Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Өткен ғасырдың  алпысыншы жылдары Қазақстан аумағының табиғат байлықтарын зерттеу кешені кең көлемді және қарқынды түрде  жүргізілді. Мұнайшылардың алдына  келесі нақты мақсат қойылды: Ақтөбе облысының  солтүстік  аудандар  аумағының құрамында  мұнай-газды  белгісі бар  құрылымдарды  барлап табу. Сол мақсатқа сәйкес, Жаңажол, Құмсай барлау алаңдарында, карбонатты қалыңдықта орналасқан, едәуір  тереңдікте  жатқан  тұзды  шөгінді қабаттардан, тұзасты шөгінділерінен мұнай және газ туындатуға қатысты барлау жұмысына үлкен болашақ ашылды.  1959 жылдан бастап бірнеше мұнай және газ кен орындары (Бостағай мен Қызылой) ашылды артынша, Ембі өзені әуітінің батыс аумағында  –  Құмсай, Көкжеде, Мортық және тағы басқалары. 1983 жылдан бастап – Қожасай мен Өріктау мұнай кен орындары, 1987 жылы - Синельниковское. 1996 жылы барлау жұмыстары Лақтыбай, Жанатан, Восточный Ақжар, Әлібекмола мен Қожасай мұнай кен орындарында жүргізіле бастады. 1997 жылдардың аяғында Ақтөбе облысының  тұз үсті аумағында 7 мұнай кен орындары, ал тұз астында – 6 мұнай мен 4 мұнайгазконденсатты кен орындары бас көтерді

Сол жылдардың өзінде, Батыс Қазақстанның мұнай байлығын зерттеумен 135 геологиялық және геофизикалық партиялары айналысқан. Іздеп-барлау жұмыстарының жылдамдатылуы және бір қатар кен орындарының ашылуына байланысты табиғи көмірсуларын барлау мен игеру үдерісіндегі жұмыстарды және жер қоры мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтатын техникалық құралдары мен жабдықтарына қойылатын талаптарды жоғарылату қажеттілігі туындай бастады. Мұнай газ  ұңғыларын  пайдалану  мен құрылысы кезі, тіпті  жоғары деңгейде ұйымдастырылған технологиялық үдерісі барысы  да  қисыны бар техногенді  сипаттағы   қауіпті авариялар болуымен жетеленді. Мұнай және газ  өнеркәсібінің ең күрделі авариялары болып табылатын – мұнай газ ашық атқыламалары, кей кезде мұнай-газ өндіретін өнеркәсіптің қызметіне айтарлықтай қиындықтар туындататын, көп көлемдегі техника мен адамдарды, материалдық ресурстардың жұмылдыруын талап ететін, қоршаған табиғат ортасына түзелмейтін залал әкелетін дүлей апатқа айналатыны белгілі.     

Осы мәселелер шешілу кешеңінің маңыздылығын ескерте отыра,  СССР Үкіметі республиканың мұнай  өнеркәсібінің  бұрғылау мен құрылысы  жұмыстарының  қауіпсіздігін күшейтуге  бағытталған бір қатар  арнай қаулы қабылдады.

Сонымен, 1970 жылғы 15 қазаннан  Ақтөбе шаһарының 41-темір жол бекетінде, бүгіңгі күні  «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын - «КӘАҚҚ» РМК Ақтөбе филиалы орналасқан жерде, СССР Геология министрлігінің 1968 жылғы 08 қаңтардағы № 43 бұйрыгы және «Казнефтегазразведка» Басқармасының 1969 жылғы 03 желтоқсандағы №84 бұйрығымен Қазақ ССР Геология министрлігінің барлық мұнайгазбарлау экспедицияларына қызмет көрсететін алғашқы әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасақ құрылған, кейінірек «Қазмұнайгазбарлау» Басқармасының бұйрығымен 1973 жылы Қазақстандық  әскериленген атқыламаға қарсы  бөлімі құрылды, оның орналасқан жері Гурьев қаласы (қазіргі Атырау).

Ақтөбе филиалы, Кеңес Одағының кезінен бастап,  атқыламаға қарсы қызметінің қалыптасуы барысында, өз қызметінің басым бағыттарын сақтай отыра, бір қатар қайта ұйымдастырулары мен ведомостволық енушіліктен өтті.

Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарғы реформалау бағдарламасына, Мемлекеттік мүлік басқармасы бойынша департаментінің 07.05.1997 жылғы № 83 «Газ және мұнай ашық атқыламаларының  алдын алу және жою  жөніндегі  қазақ  әскерилендірілген  бөлімін»  акционерлеу туралы» Қаулысы, Мемлекеттік мүлік басқармасының Атырау территориялық комитетінің 13.06.1997 жылғы  № 134 қаулысына сәйкес «Газ және мұнай ашық атқыламаларының  алдын алу және жою  жөніндегі  қазақ  әскерилендідірлген  бөлімі»  ашық түрдегі акционерлік қоғамы  «Берен Тест» АОАҚ-на қайта жасақталды.

    Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1998 жылғы 09 қарашадағы № 1139 ««Ақ Берен» Республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорын  құру туралы» қаулысын орындау  мақсатында Ақтөбе филиалы  «Ақ Берен» РМҚК  құрамына кірді, яғни ол  Қазақстан Республикасының  төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттіктің 17.11.1998 жылғы № 248 бұйрығымен  құрылған еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 30  қарашадағы № 1154 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» Республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны, төрт авариялық-құтқару қызметтерінің  тоғысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  болып қайта құрылды.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 4 бұйрығы негізінде  Ақтөбе филиалы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» Республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны құрамында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ТЖ  және өнеркісіптік қауіпсіздігінін мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» Республикалық мемлекеттік қазыналық                   кәсіпорынының «Ақ Берен» атқыламаға      қарсы әскерилендірілген жасақтың Ақтөбе филиалы ретінде қайта өзгертілді.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму  министрлігінің  кейбір мәселелері туралы» № 536 қаулысы  негізінде (28.08.2015 ж. өзгертілген) Ақтөбе филиалы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрамында,  заңнамамен белгіленген тәртіпте, қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) Ақтөбе филиалы болып қайта ұйымдастырылды.

    Ақтөбе филиалының бірінші басшысы   болып жұмыс атқарғандар: Минюков С.Я. (1970-1973 ж.ж.), Шевринский Б.Н. (1973-1982 ж.ж.), Клещев Ю.М. (1982-1990 ж.ж.), Ковалев М.И. (1990-1992 ж.ж.), Егоров Ю.Н., (1992-2012 ж.ж.), Успанғалиев Қ.А. (2012-2015 ж.ж.), Жұмабеков Т.Ж. (2015 – 2016 ж.ж.), Күшікбаев Б.З. (2016 -2017 ж.ж.), қазіргі таңда  филиал директорының міндетін,  атқыламаға қарсы    қызметтің тәжірибелі маманы Ә.Қ. Байзаков атқаруда.

    Ақтөбе филиалын ұзақ жылдар бойы Ю.Н. Егоров басқарды. Оның Қазақстандағы еңбек жолы 1972 жылдан басталады. Грозный қаласы Еңбек Қызыл Туы Ордені атағындағы Мұнай институтының «мұнайгаз  кәсіпшілігінің машина және  механизмдерінің механик-инженері»  факультетінің дипломын иеленген түлек, «Қазмұнайгазбарлау» Басқармасының  мұнайгазбарлау  экспедициясы жолдамасымен келді. 1978 жылы Ю.Егоров Газ және мұнай ашық атқыламаларының  алдын алу және жою  жөніндегі  қазақ  әскерилендірілген  бөлімі Ақтөбе әскерилендірілген жасағының атқыламаға қарсы жабдықтарын пайдалану, жөндеу және монтаждау взводын басқарды. 1984 жылы Юрий Николаевичті Ақтөбе атқыламаға қарсы әскерилендірілген  бөлім командирінің орынбасары етіп, екі жылдан соң – Қазақ әскерилендірілген  бөлім  бастығы лауазымдарына тағайындады, 1992 - 2012 жылдар  аралығында Ақтөбе филиалының тұрақты басшысы болып жұмыс жасады.

       Атқыламаға қарсы қызметінің кәсіби әрекеті барысында, оның жеке құрамы республика бойынша 40-тан астам ашық атқыламаларын және   370-тен астам  газмұнайлы  көріністерін жойды.

        Ақтөбе филиалының қатысуымен  әр түрлі жылдары  жойылған ірі мұнайгаз ашық атықламалары:

1970 ж. Кенкияқ № 88 Ақтөбе облысы;

1973 ж. Кенкияқ № 93 Ақтөбе облысы;

1975 ж. Кенкияқ № 96 Ақтөбе облысы;

1979 ж. Жаңажол № 4 Ақтөбе облысы;

1980 ж. Жаңажол  № 19 Ақтөбе облысы;

1982 ж. Өріктау № 4 Ақтөбе облысы;

 Ю. Егоровтың басқаруымен филиалдың жедел  тобы, белгілі Теңгиз  кен орынының № 37 ұңғымасында орын алған өте қапалы аварияны жоюға қатысты, осының өзі атқыламаны жоюш     ыларға өте  жауапты емтихан тапсырғанмен бірдей  болды. Атқыламаның ағыны, қуаттылығы және құрамында зиянды қоспасы бар жағынан, күрделілігі,  жою мерзімі мен кең көлемді  жұмылдырырып  тартылған  адам ресурстары бойынша бұндай апат әлем тәжірибесінде болған емес. Бүгін, көп жылдар өткен соң,  37 ұңғымадағы  аварияны жою  материалдары «Газ және мұнай ашық атқыламаларының  алдын алу және жою  жөніндегі  әлемдік  оқулық ретінде»  мамандарды даярлау кезінде  пайдаланады.

