және Федор Мельниковтар, А.И.Чернявский, Г.М.Бескровный кіріседі (28.08.1932 жыл. Трест бұйрығы).

Алғашқыда құтқару станциясы 2-ші оқу комбинатының оқыту бөлмелерінде орналасқан болатын, соның ішінде бірнеше пәтер жұмыскерлерге берілді, содан соң станцияға 380 м2 алаңымен Комсомольская көшесіндегі №18, 6 пәтерлі жартылай салынған (ескі қала) үй тапсырылды. Шахталармен байланыс жасау үшін станция телефонмен жабдықталды, түнгі уақыттарда телефоншы кезекшілікте отырды.

1932 жылдың 1 қарашасында №228 «Қарағанды көмір» трестінің бұйрығымен Қарағанды бассейнінің алғашқы тау-кен құтқару қызметі құрылды және сол жылдың 1 қарашасында тау-кен құтқарушылар көмір өнеркәсібінің объектілері мен шахтерлердің еңбегін қорғау бойынша  тәуліктік кезекшілікке кірісті.

М.А. Сошниковтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде 1934 жылы Қарағанды бассейнінің тау-кен құтқару станциялары шахталар мен кеніштерге қызмет көрсететін үш тау-кен құтқару бекеттері мен құрамында екі взводтан тұратын тау-кенқұтқару жасағына біріктірілді.

Алғашқы басшылар

1. М.А.Сошников 1932-1935ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметіне басшылық етті. Қарағанды бассейнінің тау-кен құтқару қызметін ұйымдастыру үшін, «Қарағанды» трестінің  алғашқы құрылған кенқұтқару станциясы бастығы лауазымына Донбастан  Максим  Алексеевич Сошников жіберілді. Бұл кезең тау-кен құтқару қызметінің құрылғанымен сипатталады. Алғашқы рет жеке құрамның тәуіліктік кезекшілік етуі енгізілді, оттегті-тыныс алу аппаратурасын орталықтандырылып жөндеу ұйымдастырылды, респираторлық құрамды оқыту және жаттықтыру дұрыс жолға қойылды, жеке құрамның міндетіне алдын алу жұмысы енгізілді және шахталар бойынша аварияларды жою жоспарлары қарастырылды.

         1934 жылы тау-кен құтқару қызметтерін әскерилендіру енгізілді, олар ауыр өнеркәсіптің Халық Комиссариатының ӘТҚБ және Әуе қорғанысы басқармасының қарамғына кірді.

2. 1936-1949ж.ж. Я.И.Ремхе тау-кен құтқару қызметін басқарды. Жедел звеноны күшейту үшін, Әуе қорғаныс басқармасының басшысының бұйрығымен, тау-кен құтқару қызметінің бастығына Яков Иванович Ремхе тағайындалды, ол ӘТҚБ командалық құрамының мектебін бітірді. Бұл кезеңде жеке құрамның санын ұлғайту, техникалық жабдықталу және жеке құрамды баспанамен қамтамасыз ету бойынша маңызды мәселе шешілді, және мұның нәтижесінде Қарағанды ӘТҚБ құрылды. 1936 жылы ӘТҚБ бөлімшелерінде формалық киім кию енгізілді. 1939-1940 жылдары Қарағанды ӘТҚБ техникалық базасының (жедел көлікпен, РКР-2 респираторларымен, гидрокостюмдермен, сүңгуірлік аппараттармен және басқалар) белсенді жабдықтаумен сипатталады. Қызмет көрсететін кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен бөлімшелердегі тәртіп жағдайына аса маңызды назар аударылды.

1948 жылдың 5 ақпанында 5 взводтың базасында Қарағанды ӘТҚБ штаб құрылған болатын. Осылайша ӘТҚБ штабының құрылуымен Қарағанды бассейнінің ірге тасының құрылу кезеңі аяқталды.

3. С.Ш.Сейфуллин 1957-1965 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. 1956 жылы ӘТҚБ бастығы лауазымына Донбастан келген тау-кен инженері Сагит Шагимарданович Сейфуллин тағайындалды. Жігерлі, тау-кен ісін, тау-кен құтқарушылардың жұмысын жақсы білетін адам.                               С.Ш. Сейфуллиннің басшылық етуімен Қарағанды Совнархозының кәсіпорындарын қорғау бойынша ӘТҚБ басқармасы құрылды.

4. П.Н.Щадрин 1966-1973 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. 1964 жылдың маусым айында  ӘТҚБ бастығы болып Петр Николаевич Шадрин тағайындалды. Ол да Донбасстан келді. Сол жылдың қазан айында ӘТҚБ штабының қарамығында ғылыми-зерттеу бөлімі құрылды, Қарағанды бассейні шахталарының жағдайында тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізудің қауіпсіз әдістерін өңдеу оның басты мақсаты болды. Осы жылы бөлім экспериментальді сынақтар өткізді, оның нәтижелері тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізген кезде шахталарда жарылыстарды жайылдырмау бойынша іздеулердің негізі болып табылды.

Жасақтардағы техникалық ақпаратты жақсарту үшін, техникалық ақпарат бюросы, ал шахталарда анықтамалық – ақпараттық қор  құрылды, онда тау-кен құтқару жабдықтарының картотекасы және оны дайындау технологиясы, авариялармен күрес және тау-кен құтқару ісі бойынша әдебиет картотекасы болды.

