Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

ҚазССР геология министрлігі «Казнефтегазгеология» бірлестігінің 1981 жылғы 17 маусымдағы № 361 бұйрығымен «Ашық мұнай газ атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақ әскерилендірілген бөлімі» жанынан 1981 жылы «Ашық мұнайгаз атқыламаларын жою және пайда болуының алдын алу бойынша Орал әскерилендірілген жасағы» Орал облысы Фурманов ауылында құрылды. Орал әскерилендірілген жасағының құрылу мақсаты - Орал мұнайгаз экспедициясында ұнғыманы жаңарту жұмыстары кезінде атқыламаға қарсы кауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998ж.ж. реформалау бағдарламасымен «Ашық мұнай газ атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақ әскерилендірілген бөлімі «Қазыналық кәсіпорындарды  акционерлеу туралы» Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі департаментінің  1997 жылғы 07 мамырдағы № 83 қаулысына байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі Атырау жер комитетінің 1997 жылғы 13 маусымдағы № 134 қаулысы негізінде «Қазақ әскерилендірілген атқыламаға қарсы бөлімі» қазыналық кәсіпорыны Атырау қаласында «Берен - Тест» Ашық типті акционерлік қоғам түрінде қайта құрылды.

«Ашық мұнайгаз атқыламаларын жою және алдын алу бойынша  Орал әскерилендірілген жасағы» «Берен - Тест» ашық типті акционерлік қоғамының 1997 жылғы 07 тамыздағы № 3 бұйрығы негізінде  «Берен - Тест» ашық типті акционерлік қоғамының (АТАҚ)  Орал бөлімі болып қайта тіркеуден өтті. Мемлекеттік тіркеу куәлігі 25.02. 1998ж. №325-1926 Ф-л.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.1998 ж. №1139 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің 1998 ж. 17 қарашадағы №248 бұйрығымен Атырау қаласында орналасқан таукен және өнеркәсіптегі қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау жөніндегі бағыныстағы департаменттерімен «Ақ Берен» РМҚК  болып құрылды.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.98 жылғы №1139 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан филиалы «Ақ Берен» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  оқшауланған бөлімшесі болып, оның функцияларын толық жүзеге асырды.

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі  Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі РМҚК комитеттерін қайта құру» 2007 жылғы 30 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі Жарғысына сәйкес, «Ақ Берен» РМҚК  Батыс Қазақстан  филиалы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау  комитеті «Ақ Берен» «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штаб» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалы болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № 536 Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 14.02.2019 жылғы № КбиП-1-1212-КбиП-707 хатына сәйкес, 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1/56 Сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сатылды.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі - Филиал) «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің 2019 жылғы 29 қаңтардағы Жарғысы негізінде жұмыс жүргізеді.

«Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы - «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиал Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдаланушыларына (меншік нысанына қарамастан) және Батыс Қазақстан облысының қауіпті өндірістік объектілерінде табиғи сипаттағы, ашық мұнайгаз атқыламаларының пайда болуын болдырмау және жою, адамдарды құтқару, газдан құтқару және авариялық – құтқару жұмыстары, сондай- ақ олардың зардаптарын жою бойынша тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді.

Филиалдың құрамына әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жедел-алдын алу және Қарашығанақ газ құтқару жасағы кіреді.

«КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының штаттық саны - 159 бірлікті құрайды.

 Филиалдың бірінші басшылары (Орал жасағы)

- Немцов Ф.И. (1982 жылдан 1984 жылдар аралығында);

- Логинов А.В. (1984 жылдан 1990 жылдар аралығында);

- Бискалиев М.Д. (2000 жылдан 2007 жылдар аралығында);

-  2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Кубенов А.Ж.   

Филиал құрылған кезеңнен бергі уақытта 2 ірі апат жойылды:

        -  1991 ж. Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны,  апатты жою 3 ай мерзімді алды.

        - 1988 ж. Каменск мұнай кен орны, апатты жою 7 күн уақытты алды.

Үнемі жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде  соңғы 20 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің қауіпті өндірістік объектілерінде ашық фонтандар болған жоқ.

Филиалда құтқарушылар әулеті жұмыс істеп келеді, олардың еңбек дағдылары мен кәсіби шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беріледі, оларға жататын жанұялар:

Шумбалиндер жанұясы

Шумбалин Б.А. әкесі (2003 жылдан 2006 жылға дейін) взвод командирі;

Шумбалин А.Б. баласы. Жедел-алдын алу бөлімінің бастығы.

Луговой жанұясы

Луговой О.А. – әкесі. Жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі инженер;

Луговой Сергей Олегович - баласы. Құтқарушы.

        Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мынадай ерекшеленген филиал қызметкерлері ретінде: Иламанов, О. Қ., Махашев Х.Г. және басқаларды атауға болады.


Біздің тапсырыс берушілер