    Қазақстанның Тәуелсіздік  алған жылдарында,  Ақтөбе филиалы өнеркәсіптік  объектілерде әр түрлі жағдайдағы экологиялық зиянды жүгенсіз дүлей апаттарда бірнеше рет  өзін іс жүзінде кәсіби жоғары біліктілер  ретінде таныта білді. Осы аталған жылдар аралығында,  филиалдың  сапалы түрде өткізген  алдын алу жұмыстарының  арқасында,  ауыр авариялар  бастан өткерген жоқ.

Атқыламаға қарсы қызметінің кәсіби әрекеті барысында, Қазақстанда мұнай апаттарын жою мен алдын алу жөніндегі мәселелерді жоғары деңгейде шешу қабылеті бар, атқыламаға қарсы құтқарушылар, жоғары білікті жұмысшылар, арасында ардагерлері де бар үлкен  ұжымнан құралған  өте мықты, жедел ден қою жүйесі қалыптастырылған: Боранов В.В., Клещев Ю.Н., Ковалев М.И., Коралев В.А., Ширяев В.Я., Павлов В.Н., Павлов В.П., Козырев А.Н., Аминов Т.И., Панарин С.М., Мунтян В.С., Розанов А.В. және тағы өзгелері де бар, біреулері  бұл өмірден озған, біреулері жақын шет елдерде өмір сүруге қоныс аударған, біреулері  зейнеткерлік демалыста, енді біреулері  әлі де арамызда  жұмыс істеуде. Сол сияқты, филиалда  әулетімен - атқыламаға қарсы құтқарушы   қызметтің Тажғоразовтар, Джанабергеновтер, Козыревтер, Аминовтер, Лысенколар атқаруда. Филиал жеке құрамы арасынан  апат жою барысында қаза тапқан  құтқарушылар  болған емес.

Газ және мұнай  атқыламаларының  алдын алу және жою  қызметін орталықтандыру мен мақсатты құру жылдарында, аварияны жоюдың тәжірибесі мен техникалық жетілдірілген  қызметі жиналып, қәзіргі күнде де өзекті қалыптан тыс жабдықтар, бақылау мен қорғау құралдары, экипировкасы мен материалдары, техникалық жобалары және  шешімдері өнделіп енгізілген.

Қазақстанның Тәуелсіздік алған кезеңінде, атқыламаға қарсы әскерилендірілген қызметі  жақын және  алыс шет елдермен  серіктестік байланысын ретке келтірді. 2009 жылы  АҚШ  «Wild Well Control»  компаниясының шақыруымен Ақтөбе филиалының  алдын алу жұмысы жөніндегі инженерлері мен «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК  жұмысшы  делегаттары Хьюстон қаласына, сол сияқты Беларусь және Башкортостан республикаларына тәжірибе алмасу  мақсатында барып қайтты.

Бүгінгі күні, Ақтөбе филиалының  жедел құрамы атқылап тұрған ұңғыма сағаларындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстары барысындағы күрделі операцияларын жүргізу бойынша көптеген қажетті тәжірибеге дағдыланған.   Ол тәжірибе,  авария жою барысында, өндірістік жұмыстардың нәтижесінде және шынайы ахуалға максималды жақындатылған жағдада өткізілетін тәжірибелі-оқу жаттығу сабақтарынан, шынығу полигондарында  жинақталған. Теориялық  сабақтарды  оқу жылы бойы айқындалған тәртіппен басшылық, инженерлі-сақтандыру және жедел құрамның арасынан тағайындалған тәжірибелі мамандар өткізеді.

Қазіргі таңда,  филиал   қызметкерлерінің штаттық саны 126 адам, ұйымдық құрылымына әкімшілік-техникалық және жедел-алдын алу  құрамдары кіреді.

Филиал өз қызметін, бөлімшелер әрекетін реттейтін, нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тәулік бойы әскери дайындық тәртіпте іске асырады.      

Ақтөбе филиалының жедел техникасы, арнайы құралдары мен жабдықтары ықтимал апаттарға шұғыл түрде шығуға тұрақты дайындықта ұсталады, ал жеке құрамы қауіпті өндірістік объектілерінде технологиялық мәселелерді шешуге дайын. 


Біздің тапсырыс берушілер