Басшылық

Силинский Геннадий Юрьевич
Силинский Геннадий Юрьевич 1968 жылғы 5 сәуірде Қарағанды облысының Ақтас кентінде дүниеге келген.
1985 жылы Саран қаласындағы орта мектепті бітірген.
1986–1988 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
1993 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдап, тау-кен инженері біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1989 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібі саласындағы 43-әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында респираторшы болып бастаған.
2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Еңбекті ұйымдастыру және тіршілік қауіпсіздігі институтында, ал 2007 жылы Қазақстан Республикасының НИЦГ мекемесінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Әр жылдары бөлімше командирі, взвод командирі, жасақ командирінің жедел-техникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, 4-әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының командирі лауазымдарында қызмет атқарған.
2005 жылғы 15 наурыздан бастап «Көмір» ӘАҚҚ филиалының бас инженері, 2012 жылғы 23 ақпаннан бастап «Көмір» ӘАҚҚ филиалының директоры қызметін атқарған.
2015 жылғы 2 қазаннан бастап Қарағанды филиалы директорының жедел-техникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бас инженер лауазымында жұмыс істеген.
2023 жылғы 13 сәуірден бастап «РЦШ ПВАСС» ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2026 жылғы 1 қарашадан бастап «РЦШ ПВАСС» ЖШС Қарағанды филиалының директоры қызметіне тағайындалған.
Марапаттары:
-
2003 жыл – III дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі;
-
2007 жыл – II дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі;
-
2011 жыл – I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі;
-
2008 жыл – мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі;
-
2008 жыл – «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі;
-
2010 жыл – «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
-
2012 жыл – «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төсбелгісі;
-
2021 жыл – «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;
-
2004 жыл – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хаты;
-
2006 жыл – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.






