5. Н.А.Пономарев 1973-1988 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. Иван Антонович Пономарёв ӘТҚБ қызметке 37 жылын арнады. Респираторшыдан Қарағанды бассейнінің ӘТҚБ бастығына дейінгі тау-кен құтқарушы еңбек жолынан өтті (1951-1988ж.ж.). Техника ғылымдарының кандидаты. Жоғары ұйымдастырушылық қасиетке ие.

          Ерен еңбегі үшін 2 медальмен, Құрмет белгісі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірінші және екінші дәрежелі Шахтер даңқы белгілерімен марапатталды. И.А.Пономарев тау-кен құтқару қызметінің дамуына едәуір үлесін қосты, ӘТҚБ нормативтік құжаттарын өңдеуші, қауіпсіз ара қашықтықтарда өрттерді оқшаулау әдістерін жүзеге асыру, жарылыс тұрақты құрылыстарды ӘТҚБ тәжірибесіне енгізу және өңдеудің авторы болып табылады.

         6. А.П. Жолус 1988-1993 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. Анатолий Павлович Жолус 1946 жылы туған, өмірінің 35 жылын ӘТҚБ арнады. Қызметін әскер қызметінен босаған соң бастады, респираторшы, взвод командирі, 44 ӘТҚЖ командирі, бас инженер,  Қарағанды бассейнінің ӘТҚБ бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Жігерлі, қайратты басшы, сауатты инженер. «Карагандауголь» бірлестігінің шахталарында 200 ден аса аварияларды жою және адамдарды құтқаруға, өмірге қауіп-қатер тудырған жағдайларда тікелей қатысты және басшылық етті.

          Кеншілердің өмірін сақтап қалған ерлігі үшін «Халықтар достығы» орденімен, «Құрметті құтқарушы» белгісімен және «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталды.

         7. А.Ф.Кремер 1993-1994 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. Қызметін взвод командирі лауазымынан бастады. Қарағанды бассейнінде болған ірі аварияларды жоюға қатысты. 20 жылдан аса еңбек етті.

         8. А.Н.Казбанов 1994-2000 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. Александр Николаевич Казбанов нағыз тау-кенқұтқарушы. И.А. Пономаревтың басшылық етуімен тау-кен құтқару ісі мектебінің негізін өтті. Взвод командирінен (1967-2000 ж.ж.) Қарағанды бассейнінің ӘТҚБ бірінші басшысы дейін еңбек етті. Бірнеше рет тау-кен құтқару ісі бойынша (Иран, Индия) шет елдерге кеңесші болып жіберілді. Жоғары дәрежелі маман.       Қарағанды бассейнінің шахталарындағы күрделі аварияларды жою салдары мен шахтерлерді құтқаруға қатысты. «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталды. Ленинакан, Спитак қалаларындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі адамдарды құтқару бойынша жеке ерлігі мен  кәсіби басшылық еткені үшін «Ерлік» орденімен марапатталды.

         9. Н.Қ.Қаппасов 2000-2012 ж.ж. кезеңде тау-кен құтқару қызметін басқарды. Кеңес үкіметінің күйреуімен байланысты «әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің» құрылуының күрделі кезеңінде басшылық етті. Нақып Қаппасов ӘТҚБ дәстүрі мен тәжірибесін, үздік кадрларды сақтап қала алды.

«Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушы мәртебесі туралы» ҚР Заңымен сәйкес, бірыңғай тау-кен құтқару ұйымы қалыптастырылды, сонымен бірге мемлекеттік салалық авариялық-құтқару қызметінің құрылымындағы жетіспейтін звено қалпына келтірілді.

Филиалдың қайта құрылуымен болған  тарихи хронология 

ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ

ОРТАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

1932 жылы алғашқы тау-кенқұтқару станциясы «Қарағанды» трестінің оқыту бөлмелерінде орналасқан болатын. Содан соң, оған жақын тұрған саманды ғимарат Комсомольская көшесі 18 (ескі қала) және 6 пәтерлі жартылай салныған үй берілді. 14 дана көлемінде «Дрегер» фирмасының респираторлары алынды, «Богатырь» қол өрт сорабы және көлік: 2-пәуезке мен 4 ат алынды. Станцияның алғашқы бастығы болып, Максим Алексеевич Сошников тағайындалды. 1932 жылдың 1 қарашасында тау-кен құтқарушылар көмір өнеркәсібінің объектілері мен шахтерлердің еңбегін қорғау бойынша  тәуліктік кезекшілікке кірісті.

1934 жылы станцияның жеке құрамы әскерилендірілді және 17 ЖӘТҚЖ болып аталды. Алғашқы взвод командирі болып В.В.Табатчиков тағайындалды. 1936 жылы жасақ командирі болып  Ремхе Яков Иванович  тағайындалды.  1939 жылы жасақ 14 ӘТҚБ болып қайта құрылды және Михайловка кентінің Студенческий көшесі 5 қилысының  барағына көшірілді. Взвод командирі болып Ф.С Володин, ал көмекшісі болып А.Я.Плотников тағайындалды.  Бөлімдердің алғашқы командирлері болып Г.М.Бескаравайный және А.И.Михайличенко тағайындалды. 1941 жылы тәртіпті ұстап тұру үшін 7 тәулікке дейін қамау қолданылды. 1948 жылы жасақтың жеке құрамы Донбас шахталарындағы қалпына келтіру жұмыстарына қатысады. Сол жылы ӘТҚБ Штабының құрылуымен байланысты, жасақ 16 ЖӘТҚВ болып қайта аталды. 1948 жылдың қыркүйегінде  Станционная 10 көшесі (Жаңа қала) бойынша қызметтік кешен салынды. 1956 жылы жасақ ӘТҚЖ болып аталды, командир болып В.А.Куликов тағайындалды. 1962 жылы қайта құрылған соң, жасақ 1-ші ӘАҚЖ (Қарағанды) болып аталды. 1964 жылы жасақ командирі болып  А.Н. Чуркин тағайындалды.

