Басшылық
Пикало Сергей Алексеевич 1952 жылдың 15 тамызында Харьков қаласында (Украина) дүниеге келді.
Техникалық және заңгерлік жоғары білімдері бар, Павлодар индустриалды институтын (Павлодар қаласы) 1979 жылы және «Тұран» университетін (Нұр-Сұлтан қаласы) 2006 жылы бітірген.
1979 жылдан 1988 жылға дейін «Қазақстан құрылыс учаскесі», Текелі қорғасын-мырыш комбинатында қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеді, 1988 жылдан 1992 жылға дейін 33-Текелі жасағының командирінің көмекшісі болды, 1992 – 1993 жылдар – «Салааралық іс серіктестігі» ҚБ директоры, 1993 жылы авариялық-құтқару қызметіне қайта кірісті, мұнда, 2002 жылы директор лауазымында филиалда басшылық етті.
В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультеті жанындағы «Тау-кен және жарылыс жұмыстарын жерасты тәсілімен басқару құқығына» куәлігі бар., Польшада тау-кен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша халықаралық семинарларға қатысушы, делегация құрамында Канададағы Халықаралық тау-кен құтқару ұйымында Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметін ұсынды.
С.А. Пикалоның жұмысы«Кен» ӘАҚҚ» РМҚК Құрмет грамоталарымен, «1 дәрежелі Еңбек даңқы», «2-дәрежелі дәрежелі Еңбек даңқы», «3-дәрежелі дәрежелі Еңбек даңқы»,«2-дәрежелі Шахтер даңқы»,«3-дәрежелі Шахтер даңқы», «Кен» ӘАҚҚ 70 жылдығы», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»төс белгілерімен «Ақберен» ӘАҚҚ 30 жылдығы», «Қазақстан Мемлекеттік тау-кен техникалық бақылауының 80-жылдығы» белгісімен марапатталды, «Кен» ӘАҚҚ РМҚК «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін»,«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдерімен, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор жеке үлесі және сіңірген еңбегі үшін «3 дәрежелі Ұлы Петр» орденімен марапатталды.