Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Жезқазған филиалы»

Филиалдың құрылу тарихы өз бастауын 1934 жылы Жезқазған кенішінде 10-шы тау-кен құтқару жасағының құрылуынан алады, жасақ Жезқазған аймағының көмір, мыс кеніштері кәсіпорындарына құрамындағы 2 жедел взводпен: 1.Жезқазған жедел взводы, 2. 3 бөлімшеден тұратын 1-ші Байқоңыр взводы, Жезқазғаннан 120 шақырым орналасқан, қызмет көрсетеді.

 Жасақ штабы және жедел взвод №№ 12,34 шахталарының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында орналасып, кейін осы ғимараттарда толықтай жайғасып, 1963 жылға дейін болады.

Жезқазған және 1-ші Байқоңыр взводтарының жабдықтарында екі-екіден күйме болған, аттарды 12-сағаттан күйме жанында кезекшілікте ұстап, кейін алмастырып отырған. Авариялық дабыл арқылы шақыру кезінде кезекші арбакештер аттарды күймеге жегіп, әр бөлімше жеке-жеке өз күймелерімен авариялы шахтаға аттанып отырған.

1948 жылы жасаққа алғашқы рет 2 автокөлік беріледі, олар бір-бірден әр взводтың күймесін алмастырады.

1948 жылға дейін қолданыста 3 сағатқа жарамды «Дрегер-2» және 2 сағатқа жарамды «КИМ-5» респираторлары болды. 1948 жылдан бастап, «Урал-I» респираторларымен қайта жабдықталды.

Жасақ құрамындағы бөлімдер:

1.       Ақшатау взводы 1958 жылдан-1960 жылға дейін.

2.       Қоңырат взводы 1944 жылдан-1958 жылға дейін.

3.       Өспен взводы 1946 жылдан-1959 жылға дейін.

4.       Қаражал взводы 1957 жылдан-1964 жылға дейін.

5.       Байқоңыр взводы 1934 жылдан-1953 жылға дейін.

6.       Жезді пункті 1947 жылдан-1973 жылға дейін.

7.       Газталдағыш взводы 01.02.1974 жылдан бастап.

Жасақ штаты жыл сайын өсіп отырды. 1966 жылы кеніштерді депрессионды-түсіру группасы құрылды, ал 1968 жылы жасақ құрамына Қарағанды прибор жөндеу зауытының шахтаның канатты-сынақтан өткізу стансасы қабылданды.

1973 жылға қарай жедел бөлімшелердің саны 7-ге дейін артып, 1974 жылдың ақпан айында газталдағыш қызметі взвод болып қайта құрылды. Жасақ ғимараттары кеңейтіліп, оған жатпарлас жатқан жылыту орталығы газталдағыш взводының кеңселеріне сай келтіріліп қайта салынды, ал канатты-сынақтау стансасы және депрессиондық-түсіру группасы № 51 шахтасының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратына көшірілді. 1976 жылдың 19-шы қаңтарында Қаз. ССР ТММ-нің № 38-ші нұсқауына сәйкес, 1976 жылдың 4-тоқсанында бірінші Жезқазған тау-кен құтқару взводы құрылды. 1978 жылдың 1-ші ақпанынан бастап, жедел взвод қызмет көрсетудің тәулік бойы, циклдік қызмет көрсету үлгісіне ауысымды нөмірлі взвод басшысымен өтеді. Осыған байланысты 1978 жылдың 28-ші қаңтарында ӘТҚБ (ВГСЧ) телеграммасы негізінде 1-ші взвод жедел взводтың құрамына жедел нөмірлі взвод түрінде енгізілді. Жедел взводта бөлімшелер саны 9-ға дейін артып, одан әрі өсе түседі. 1958 жылға дейін 10-ӘТҚЖ орталық және оңтүстік ӘТҚБ (ВГСЧ) штабына, 1958-1966 жылдар аралығында Қарағанды кеңес халық шаруашылығына (совнархозына), бағынады, осы кезеңде жасақ 2-ші ӘТҚЖ болып аталады. 1966 жылдан  бастап, 1972 жылдар кезеңінде Орталық және Оңтүстік ӘТҚБ (ВГСЧ) штабына, 1966 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 2-ші ӘТҚЖ, 27-ші ӘТҚЖ болып өзгертіледі (Қазақ ССР-ның Орталық және Оңтүстік ӘТҚБ-ның басшысының бұйрығы). 1997 жылдың 15-ші ақпанында мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабының № 61-к бұйрығымен 27-ші ӘТҚЖ 1997 жылдың 22-ші желтоқсанынан бастап, Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын Жезқазған әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы (ЖӘТҚЖ) болып өзгертілді.