1966 жылы жасақ 42 ӘТҚЖ болып қайта аталды. 1969 жылы жасақ командирі болып  В.П.Борзов тағайындалды.

1971 жылы жасақ командирі лауазымына В.Н.Подпальный тағайындалады. 1972 жылдың 25 тамызында 42 ӘТҚЖ Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталады. 1973 жылы жасақ командирі болып А.Д.Телентюк тағайындалады. 1978 жылы Крамской, 44 көшесі бойынша орталық тау-кенқұтқару станциясы пайдалануға енгізілді, онда ӘТҚБ штабы және 42 ӘТҚЖ орналасты. Жасақтың құрамына 16 бөлім кірді, оларға В.И. Хмелюк, Е.П. Белоусов, М.М.Сабитов, Т.К.Осипенко және тағы басқалары басшылық етті.  Жасақ БФ-37, БФ-38, БФ-47 және «50-лет Октябрьской Революции», «Күзембаев» атындағы, «Горбачев» атындағы, «Кировская», «Западная» шахталарға қызмет көрсетті. Шахталардың тәуліктік көмір қазуы 29 мың тонна көмірді құрады, ал қазбалардың ұзақтылығы 479 км. құрады. 1980 жылы жасақ командирінің лауазымына А.Н.Казбанов, ал 1981 жылы А.Ф. Кремер тағайындалады. 1991 жылы кәсіподақ ұйымының жұмыс істеуіне рұқсат етілді, оны Р.К.Алланазаров басқарды. 1993 жылы жасақ командирінің лауазымына М.Ф.Хасенханов, ал 1999 жылы С.В.Шинкарев тағайындалды. 1995 жылы жасақ 1 ЖӘТҚЖ болып қайта аталды.  2000 жылы ҚР КӨ ӘТҚБ таратылды. ӘТҚБ базасында ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК құрылды. ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК Нақып Қаппасович Қаппасов басшылық етті. «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК бас инженері болып Владимир Николаевич Шульга, ал 2005 жылдан Геннадий Юрьевич Силинский тағайындалды. Жасақ ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК 1 ӘАҚЖ болып қайта аталды. Жасақ командирі болып  В.И. Петрищев, ал жедел және алдын алу жөніндегі көмекшісі болып - А.А. Шапошников және Ю.В.Кульченков тағайындалды. Кәсіподақ ұйымын  А.Д.Саленко, ал 2008 жылдан бері И.В.Ян басқарып келеді. 2000 жылдан бері ӨҚ бұзушылықтары үшін бақылауды күшейту және шахталардың қорғанысын жақсарту жөніндегі жұмыс белсендіріле түсті. Жақсы спорттық формадағы құтқарушыларды ұстап тұру үшін, спортқа ерекше назар аударылады. Реттеуші құжаттар қайта қаралып және жаңасы іс-әрекетке енгізілді. Жасақ келесі шахталарға, кеніштерге және байыту фабрикаларына (БФ) қызмет көрсетеді: «Костенко» ат.ш., «Саран» ш., «Күзембаев» ат.ш., «Кировская» ш., «Байжанов» ат.ш., «Батыр» ЖШС ш., «Рапид» ЖШС ш., «Западная» ЖШС ш., «Рапид» ЖШС тілігі, «Батыр» ЖШС тілігі, БФ-38, «Карагандинская» ОБФ. Жасақтың құрамына 4 нөмірлі взвод (ӘАҚВ) және қуатты техникамен басқару взводы (ҚТБВ) енді. 2002 жылы жасақта (ЖӘАҚВ) жекеленген әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы құрылады, «Шұбаркөл Көмір» АҚ вахтылық кентінде орналасқан және қызмет көрсетеді: «Шұбаркөл Көмір» АҚ тілігі, «Международные угольные технологии» АҚЗ тілігі, «Сары-Арқа «Спецкокс» ЖШС, «ТЭМК» ЖШС, «Богач» карьері. ЖӘАҚВ командирі болып Ш.А.Маймаев тағайындалады.

3 ӘАҚВ жеке құрамы өнеркәсіптік альпинизм және сүңгуірлік іс бойынша дайындықтан өтті. Жасақтың жеке құрамы құтқарушылардың- «Қазқұтқару» Халықаралық жарыстарының тұрақты қатысушысы болып табылады. Көп жылдар бойы қиын да, әрі игілікті іске  өздерінің ерен еңбектерін арнағандар: респираторшылар – Р.З.Хайруллин, Г.Н.Каджиев, С.А.Цыганков, М.Ф. Гаргат, П.П.Чеботарьков; бөлім командирлері – О.В.Савин, В.Э.Мозер, И.В.Ян, И.Е.Якутин, С.П.Базылевский, С.П.Маханьков, Р.М.Дохтаев; взвод командирлері – Ю.А. Гноевой, В.Н. Ломанцов. 2006 жылы жедел жұмыс жөніндегі жасақ командирінің орынбасары болып М.А.Абдрахманов тағайындалады.

