Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Павлодар филиалы

Құрал-жабдықтар

Жоғары температуралы және тыныс алуға келмейтін атмосферадағы жұмыстарды қоса алғанда жер үстінде, карьерлер мен жерасты кеніштерінде кез келген күрделі аварияларды жою бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар зардап шеккендерді іздеу мен құтқару үшін Павлодар филиалының меншігінде 600-тен астам авариялық-құтқару құрал-жабдықтары бар.

Оттегі-оқшаулағыш аппаратура мен газдыаналитикалық жабдық

Павлодар филиалы қорғаныс әрекеті 4 сағатқа созылатын – 30 оттегі-оқшаулағыш респираторларымен (184 дана) және 2 сағаттық – 34 көмекші респираторлармен (108 дана), ауа-тыныс алу аппараттарымен, баллондарды жоғары пайызды медициналық оттегімен толтыру компрессорларымен жабдықталған, түрлі газдар мен жарылысқауіпті концентрацияларды анықтау үшін газдыаналитикалық жабдықтардың барлық спектрі бар.

Шаң-газ талдау зертханасы

Шаң-газ талдау зертханасы (бұдан әрі – ШГТЗ) жерасты қазбаларының қалыпты жұмысы мен авариялық жағдай кезеңіндегі шаң-газ тәртібі бойынша шаралардың тиімділігін бақылайтын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар филиалы Екібастұз әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Тау-кен құтқару жұмыстарын орындау кезінде КӘАҚҚ қолданатын заттар мен материалдардың сапасын талдайды. Зертхана жыл сайын қызмет көрсету нысандарының кенішті ауасының газдылығы мен шаңдылығына 2000 астам сынамалар жүргізеді.

Павлодар филиалының шаң-газ талдау зертханасы аттестатталған және тексерілетін нысандарға сенімді бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлардың барын растайтын куәлігі бар.

Павлодар филиалының шаң-газ талдау зертханасы штаттық кестеге сәйкес келесі лауазымдармен қамтылған: ШГТЗ жетекші маманы және ШГТЗ аға маманы.

Кеніш ауасын, көмір және тау жынысының шаңын іріктеу және талдау бойынша жұмыстарды орындау үшін зертхана қажетті кабинетпен, аппаратурамен, құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған. Аса күрделі және созылмалы авариялар кезінде жерасты қазбаларына газталдау қызметін көрсету жұмысы тікелей шахталарда жүргізіледі. Бұл мақсатта ШГТЗ мамандары шахтаға шығып, далалық зертханада қызмет етеді.

Жабдықтар

Шахтада аварияға тап болған зардап шеккендерді іздеу мен құтқару бойынша және кез келген күрделі аварияларды жою үшін Павлодар филиалының меншігінде 650-тен астам авариялық-құтқару жабдықтары бар.

Техника мен арнайы техника

Павлодар филиалының меншігінде кез келген күрделі авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізуге және кез келген ауа райы жағдайында құтқарушыларды жеткізге мүмкіндік беретін 102 бірлік автокөлік пен арнайы техникалары бар.

Біздің тапсырыс берушілер