«Ақ Берен» Қызылорда филиалы
«Ақ Берен» Қызылорда атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлімшесінің тарихы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 9 қарашасындағы №1139 қаулы негізінде Қазақстан Республикасының құрлық, теңізбен судағы мұнай және газ атқыламаларына қарсы әскерилендірілген қызметі құрылуынан басталады. «Ақ Берен» Республикалық Қазыналық Кәсіпорнын құру туралы» қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 1998 жылдың 17 қарашасында №248 бұйрығы негізінде өндірістің қарқындап дамуына және техногендік апаттарға, оның ішінде газмұнай су және ашық атқыламаларға жедел әрекет ету мақсатында «Ақ Берен» Республикалық қазыналық кәсіпорны құрылып, «Ақ Берен» Республикалық Қазыналық Кәсіпорнының Қызылорда филиалы 1998 жылы 17 қарашада «Ақ Берен» Республикалық Қазыналық Кәсіпорнының Қызылорда филиалы құрылды. Филиалды басқаруды бөлімше командирі Жұмағазы Нұрғазыұлы Китуевке жүктеді. Сол кезде бөлімшенің штаттық кестесі 15 адамды құраған болатын.
Бөлімшені құру мақсаты және ұжымның қызмет көрсету түрі:
- меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы төңірегіндегі мұнайды барлау, мұнайды өндіру, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде ұңғыларды тексеру, газ-мұнай–су шығуын және ашық атқыламалардың алдын алу олар болған жағдайда жою;
- шұғыл, уақыт күттірмейтін авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
- ашық атқыламаларды және мұнай атқыламаларын, газ-мұнай–су шығуын жою және авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарына қатысу;
- тиісті ережелер мен нұсқамаларға сәйкес қызмет көрсететін мекемелердің қызметшілерін оқытады және дайындығын тексереді, нұсқама береді;
- төтенше жағдайларды болдырмау жұмысы бойынша шет елдің осы саладағы қызметшілерімен етене жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 30 қаңтардағы бұйрығы негізінде «Ақ Берен» Республикалық қазыналық кәсіпорнының Қызылорда филиалының командирі болып Қуаныш Болатұлы Өтебаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы №1154 Қаулысымен «Ақ Берен», «Құтқарушы», әскерилендірілген авариялық қызмет «Көмір» және «Кен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және өндірістік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару комитетінің орталық штабы» РМҚК құрамына енгізілді.
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» "РМҚК" бастығының 2008 жылдың 14 сәуірдегі №8 бұйрығына сәйкес "Ақ Берен " Қызылорда әскерилендірілген атқылмағы қарсы филиалы болып өзгерді. Филиал басшысы болып Муминов Н.Н тағайындалды.
Филиал басшылары:
1. Китуев Ж.Н 1998-2000 ж. (басқа мәлімет жоқ)
2. Өтебаев Қ.Б 2000-2007 жылдар аралығы. Еңбек жолын Тенгіз терең барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі болып бастаған, «Тұран Петролуем» БК өндіріс инженері, «ҚОР» ЖАҚ бұрғылау супервайзері болып қызмет атқарған. 2000 жылы 1 дәрежелі алдын-алу инженері болып «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалына қызметке келді. 2001жылы «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалына командир болып тағайындалды.Кәзіргі таңда «КӘАҚҚ» РМК Қызылорда филиалында жетекші инженер ретінде жұмысын жалғастыруда. Көптеген ашық атқыламаға байланысты аварияларды жоюға белсене қатысты. Күрделі техногендік апаттар кезінде бірнеше рет авариялық-құтқару жұмыстарына басшылық етті. Өтебаевтың басшылық кезінде үлкен жұмыс атқарылды, атап айтар болсақ, олар: филиалды білікті кадрлармен толықтыру, заманауи қондырғы және жабдықтармен қамтамасыз ету. Жемісті еңбегі үшін, жоғары біліктілігі үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дамыту саласында ісінде сіңірген еңбегі үшін «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Еңбек озаты» белгісімен, ҚР ТЖМ құрмет грамотасымен марапатталды.
3. Муминов Н.Ш- «КӘАҚҚ» РМК Қызылорда филиалы директоры. Еңбек жолын Құмкөл терең барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі болып бастаған, аға шебер қызметін атқарған. 2000 жылы алдын-алу инженері болып «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалына қызметке келді. 2005 жылы «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалы командирының орынбасары болып ауыстырылады. 2008 жылы «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалына командир болып тағайындалды. 2008 жылғы 14 сәуірде қызмет атауының өзгеруіне байланысты «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда филиалына филиал директоры болып тағайындалды. Көптеген ашық атқыламаға қатысты аварияларды жоюға белсене қатысты. Күрделі техногендік апаттар кезінде бірнеше рет авариялық-құтқару жұмыстарына басшылық етті.