Жасақтың құрамында орталықтандырылған медициналық қызметі, реанимациялық және шокқа қарсы топ жұмыс жасайды. «Көмір» ӘАҚҚ жеке құрамын дайындау үшін жасақта оқыту взводы жұмыс істейді, онда сынақ ісін өту, біліктілікті жоғарлату мен бірге қатардағы және командалық құрамы қайта дайындықтан өтеді. 2008 жылы ҚР ТЖМ «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК басшылық етуімен, құтқару қызметтерінің орталықтандырылуы жүргізілді, «Көмір» ӘАҚҚ да оның құрамына кірді. 

ГИГ-1500 инертті газдар генераторын, гипстік далдаларды жасақтың жеке құрамының білікті қолдана білуі, авариялық учаскелерді оқшаулау кезінде өрттердің дамуы мен жанғыш газдардың мүмкін жарылыстарын жою және болдырмауға септігін тигізеді.

ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ

АБАЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

Бассейнде көмірді қазудың қарқынды дамуымен байланысты, тау-кен құтқару бөлімшелерінің саны да ұлғаяды. В конце 1950 жылдың соңында 6-шы ЖӘТҚВ жеке құрамының жинақталуы басталды (Шербай-Нұра), сол үшін Шербай-Нұра кентінде (оқу шахтасын қоса алғанда) типтік қызметтік кешен салынды. 1952 жылы Взвод жинақталды және құрылыс аяқталды. Құрылыс кезеңінде взводты техникалық бөлім бойынша взвод командирінің көмекшісі С.Н.Лебедев басқарды. 1953 жылдан бастап взвод командирі болып  Н.П.Чинюкин тағайындалады. 1957 жылы взвод 4 ӘТҚЖ құрамына кіреді. 4 ӘТҚЖ командирі болып Г.И.Дмитриенко, ал көмекшісі болып Е.А.Карташев тағайындалады. Жасақта жеке құрамды оқыту жөнге келтіріледі, шахтада зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету және тау-кен құтқару ісінің теориясы, жабдықтарды тәжірибелік зерделеу бойынша дәрістер өткізіледі. 1962 жылы  Шербай-Нұра взводы 1 ӘТҚВ (Абай) болып аталды. Взвод командирі болып Африкан Федорович Шулятьев тағайындалады. Сол жылы 16 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Взводтың жеке құрамының қызмет атқаруының әлеуметтік жағдайы жақсарды. ӘТҚБ жеке құрамы тау-кен институттары мен техникумдарды бітірген жас мамандармен толықтырылды. 1964 жылы 4 ӘТҚБ командирі болып  А.Ф.Шулятьев, ал Абай взводының командирі болып Тимофей Николаевич Денисенко, оның көмекшісі болып И.С.Тимошкин бекітілді. Шахталардың өртке қарсы қорғанысын жақсарту, шаңгаз режімін бақылауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 1974 жылы взводтың базасында (Абай) 19 ӘТҚЖ жасағы ұйымдастырылады. Жасақ командирі болып Федор Ефремович Гончаренко тағайындалады. Жасақтың құрамына 8 жедел бөлім кірді.  Бөлім командирлері болып С.В.Чикишев, Г.А.Абдуллин, П.И.Сломинский, А.С.Исламов және басқалар бекітілді. Жасақ 5 пайдалану шахтасына қызмет көрсетті: «Шерубай-Нұра», «Абай», «Топар», «Долинская», «Калинин» ат.ш. Бес шахты бойынша тәуліктік көмір қазу 21 мың тонна көмірді құрады, ал қазбалардың ұзақтылығы 364 км. 1975 жылы жасақтың командирі болып Ю.И.Петров, ал алдын алу қызметі бойынша көмекшісі болып – Анатолий Петрович Ивашов тағайындалады. Жасақ кәсіби взвод командирлерімен күшейтіле түседі – А.А.Чернобук, И.А.Лаухин, А.В.Калиниченко. 1975-1992 жылдар ағымында техникалық қайта жарақтандыру өткізілді және көптеген авариялар жетістікпен жойылды. 1998 жылы ұстау шығындарының қысқартылуына байланысты, жасақтың санын қысқарту туралы мәселесі туындады. 1999 жылдың шілде айында жасақ таратылды. Көптеген мамандар қалған жасақтарға ауысты.

ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ

САРАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

Саран аймағындағы тау-кен құтқару қызметі қиын жағдайларда құрылды. Елімізге көмір қажет болды, ұсақ тау-кен құтқару бөлімшелерінің базасында ірі мамандандырылған тау-кен құтқару жасақтары құрыла бастады. 1948 жылдың қыркүйек – қазан айларында Саран қаласында Шахтерлер көшесі бойынша тұрғын ғимараттары мен қызметтік кешендер қолданысқа берілді. 1950 жылы 4 ЖӘТҚВ кешенінің құрылысы толығымен аяқталды. Алғашқы взвод  командирлері И.В.Коренец, Н.И.Панкратов, П.С.Злобин, Г.И.Дмитриенко болды. 1957 жылы, тау-кен жұмыстарының тереңдеуі мен көмір қазудың белсендірілуімен байланысты, атап айтқанда көмір қабатының өздігінен жануы бойынша авариялар едәуір өсті және аварияларды жоюдың жағдайы да нашарлады. 1957 жылы, 4 ӘТҚЖ командирі болып Г.И. Дмитриенко, оның көмекшісі болып - Е.А.Карташев, жедел взвод командирі болып – Г.П.Номоконов тағайындалды. 1959 жылы аварияның деңгейі төмендеді, алайда эндогенді өрттердің саны жоғары болды. 1964 жылы жасақтың командирі болып Африкан Федорович Шулятьев тағайындалды. Ақтас кентінде 4-ші Ақтас взводына жер бетіндегі оқу шахтысымен техникалық тау-кен құтқару кешенінің құрылысы аяқталды, бұл взвод №/№ 120, 121, 122 шахталарына қызмет көрсету үшін құрылған болатын. Оның командирі болып  В.И.Валов тағайындалды. 1966 жылдың көктемінде КСРО КӨМ №69 бұйрығымен 4 ӘТҚЖ 43 ӘТҚЖ деп аталады. Командалық құрамның ауысуы жүргізіледі. Жасақ командирінің көмекшісі болып И.И.Сахаров, алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары болып В.Я.Шинкарев тағайындалды, газталдау зертханасын Л.В.Номоконова басқарды. 1972 жылы 43 ӘТҚЖ командирі болып В.Ф.Лебедянцев тағайындалды. Жасақ 3 байыту фабрикасына қызмет көрсетті – «Байтам», «Саран», «Сабурхан» және 5 қолданыстағы шахтылар «Дубовская», «Волынская», «Саран», «Соқыр», «Ақтас». Жасақта: А.Толпыгин, С.Гаруца, А.Гайворонский, В.Сон және тағы басқа білікті тау-кен құтқарушылар жұмыс істейді.

