Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Беккер Владимир Робертович
Беккер Владимир Робертович

Беккер Владимир Робертович 1965 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

• Азаматтық қорғау органдарының қызметкері (10.1986-1991);

• Азаматтық қорғау органдарының орта, аға басшы құрамы (1991-04.1991);

• Азаматтық қорғау органдарының басшысы (04.1991-09.2008);

• ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2008-10.2014);

• ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары (10.2014-13.01.2016);

• ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы (13.01.2016-09.2020).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

·         ІІ дәрежелі «Айбын» ордені;

·         «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі;

·         «Өртке қарсы қызметтің үздігі», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісі.

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

·           Генерал-майор (06.05.2017).

2020 жылғы 23 желтоқсаннан бастап «КӘАҚҚ РОШ» бас директорының бұйрығымен «КӘАҚҚ РОШ» Шығыс Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы 1 маусымнан бастап «КӘАҚҚ РОШ» бас директоры лауазымына тағайындалды.

2022 жылғы 04 сәуірден бастап «КӘАҚҚ РОШ» Шығыс Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

БАСШЫЛЫҚ
МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ
ТАУ-КЕН ЖӘНЕ КӨМІР САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ

Біздің тапсырыс берушілер