Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Ақмола филиалы

Филиалдың құрылу тарихы алғашқы Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы ұйымдастырылған 1931 жылдан бастау алады, ол кезде Қарағанды жасағының тау-кен құтқару взводының құрылымына кіретін, 1939 жылы ССРО Түсті металлургия халықтық комиссариатының (ССРО ТМ ХК) Урал, Башкирия және Қазақстан (УБ және Қ) әскерилендірілген тау-кен құтқару штабына берілді және 1-ші жеке тау-кен құтқару взоды болып аталды.

1943 жылы ССРО ТМ ХК  УБ және Қ әскерилендірілген тау-кен құтқару штабы бастығының 1943 жылғы 19 шілдедегі № 19/0 бұйрығымен 1-ЖТҚВ жасақ болып қайта құрылды және ССРО ТМ ХК  УБ және Қ ӘТҚБөлімінің 9-шы әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы болып аталды.

1947 жылы  -  9-шы әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы ССРО ІІМ қарамағына берілді.

         1954 жылы ССРО Түсті металлургия министрлігінің Алтын және платина өнеркәсібінің бас басқармасы бастығының 03.04.1954 жылғы № 76/ю бұйрығымен – 9-шы ӘТҚЖ ССРО ТММ Қорғау және арнайы бөлімдер бас басқармасының қарамағына берілді және Орталық Азия және Қазақстан (ОА және Қ) ӘТКҚВ штабының қарауындағы 36-шы әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы болып қайта ұйымдастырылды.

         1957 жылы Қазақ ССР Қарағанды экономика және әкімшілік ауданының Совхалық шаруашылығының 22.08.1957 жылғы № 42 өкімі негізінде жасақ ОА және Қ ӘТҚВ штабы құрамынан Қарағанды Совхалықтық шаруашылығы ӘТҚБ штабы құрамына берілді.

         1958 жылы 36-шы ӘТҚЖ Жолымбет кенішіне берілді, ол жерде келесі ведомстволық взводтар,командалар мен пункттер дислокациясы бекітілді:

-         Жедел Жолымбет взводы;

-         1-ші Бестөбе взводы;

-         2-ші Бұғұмбай взводы;

-         1-ші Степняк ӘТҚПункті.

Әскерилендірілген тау-кен құтқару командалары келесі кеніштерде құрылды:

-         Ақбеит;

-         Сталин;

-         Байүлесті;

-         Жаңа төбе.

Осы 1958 жылы түсті металлургия кәсіпорындарындағы шаңгаз тәртібі жағдайын бақылауды жақсарту және газ талдау зертханалары жұмысын орталықтандырып басқару мақсатында кеніштердің газ және шаң талдау зертханалары Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасақтары (ӘТҚЖ) қарамағына берілді.

1961 жылы 1 тамызда 36-шы ӘТҚЖ Қазақ ССР Целинный экономикалық әкімшілік ауданының Совхалықтық шаруашылығына (СХШ) берілді және  оның 1961 жылғы 27 желтоқсандағы № 729/р өкімімен 36-шы ӘТҚЖ қайта ұйымдастырылды және Жолымбет жеке әскерилендірілген тау-кен құтақру жасағы болып аталды. 

         1962 жылы оның құрамына келесілер кірді:

-         Жолымбет жедел ӘТҚВ;

-         1-ші Бестөбе ӘТҚВ;

-         1-ші Степняк жеке тау-кен құтқару пункті;

-         2-ші Ақбеит жеке тау-кен құтқару пункті;

-         3-ші Ақсу жеке тау-кен құтқару пункті;

-         4-ші Екібастұз жеке тау-кен құтқару пункті;

-         Рудный қаласында 5-ші Соколов-Сарыбай жеке тау-кен құтқару пункті.

1966 жылы Совхалық шаруашылығының қысқаруына және Өнеркәсіптің салалық министрліктерінің құрылуына байланысты Жолымбет жеке ӘТҚЖ 1966 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрықпен Шымкент қаласындағы Орталық және Оңтүстік Қазақстан ӘТҚБөлімдерінің штабының қарамағына берілді және 26-шы ӘТҚЖасағы болып аталды.