1986 жылы  43 ӘТҚЖ командирі болып В.И.Петрищев, ал орынбасары болып Н.Адамбаев тағайындалды. Арменияда болған жер сілкінісін жою мен аварияны жою кезінде өздерінің кәсіби шеберліктерін тау-кенқұтқарушылар бірнеше рет көрсетті.

2000 жылы жасақ таратылды, ал көптеген мамандар мен тау-кен құтқарушылар Қазақстан Республикасы ТЖМ «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК құтқару қызметіне ауысты.

ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ

МАЙҚҰДЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

Майқұдұқ аймағындағы тау-кен құтқару қызметі 1953 жылдың мамыр айында құрылды. ӘТҚБ бассейнінің құрамында 8 ЖӘТҚВ жинақтау басталды. Взводты құруды жеделдету үшін командир болып Иван Антонович Пономарев тағайындалды. ӘТҚБ одан әрі нығайту және ӘТҚБ бөлімшелерінің арасында жедел дайындықты жоғарлату мақсатымен, социалистік жарыстар ұйымдастырылған болатын. 1954 жылы шахталық механизмдермен жеке құрамды оқыту ұйымдастырылады және өткізіледі. ӘТҚБ командалық құрамының арасында бірінші рет 5 күнге дейінгі көпкүндік семинарлар формасында командирлік оқу ұйымдастырылады, соңында ол жыл сайын өтетін болды. 1962 жылы тау-кен құтқару кешенінің құрылысы басталды, взводты ірілендіру жүргізілді және оның атын 5 ӘТҚЖ (Октябрьский) деп атайды, ал жасақ командирі болып И.А. Пономарев, оның көмекшісі болып С.И.  Шалаев тағайындалды. 1964 жылы тау-кен құтқару кешенінің, оқу шахтасының және Жаңа-Майқұдықтың Белинский көшесіндегі 48 пәтерлі үйдің  құрылысы аяқталды. 1966 жылы халық шаруашылығы экономикасының қайта құрылуы мен Совнархоздардың жойылуымен байланысты, 5 ӘТҚЖ-ғы 44 ӘТҚЖ болып аталады. Жасақтың командирі И.А.Пономарев, ӘТҚБ бас инженері лауазымына тағайындалады, ал 44 ӘТҚЖ командирі болып Владимир Яковлевич Шинкарев тағайындалады. 1971 жылы 44 ӘТҚЖ командирі болып Василий Павлович Борзов, ал көмекшісі болып Владимир Федорович Лебедянцев тағайындалады. Жасақ 5 шахтаға қызмет көрсетті: «Костенко» ат.ш., «Қарағанды», «Северная», «Майқұдық» және «Стахановская», сонымен бірге Костенко ат.ш. БФ, ЦОФ «Қарағанды» ОБФ. 1975 жылы ВГК инструкторлық қызмет жаңартылды – тау-кен  инженері болып В.В. Ян және басқалар жұмыс істеді. 1971 ж. бастап 1975 ж. дейін жылына 14-15 аварияны болды. Жасақтың құрамына 11 жедел бөлім кірді. Жасақта бөлім командирлері жұмыс істейді – А. М.Серов, А.Г.Гноевой, Г.Е.Орлов, М. А.Собачкин, В.Деревянко. 1977 жылы командир лауазымына Жолус Анатолий Павлович тағайындалады. 1978 жылы жасақтың күшімен, өзін құтқарғыштарды қолдану мен өрт сөндіру құралдарын шахтаның жұмыскерлерінің қолдана білуіне оқыту және үйрету ұйымдастырылды. 1987 жылы А.П.Жолустың бас инженер лауазымына ауысуына байланысты, командир болып А.П.Кляйн, содан соң Т.А.Ишбуляков тағайындалды. 1995 жылдың қаңтарында жасақ командирі болып Сергей Федорович Кремер тағайындалды. Авариялық-қауіпті объектілердің санының төмендеуінің жағдайына байланысты, жерасты аварияларының саны да азайды, осыған орай ӘТҚБ санын қысқарту мәселесі  тұрды. 1999 жылы 44 ӘТҚБ таратылды. Көптеген тау-кен құтқарушылар басқа жасақтарға ауысты.

ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ

ШАХТИНСК АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

 Жоғары сапалы Тентек кен орындарының көмір қабаттарын игерумен  және кокстық көмірлердің ашылуымен байланысты 1955 жылы Тентек кентінде техникалық кешен салынды, 1961 жылдың басында соның базасында 2 ЖӘТҚП (Тентек) құрылды, содан кейін Ново–Шахтинский болып өзгертілді. 1962 жылы қызметтік кешеннің құрылысы толық аяқталған соң, 3 тұрғын үй мен 50 пәтерді қоса алғанда тау-кен құтқару базасында  3 ӘТҚА ұйымдастырылған болатын, ол 4 ӘТҚЖ қарамағына кірді. 2 ЖӘТҚП командирі болып Владимир Иванович Голубев, ал 2 ӘТҚВ командирі болып Николай Михайлович Лысенко тағайындалды. 1965 жылы 3 ӘТҚВ (Шахтинск) болып аталды. 1974 жылы ӘТҚБ құрылымдық қайта құрылуы жүргізілді, онда әр жасақтың барлық бөлімшелері жасақты жалпы басқаруымен, бір тау-кен құтқару кешеніне біріктірілді. Қайта құрылудың нәтижесінде 4 ӘТҚЖ (Шахтинск) құрылды, оны Алексей Дмитриевич Баксараев басқарды. Жасақтың құрамына 12 жедел бөлім кірді. Бөлімдерді: В.С.Пятницкий, А.И.Марченко, А.Г.Сохин, И.Я.Цейлер, В.А.Кудрявцев, Н.З.Тороп, А.Г.Холодов және басқалар басқарды. Жасақ 6 пайдалану шахтасына: «Молодежная», «Шахан», «Степная», «Ленин» ат.ш, «Шахтинск», және жаңа салынып жатқан «Тентек» шахтасына қызмет көрсетті. Шахталардың тәуіліктік көмір қазуы 40 мың тоннаны, ал тау-кен қазбаларының ұзақтылығы 470 км. құрады. 1976 жылдың тамыз айында  «Қазақстан» шахтасында бірнші шахталық тау-кен құтқару қызметі (ШТҚ) құрылды және оны А.Ф.Савченко басқарды. 1978 жылы А.К.Баксараев ТБЖС бастығы болып ауысады, 4 ӘАҚЖ командирі болып Владимир Алексеевич Горбатов тағайындалады. 1980 жылы шахталардың аварияға қарсы қорғанысын жоғарлату бойынша жұмыстарды орындау жөнінде шахталарда жеке құрамды тәжірибелік дайындау кеңінен дами бастады. 1982 жылы жасақтың командирі болып Виктор Федорович Рябов, ал алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары болып В.В.Шмидт, содан кейін Нааз Загидулович Тинчурин тағайындалды. 1986 жылы 4 ӘТҚЖ командирі болып С.А.Шульгай, ал взводтардың командирлері болып - Г.В.Ким және В.Ф.Кремер тағайындалды. Жасақта жер бетіндегі оқу – жаттықтыру полигоны салынды. 1988 жылы жасақ командирі болып Владимир Николаевич Шульга тағайындалды. 

Демократизация үрдістерімен 1990 жылы жаңа реттеуші құжаттар қолданысқа енгізілді, яғни «ӘТҚБ туралы ереже», «Жұмыс уақыты туралы ереже» және басқалар. 1997 жылы В.Н.Шульганың ӘТҚЖ бас инженері лауазымына ауысуына байланысты, жасақ командирі болып А.Ф.Савченко, ал жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болып Геннадий Юрьевич Силинский тағайындалды. 2000 жылы ҚР КӨ ӘТҚБ таратылды.

ӘТҚБ базасында ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМКҚ құрылған болатын, оған Накып Каппасович Каппасов басшылық етті. Бас инженері болып Владимир Николаевич Шульга, ал 2005 жылдан бастап Геннадий Юрьевич Силинский тағайындалды. Жасақ ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК 2 ӘАҚЖ болып аталады. Жасақ командирі болып А.Ф.Савченко, ал жедел-техникалық жұмыс жөніндегі орынбасары болып Г.Ю.Силинский тағайындалды. Кәсіподақ ұйымын В.В.Топильский басқарды. ӨҚ бұзушылықтарын бақылау күшейді және шахталардың аварияға қарсы қорғанысын жақсарты бойынша жұмыстар жандандырылды.  Құтқарушыларды спортық формада ұстау үшін спортқа үлкен назар аударылады. Жасақтың құрамында орталықтандырылған реанимациялық шокқа қарсы топты қоса алғанда медициналық қызмет жұмыс істейді. Жасақ келесі шахталарға қызмет көрсетеді: «Ленин» ат.ш., «Тентек», «Шахтинск», «Абай», «Қазақстан», «Шахтостроитель» ЖШС, ЦОФ «Восточная» ОБФ. Жасақтың құрамына  3 нөмірлік взвод (ӘТҚВ) және қуатты техникамен басқару взводы кіреді. 2003 жылы жасақ командирі болып Г.Ю.Силинский, 2005 жылы В.Ф. Кремер тағайындалды. Өздерінің көп жылғы қиында, алайда қажетті іске жүмыстарын арнағандар: респираторшылар – А.С.Лапшин, И.П.Баканов, М.Нурмагамбетов, В.В.Ольгейзер; бөлім командирлері – А.И.Гайворонский, А.С.Зубан, И.Х.Лучкин, С.В.Ремезов, К.Т.Баймурзин, С.Н.Яшкин, В.В.Топильский, С.С.Вагайцев, В.Х.Сон; взвод командирінің көмекшісі және взвод командирлері – А.В.Старовойтов, В.Л.Шаблевский, Ю.Г.Тиранов. Жасақтың қатардағы және командалық құрамы да едәуір өзгерді. Тәртіпті және кәсіби дайындықты күшейту бойынша жұмыс жандандырылды. Жаңа авариялық-құтқару жабдықтарын қолдану мен зерделеуге және шахталық ауаны бақылау аспаптарына аса назар аударылады. Жасақтың жеке құрамы «Қазқұтқару» Халықаралық құтқарушылар жарыстарының қатысушылары болып табылады. Жасақтың тау-кен құтқарушылары-спортсмендері «Миттал Стил Темиртау» АҚ көмір Департаменті  өткізген  жыл сайынғы спартакиадаларға белсенді қатысады. 

