«Ақ Берен» Атырау филиалы
Мұнай және газ ұңғымаларының құрылысын салу және пайдалану процесі, технологиялық процесс жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанның өзінде, техногендік сипаттағы авариялардың әлеуетті қауіптілігімен қатар жүреді.
Ашық мұнай және газ атқыламалары мұнай және газ өнеркәсібіндегі неғұрлым күрделі авариялар болып табылады. Көбінесе олар стихиялық апаттарға айналып, бұрғылау және мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының қызметін елеулі түрде шиеленістіріп, қосымша көптеген техниканы, адами және материалдық ресурстарды тартуды талап етеді, қоршаған табиғи ортаға орны толмас зиян келтіреді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Ақ Берен» әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасақтары әуел бастан ашық мұнай және газ атқыламалары туындауының алдын алу, ал олар орын алған жағдайда, аварияларды жоюды қамтамасыз ету үшін құрылған.
Қазақстан Республикасының атқыламаға қарсы қызметінің тарихы Кеңес Одағы дәуірінен бастау алады
КСРО Министрлер кеңесінің 1967 жылғы 23 желтоқсандағы №1145 «Ашық газ және мұнай атқыламалары туындауының алдын алу және жою жөніндегі әскерилендірілген бөлімдер мен жасақтар құру туралы» қаулысымен 1968 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық мұнай және газ атқыламалары туындауының алдын алу және жою жөніндегі бірыңғай аумақтық бригадалар әскерилендірілген бөлімдер мен жасақтар болып қайта құрылған.
Осыған байланысты, КСРО Геология министрлігінің 1968 жылғы 08 қаңтардағы №13 бұйрығына, 1973 жылғы 31 қаңтардағы №39 бұйрығына, сондай-ақ Мұнай және газ жөніндегі Қазақ өндірістік геологиялық басқармасының 1973 жылғы 23 ақпандағы №71 бұйрығына сәйкес Қазақ әскерилендірілген ашық газ және мұнай атқыламалары туындауының алдын алу және жою жөніндегі бөлімі құрылып, Гурьев қаласында орналасты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформалау бағдарламасына сәйкес, Мемлекеттік мүлікті басқару департаментінің 1997 жылғы 07 мамырдағы №83 «Қазақ әскерилендірілген ашық газ және мұнай атқыламалары туындауының алдын алу және жою бөлімін» акционерлеу туралы» қаулысымен және Атырау аумақтық мемлекттік мүлікті басқару комитетінің 1997 жылғы 13 маусымдағы №134 қаулысы негізінде «Қазақ әскерилендірілген ашық газ және мұнай атқыламалары туындауының алдын алу және жою бөлімі «Берен Тест» ашық типтегі акционерлік қоғамына («Берен Тест» АТАҚ) айналдырылды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі атқыламаға қарсы қызмет мәселелерін назардан тыс қалдырмай, егеменді Қазақстанда да жаңа кәсіпорынның құрылуына ықпал етті.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 09 қарашадағы №1139 «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттінің 1998 жылғы 17 қарашадағы №248 бұйрығымен Қазақстан Республикасының құрлығында да, теңіздері қайраңы мен су айдындарында да ашық газ және мұнай атқыламалары туындауының алдын алу және жоюға арналған әскерилендірілген атқыламаға қарсы құтқару ұйымы ретінде "Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
Орталық және үйлестіруші орган болған «Ақ Берен» РМКҚ басқарау аппараты бағынысында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан бес филиал және Атырау қаласында құтқарушыларды дайындауға арналған Оқу орталығы болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы №1154 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу арқылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы №1154 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу арқылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркесіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №4 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Ақ Берен» Атырау әскерилендірілген авариялық- құтқару бөлімі» филиалы» (бұдан әрі – ҚР ТЖМ ТЖӨҚМБК «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК «Ақ Берен» Атырау АӘБФ) болып қайта тіркелді.
Әскерилендірілген атқыламаға қарсы қызмет құрылған сәттен бастап оның бірінші басшылары:
1. Кацнельсон Е. Л. (1973 жылы құрылған күнінен бастап – 1979 ж. дейін);
2. Нагайцев В.Ф. (1979-1986 жж.);
3. Егоров Ю.Н. (1986-1992 жж.);
4. Куандыков К.М. (1992-2014 жж.);
5. Махмутов Т.У. (2014-2017 жж.) болды.