Жұмыс жасаған уақытында Муминов Н.Ш. РМК Қызылорда филиалының жеке құрамның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Кәсіби құтқарушыларды дайындау, авариялық-құтқару құрал-жабдықтардың, арнайы және жедел автокөліктің қызмет атқару жағдайын жақсартуға көңіл бөлді. Тактикалық-техникалық авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, нормативтік базаны әзірлеу, ұзақ мерзімді және перспективті даму бағдарламаларын жаңартып жетілдіру жұмыстарын жүргізді.
Жемісті еңбегі үшін, жоғары біліктілігі үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министірінің «Құрмет грамотасымен», 2,3 дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен; «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» белгісімен; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«КӘАҚҚ» РМК Қызылорда филиалы 2000-2017ж.ж. аралығында 12 ашық мұнай-газ атқыламаларды жойды және жер қойнауын пайдаланушылар объектілерінде бір авариялық-қалпына келтіру жұмыстары орындалды.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде көзге түскен құтқарушылар:
Е.Е. Мырзамұратов, Сейтжанов Г. Б., Батырхан А., Жүсіпов А., Ковылов. А., Даутбаев Р. М. Жақсылықов. У., Абдуллаев С., Мусаев Е., Иманбетов А., көрсетілген құтқарушылар мынадай авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты:
-2002 ж. "Айдан-Мұнай" ЖШС келісім шарттық аумағы Арыс кен орнының №19 ұнғымасында болған аварияны жоюға қатысты, Геологиялық шиеленіс. Сұйықтықты жұтуына байланысты газ шығып отқа айналды;
-2005ж. "Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз" АҚ келісім шарттық аумағы Қызылқия кен орнының №17 ұнғымасында мұнай өндіру кезінде ашық мұнайгаз атқыламасын жоюға атсалысты;
-2005ж. "Ай-Дан Мұнай" АҚ келісім шарттық аумағы Приозерное кен орны №3 ұңғымасыда бұрғылау құбырын көтеру кезінде ашық мұнай-газ атқыламасы болды.
-2007 ж. Амангелді ЖШС келісім шарттық аумағы Амангелді кен орны №105 ұнғымасында сумен жару жұмыстары жүргізіліп болғасын, пакерді көтеру кезінде трубадан газ атқыламасы болды.
-2008ж. "Саутс-Ойл" ЖШС келісім шарттық аумағы "Кеңлік" кен орны № 8Д ұңғымасында (жанып тұрған атқылама) аварияны жоюға қатысты.
-2010ж. "Ай-Дан Мұнай" АҚ келісім шарттық аумағы Южный Сарыбұлақ кен орны №58 ұңғымадағы (жанып тұрған атқылама)аварияны жою.
-2011ж. "Амангелді Газ" ЖШС келісім шарттық аумағы Айрақты кен орны №1г ұнғымасында болған аварияны жоюға қатысты.
- 2012 ж. "Казгермұнай"БК ЖШС келісім шарттық аумағы "Нұралы"кен орны №92 ұңғымада (ашық газды атқылама) аварияны жою.
- 2014ж. "КАМ"БК ЖШС келісім шарттық аумағы "Қоныс"кен орны №К-2R ұңғымасында қалыпқа келтіру жұмысы жүргізілді. №К-2R ұңғымасында қысымдағы орталық авариялық ысырманы ауыстыру.
- 2015ж. "КТС"ЖШС келісім шарттық аумағы "Сарыбұлақ" кен орны №212 ұңғымадағы ашық газды мұнай атқылама авариясын жою.
- 2016ж. "Казгермұнай"БК ЖШС келісім шарттық аумағы "Ақсай"кен орны №11 ұңғымадағы грифонды жою.
Атқыламаға қарсы осы күнгі ұрпақ алдағы әріптестерінен берілген жетістіктерін сақтап және арттырып, эстафетаны лайықты атқарып келеді.
Атқыламаға қарсы қызметінде 37 жыл өтілі бар, техногендік сипаттағы аварияны жою және ескерту жөнінде жоғары көрсеткішке жеткен, мұнай-газ секторындағы атқыламаға қарсы қауіпсіздігінің дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосқан авариялық-құтқару қызметінің ардагері Исмаилов Саидкарим құрметті демалыста жүр. Қазіргі уақытта филиалда оның ұлы Исмаилов Равшан Саидкаримович жұмыс істейді. Әкесінің тәжірибесін лайықты қабылдап және 10 жыл бойы өзінің кәсіби міндетін құрметпен, абыроймен атқарып, әріптестеріне үлгі болып келеді.