ЕКІБАСТҰЗ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАУ-КЕН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

1948 жылы Екібастұз тіліктерінің көмір кен орындарының құрылысы басталды, ал 1954-1959 жылдары «Северный» көмір тілігі пайдалануға берілді. 1960 жылы «Северный» көмір тілігінің аумағында  1 ЖӘТҚП құрылады, оның командирі болып В.Г. Бекиснищев тағайындалады. 1 ЖӘТҚП 30 ӘТҚЖ құрамына кіреді, оның командирі болып В.И. Гудков тағйындалады. 1964 жылы еліміздегі және әлемдегі ең үлкен «Богатырь» көмір құрылысы басталды. 1966 жылы еліміздің халық шаруашылығының экономикасының қайта құрылуымен байланысты және Совнархоздардың жойылуына байланысты, 1 ЖӘТҚП 1ӘАҚЖ құрамына (1 ӘТҚП) нөмірлік пункт ретінде  болып берілді. 1974 жылы 1 ӘТҚП 1ЖӘТҚВ  (Екібастұз) болып аталады, оның командирі болып Владимир Михайлович Лебедянцев тағайындалады. Осы жылы тау-кен құтқару станциясы кешенінің құрылысы басталады. 1975 жылы взводтың құрамына  жедел бөлім кірді. Взвод «Северный» және  «Богатырь» тіліктеріне қызмет көрсетті. Көмір қазудың жылдық көлемі 45 млн. тоннаны құрады. 1979 жылы «Восточный» тілігінің құрылысы басталды. 1981 жылы 1 ЖӘТҚВ командирі болып  А.Г.Возмитель, ал оның көмекшісі болып Г.М.Мельников тағайындалды. 1986 жылы взвод командирінің міндетін атқарушы болып Владимир Арефьевич Лебедьков тағайындалады. «Восточный» тілігінде жеке құрамның тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылады. 1987 жылы тұрғын үй кешенімен тау-кен құтқару станциясы іске қосылады. 1995 жылы 1 ЖӘТҚВ республикалық жасақтарды нөмірлендіруге байланысты 6 ӘТҚЖ болып аталады. Жасақтың құрамына 10 бөлім кіреді. 1995 жылы жасақ командирінің лауазымына Гаррий Васильевич Ким тағайындалады. 90-шы жылдары жеке құрамның кадрлар тұрақсыздығы аса байқалады. 1998-99 жылдары 19, 43 және 44 ӘТҚЖ таратылғанынан кейін көптеген респираторшылар мен командирлер 6 ӘТҚЖ жеке құрамына түсті. 2000 жылы жасақ ҚР ТЖА «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК  3 ӘАҚЖ болып аталады. Жасақтың командирі болып Г.В.Ким, ал жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болып Е.А.Жаркимбеков тағайындалады. Өздерінің көп жылғы қиында да маңызды іске өмірлерін арнағандар: респираторшылар – А.А.Куповцов, О.Л.Тышкевич, Ю.В.Касьянов, К.К.Оспанов, бөлім командирлері – А.И. Решетняков, С.В.Дубинин,  взвод командирлерінің көмекшілері және взвод командирлері – С.А.Киппа, В.А.Казанцев, И.М. Дубровский. 

КСРО кезеңінде ірі авариялық-құтқару жұмыстары өткізілді

(1978 ж. бастап 1991 ж. дейінгі мәліметтер): 

1. «Соқыр» шахтасы (20.02.78ж.);

2. М.И. Калинин ат. шахта (17.10.80 ж.);

3. К.0. Горбачев ат. шахта (26.02.80 ж.);

4. Октябрь революциясының  50 жылдығы ат.шахта (28.01.83 ж.);

5. И.А. Костенко ат.шахта (06.03.84 ж.);

6. В.И. Ленин ат.шахта (09.02.85 ж.);

7. В.И. Ленин ат.шахта (24.04.85 ж.);

8. «Қазақстан» шахтасы (25.11.89 ж.);

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезеңнен бастап жүргізілген ірі авариялық –құтқару жұмыстары (1991-2017 ж. ж. мәліметтер)

 

      1. «Кировская» шахтасы (30.03.1992 ж.);

      2. «Ақтас» шахтасы (11.03.1994 ж.);

      3. «Қазақстан» шахтасы (07.07.1994 ж.);

       4. В.И. Ленин ат.шахта (24.11.1995 ж.);

       5. «Соқыр» шахтасы (13.12.1995 ж.);

       6. В.И. Ленин ат.шахта (23.03.1998 ж.);

       7.  В.И. Ленин ат.шахта (26.03.1999 ж.);

       8. «Саран» шахтасы (27.01.2004 ж.);

       9. «Шахтинск» шахтасы (05.12.2004 ж.);

       10. В.И. Ленина атындағы шахта (20.09.2006 ж.);

        11. «Абай» шахтасы (11.01.2008 ж.);

       12. В.И. Ленин ат.шахта (09.12.2016 ж.).