Атқыламаға қарсы қызмет жұмыс жасаған кезеңде Атырау өңірінде 370-тен астам газмұнайсубайқалулары мен 40-тан астам газ және мұнай атқыламалары жойылды, олардың ішінде: Теңіз-37, Урихтау-4, Жаңажол-373, Қаламқас, Оңтүстік Мыңтеке-3, Жаңаталап, Приозерное, Тереңөзек, Матин, Шығыс Мақат, Кеңлік және т.б. атауға болады. Тек соңғы жылдары 36-дан астам авария жойылды, оның ішінде 13-ашық атқылама, 18-газмұнайбайқалуы, 5 авариялық қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.
Әскерилендірілген атқыламаға қарсы қызмет құрылғаннан бастап өткен кезеңде жақын және алыс шетелдердегі атқыламаға қарсы қызметтермен серіктестік қатынастар қалыптасты.
Мысалы, 2009 жылы АҚШ-тың бүкіл әлемге танымал халықаралық «Wild Well Control» компаниясының шақыруымен, «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК жұмыс делегациясы АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында болып, тәжірибе алмасты.
Оның үстіне, Әзірбайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шақырумен «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК делегациясы Баку қаласында төтенше жағдайларға бірлесіп жедел әрекет ету мәселелерін талқылау үшін барып қайтты.
Алдын алу жұмысы Кәсіпорын мен оның филиалдары қызметінің негізі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінде газмұнайсубайқалулары мен ашық атқыамалар туындауының алдын алуға бағытталған.
Атқыламаға қарсы қауіпсіздіктің сақталуын алдын ала тексеруге бұрғылауда, сынауда, игеруде, пайдалануда, консервациялауда, күрделі және жерасты жөндеуінде, сондай-ақ жерасты газ қоймаларында тұрған мұнай және газ ұңғымалары жатады.
Алдын алу қызметі алдын алу жұмысы жөніндегі инженерлердің жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріне шығып, атқыламаға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін, атқыламаға қарсы жабдық бойынша техникалық құжаттаманың болуын, тіркеу журналдарын, инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшылардың (бұрғылаушылардың) атқыламаға қарсы қауіпсіздік бойынша рұқсаттарының болуын, бұрынғы тексерулер қорытындысымен берілген актілер бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылуын тексеру, тексеру актілерін құрастыру, нұсқаулық өткізу, техникалық кеңестерге қатысу, механикалық шеберханаларда және ұңғымалар сағаларында атқыламаға қарсы жабдықты қысыммен сынауды жүргізуге қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ филиалдардың инженерлік-техникалық қызметкерлері ұңғымалар құрылысына арналған техникалық жобаларды, жер қойнауын пайдаланушылардың ұңғымаларын сынау мен игеру жұмыстарының жоспарларын, сондай-ақ өнімді қабаттарды бұрғылау және ашу бағдарламаларын, атқыламаға қарсы қауіпсіздікті (ұңғымалар сағасын сағалық және атқыламаға қарсы жабдықпен байластыру) сақтауға қатысты басқа да техникалық құжаттаманы қарау және келісу жұмысын жүргізеді.
Өзара іс-қимыл жасау мақсатында, алдын алу қызметі Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріндегі өнеркәсіптік және атқыламаға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін кешенді тексерулерге шығып тұрады.
Техногендік сипаттағы аварияларды жою үшін «АТҚЫЛАМА» дабылы бойынша шығудың маңызды факторы жедел құрамның күнделікті дайындығы болып табылады. Филиалдардағы үнемі әскери дайындықты қамтамасыз ету және сақтау үшін жедел құраммен бекітілген оқу бағларламасына сәйкес теориялық, практикалық сабақтар, сондай-ақ дене-күш дайындығы сабақтары өткізіліп отырады.
Филиал орналасқан аумақта оқу-жаттығу полигоны бар, полигон бұрғыланған ұңғымамен және ұңғыма сағасына атқыламаға қарсы жабдықпен орнатылған бұрғылау қондырғысымен жабдықталған, ашық атқыламаны елесету сабақтары жүргізіледі.