         Қазақ ССР Түсті металлургия министрілгінің 1971 жылғы 13 қыркүйектегі № 340 бұйрығымен Шығыс Қазақстан ӘТҚБ штабы және Орталық және Оңтүстік Қазақстан ӘТҚБөлімдерінің штабы  түсті металлургияның бірыңғай ӘТҚБ біріктірілді, келесі бөлімшелерімен:

- 26 Жолымбет ӘТҚЖ;

- 27 Жезқазған ӘТҚЖ;

- 28 Ақшатау ӘТҚЖ;

- 29 Кентау  ӘТҚЖ;

- 30 Лениногор ӘТҚЖ;;

- 31 Зырян ӘТҚЖ;

- 32 Ертіс ӘТҚЖ;;

- 33 Текелі ӘТҚЖ;

- 34 Золотушенский ӘТҚЖ;

- Майқайың жеке взводы.

         1997 жылы 26-шы әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы 1997 жылғы 15 қазандағы № 61-к бұйрықпен Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.

2000 жылғы 22 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 88-к бұйрығымен Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару қазыналық кәсіпорны «Кен»  Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы болып қайта құрылды. 

2005 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің «Кен»  Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы ҚР ТЖ Министрлігінің ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің «Кен» ӘАҚҚ РМҚК Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы болып қайта ұйымдастырылды (03.05.2005 ж. № 18 бұйрық).

2008 жылғы 14 сәуірден Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы болып аталды, 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 10 бұйрық.

2015 жылғы 01 сәуірден Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқрау қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқрау қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы болып аталды.

2015 жылғы 10 маусымнан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқрау қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жолымбет әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы болыпа атауы өзгертілді.

1970 жылдан 2010 жыл аралығында Осыко П.И., Паламарчук В.П., Шкрум Г.Г., Муканов А.А., Королев Б.В. және Сафиуллин Р.Н. Жолымбет ӘТҚЖ командирлері болып жұмыс істеді.

2015 жылғы 01 қазанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік  кәсіпорнының Ақмола филиалы болып атауы өзгертілді.

         Қазіргі кезеңде филиал жұмыскерлерінің жалпы саны 136 адамды құрайды, «КӘАҚҚ» РМК Ақмола филиалы құрамына келесі жедел бөлімшелер кіреді:

-         Ақсу жедел әскерилендірілген тау-кен құтқару взводы;

-         Жолымбет жедел әскерилендірілген тау-кен құтқару взводы;

-         Бестөбе жедел әскерилендірілген тау-кен құтқару взводы;

-         Астана жедел әскерилендірілген тау-кен құтқару пункті;

-         4 қосалқы авариялық-құтқару командалары және 1 арқанды саынау станциясы.

«КӘАҚҚ» РМК Ақмола филиалында еңбек тәжірибелері мен кәсіби шеберліктері ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатырған құтқарушылар жұмыс істейді, оның бірі Шариповтар әулеті:

Шарипов М.К. әкесі 1967 жылдан 1994 жыл аралығында жұмыс істеген;

Шарипов Т.М. баласы 1990 жылдан бөлімше командирі;

Шарипов К.М. баласы 2011 жылдан құтқарушы;

Шарипов Р.Т. немересі 2011 жылдан құтқарушы.

Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының ішінен ең қауіптілерінің бірі 2013 жылғы 20-25 қазан аралығында «ГМК Қазақалтын» АҚ «Жолымбет кеніші» филиалының «Ценртальная» шахтасындағы аварияны жою болып табылады, аварияны жою кезінде филиалдың директоры А.Б. Тобағабұлов, взвод командирінің ЖПЖ жөніндегі көмекшісі Т.Б. Жакетов, бөлімше командирлері С.Н. Суслов, Н.Т. Есметов, Н.Н. Муканов, респираторщиктер Ж.М. Сейтов, В.С. Попов, Д.К. Келдешов, К.М. Шарипов, А.С. Капышев ерекше көзге түсті, олар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

  1991 жылдан бастап 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығында жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының, жойылған ТЖ  жалпы саны  319 құрайды. Құтқарылғандар саны - 432 адам, авария орнына көшірілгендер саны – 1 702 адам.


Біздің тапсырыс берушілер