 

Авариялық-құтқару жұмыстары (АҚЖ) кезінде ерекше көзге түскен құтқарушылар

 

1. В.Н.Шульга, 1970-2005 ж.ж. жұмыс кезеңінде ұңғымашыдан дайындау жұмыстарының учаске бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті. 

 Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтада,  В.И.Ленин атындағы шахтада, Қазақстан шахтасында, Степная, Шахтинск және тағы басқа да шахталардағы өрттер мен жарылыстардың салдарын  жоюға және адамдарды құтқаруға жеке қатысты және  жоғары температурада, түтінденген ортада тау-кен құтқару жұмыстарының қауіпсіз шараларын өңдеді. Ведомствалық наградалар: «Шахтер Даңқы» белгісінің барлық 3-дәрежесімен, «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» марапатталды.

2. В.М.Плотников, техника ғылымдарының докторы, профессор, МАНЭБ академигі. 1966 ж. бастап  1986 ж. дейінгі кезеңдегі Қарағанды бассейнінің ӘТҚБ жұмыс істеді. 1986 - 1995ж. аралығында - Қарағанды металлургия институттының кафедра доценті. 1995 ж. бастап  «Көмір» ӘАҚҚ инженерлік қамтамасыз ету тобының бастығы. Кен инженері, 200 аса  ойлап табулардың авторы, оның көбісі тау-кен құтқару қызметімен байланысты және шахталардағы аварияларды жоюда тәжірибеде қолданылады (шпренгельді далда, сөнетін парашютті далда және тағы басқалар). «Ерен еңбегі үшін» белгісінің барлық үш дәрежесімен марапаталды. «Жыл инженері» конкурстарының екі мәрттегі лауреаты, «Колесница прогресса» Ресей техникалық конкурсының лауреаты. 

3. А.Ф.Савченко, 1966-2004ж.ж. жұмыс кезеңдерінде респираторшыдан тау-кен құтқару жасағының командиріне дейінгі еңбек жолынан өтті. Бассейн шахталарының көптеген күрделі аварияларын жоюға қатысты. Қысқа мерзім ішінде шұғыл шешім қабылдап және шығынсыз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе білді. Борышын кіршіксіз орындағаны үшін «Шахтер Даңқы»белгісінің үш дәрежесімен, «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» және «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды. Зейнеткер.

4. Б.Ф.Салкимбаев 1976 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін авариялық-құтқару қызметінде жұмыс істейді, Кеңес Армиясының қатарынан босатылған соң, Қарағанды бассейнінің ӘТҚБ респираторшы болып бастады. «Көмір» ӘАҚҚ РМҚК филиалының жедел-техникалық бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда оқыту орталығының аға маманы.  Октябрь революциясының  50 жылдығы атындағы шахтада, Қарағанды шахтасындағы жарылыстардың салдарын жою кезіндегі кеншілерді құтқару кезіндегі ерлігі үшін «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шахтер Даңқы» белгісінің үш дәрежесімен, «Құрметті шахтер» белгілерімен марапатталды.

5. С.А. Мазурин 1981 жылдан бастап қазіргі таңға дейін авариялық-құтқару қызметінде жұмыс істейді, респираторшыдан алдын алу жұмысы жөніндегі 1–ші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы командирінің көмекшісіне дейінгі еңбек жолынан өтті. Сауатты инженер, тәжірибелі тау-кен құтқарушы. Көптеген авариялардың салдарын жетістікпен жойғаны үшін «Шахтер Даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталды. Спитак қаласындағы апатты жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі қайсарлығы мен батылдығы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

6. В.В.Вяткин, 1974-1999ж.ж. жұмыс кезеңдерінде респираторшыдан бөлім командиріне дейінгі қызметтен өтті.  Борышын кіршіксіз орындағаны үшін және жеке ерлігі үшін «Шахтер Даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталды.

Қарағанды филиалында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан, өздерінің еңбек және кәсіби шеберліктерін атадан балаға мұра етіп келе жатқан келесі отбасылар еңбек етіп келеді:

Қайрақбаевтар отбасы

К.Қайрақбаев әкесі (1956 ж. бастап 1980ж. дейін) респираторшы;

М.К. Қайрақбаев ұлы, жүргізуші;

А.К. Қайрақбаев ұлы, респираторшы;

К.К. Қайрақбаев ұлы, респираторшы;

М.М. Қайрақбаев немересі, респираторшы;

 

В.Н.Шульганың отбасы

В.Н. Шульга атасы (1979 ж. 2014ж.дейін) бас инженер;

О.В. Лустин немересі, респираторшы;

 

Цыганковтардың отбасы

Н.И. Цыганков әкесі (1974-1988 ж.ж.) бөлім командирі;

С.И. Цыганков ұлы, респираторшы;

 

Куликовтардың отбасы

В.А. Куликов атасы (1938-1978 ж.ж.) взвод командирі;

В.А. Куликов немересі, бөлім командирі;

 

Сафроновтардың отбасы

А.Сафронов әкесі респираторшы;

С.А. Сафронов ұлы, респираторшы;

  

Силинскийлердің отбасы

Ю.Н. Силинский әкесі (1967ж. бастап 1996 ж. дейін) взвод командирі; 

Г.Ю.Силинский ұлы, қазіргі таңда «КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының директоры.

 

 Қаза болған құтқарушылардың жалпы саны 52 адамды, жалпы құтқарылған адам өмірі 1 615 аса адамды құрайды.  


Біздің тапсырыс берушілер