Жедел құрам арнайы қышқылға төзімді, жылуға төзімді, жылу қайтарғыш, сумұнайға төзімді костюмдермен, қазіргі заманғы тыныс алу және көру органдарын қорғау құралдарымен, ауа-тыныс алу аппараттарымен, газталдау аппаратурасымен, медициналық қобдишалармен, медициналық көшіру құралдарымен жарақталған.
Авариялық қор қоймаларында жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінде орын алған аварияларды жоюда қолдану үшін қажетті түрлі тығын жабдықтары, айлабұйымдары, бейстандарт жабдықтар сақталуда.
Газталдау және ауа-тыныс алу аппаратурасын сақтауға және тестілеуге арналған тестілік прибор мен баллондарды сығылған ауамен толтыруға арналған компрессорлық қондырғы орналастырылған арнайы орынжай бар.
Филиалдың жедел құрамы үнемі «Қазқұқтқару», «Көктем» «Су тасқыны», «Қыс» РКШОЖ, жиын –семинарларына, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың жоспарларында көзделген басқа да іс-шаралраға қатысып отырады.
2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде мынадай оқу-жаттығулар өткізілді:
1) 2012 жылғы 6 маусымда Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнын өңдеу операторы- «Аджип ККО» компаниясымен, «Ақ Берен» Атырау және Маңғыстау әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасақтарымен Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп ЕРС-3 аралындағы ұңғыма сағасында «МҰНАЙ-2012» оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығулар ТЖжӨҚМБК төрағасы С.Б.Ахметовтің, «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК бастығының мұнайгаз және химия саласы бойынша орынбасары Ә.Қ.Байзаковтың басшылығымен өткізілді.
2) 2014 жылғы 26 маусымда Атырау қаласы әуежайының ұшу-қону жолағында «Қазәуеқұтқару» АҚ Атырау бөлімшесінің Ми-8 тікұшағындағы жабдықты тиеу, түсіру және зардап шегушіні көшіру тәртібі пысықталды;
3) 2014 жылғы 19 қыркүйекте «ҚазТрансОйл» АҚ БФ МББ Т.Касымов атындағы МАС аумағында, МАС қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында «МАС паркі резервуарларының бірінде мұнайдың жануы» тақырыбындағы оқу-жаттығу дабылы өткізілді;
4) 2014 жылғы 28 ақпанда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен «Көктем-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге дайындық жөніндегі Оқу-жаттығу дабылы өткізілді;
5) 2017 жылғы 28-30 қазан аралығындағы кезеңде «КӘАҚҚ» РМК Атырау филиалының оқу полигоны аумағында «Атқылама-2017» тактикалық арнайы оқу-жаттығулары өткізілді.
Қазіргі уақытта жұмыскерлердің жалпы саны 132 адамды құрайды, кадрлық құрам білікті маман-құтқарушылардан құралған.
«КӘАҚҚ» РМК Атырау филиалында еңбек еп-дағдылары мен кәсіпқойлығы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатырған құтқарушылар жұмыс жасайды, оларға мынадай отбасылары жатады:
Қуандықовтар отбасы:
Қуандықов Қ.М. (ардагер) – 1983-2016жж.;
Қуандықов Қ.Қ. (ұлы ) -2012 жылдан бастап жедел- алдын алу жұмысы жөніндегі инженер;
Нұрмашевтар отбасы:
Нұрмашев Р. (ардагер) – 1975-1990 жж.;
Нұрмашев Р.Р. (үлкен ұлы) 1982 жылдан бастап жұмыс жасайды, қазіргі уақытта - жедел автокөлік жүргізушісі;
Нұрмашев Ш.Р. (кіші ұлы) 1994 жылдан бастап взвод командирі;
Нұрмашев Р.Р. (немересі) 2011 жылдан бастап респираторшы.
Кенжиевтер отбасы:
Кенжиев К.А. (әкесі) 1982 жылдан бастап жұмыс жасайды, қазіргі уақытта - жедел- алдын алу жұмысы жөніндегі инженер;
Кенжиев А.К. (ұлы) 2013 жылдан бастап респираторшы.