2000 жылдың 12-ші қыркүйегінде Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі «Кен», Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Агенствосының № 91-к бұйрығына сәйкес Жезқазған әскерилендірілген тау-кен жасағы РМҚК ӘАҚҚ «Кен» ҚР ТЖА болып өзгертілді.

  2005 жылдың 3-ші мамырында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі «Кен», төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті  Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларының министрлігінің № 25 нұсқауына сәйкес ЖӘТҚЖ-ы, төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларының министрлігіне қарасты ЖӘТҚҚ «Кен» филиалы болып өзгертілді. 

2008 жылдың 14-ші сәуірінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабының» № 11-ші нұсқауына сәйкес ЖӘТҚЖ филиалы «Жезқазған әскерилендірілген тау-кен жасағы» болып өзгертілді,мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты.

«Жезқазған әскерилендірілген тау-кен құтқару жасақ» - филиалы, мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінен, «Жезқазған әскерилендірілген құтқару жасақ» - филиалы  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» болып, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне өтіп қайта тіркелді. Заңды тұлғаны қайта тіркеу куәлігі № 12-1930-30-Ф-л 31.03.2015 жыл.

  «Жезқазған әскерилендірілген құтқару жасақ» - филиалы  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінен,«Жезқазған әскерилендірілген құтқару жасақ» - филиалы  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» индустриялдық даму және өнеркәсіптік комитеті Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне қайта тіркелді. Нұсқау № 113 25.05.2015жыл.

2015 жылы «Жезқазған әскерилендірілген құтқару жасақ» - филиалы  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі орталық штабы» индустриялдық даму және өнеркәсіптік комитеті Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінен, Қазақстан Республикасы инвестициялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық–құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жезқазған филиалы болып қайта тіркелді. Нұсқау № 25 10.09.2015 жыл.Заңды тұлғаны қайта тіркеу куәлігі № 12-1930-30-Ф-л 30.09.2015 жыл.

Филиалдың (жасақтың) алғашқы басшылары: 

1.   Даулетов Ш.Д. 1971-1986 жылдар аралығы.

2.   Силаев В.И. 1986-1997 жылдар аралығы.

3.   Прохасько Г.Г. 1997-2006 жылдар аралығы.

Қазіргі кезде филиалдың директоры – Байқоңыров М.К.

Қазақстан Республикасы егемендік алған уақыттан бері 79 авариялық- құтқару, төтенше жағдайларды жою жұмыстарында 16 адам құтқарылып, 140 адам авариялық жерден қауіпсіз жерге шығарылды. Жезқазған филиалының штаты 227 адамнан тұрады, олар 12 бөлімшеге бөлінген, оның ішінде 4 бөлімше 35 адам санымен «Жомарт» кенішінде вахталық әдіспен қызмет етеді.

  Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде біліктіліктерімен ерекшеленген төменде көрсетілген қызметкерлерді атап өтуге болады:

Сатыбалдин М.И., Бабагулов А.К., Сердюк Ф.А., Ибраев К.С., Карбозов А.Т., Кенс Р.Р., Машенов К.Т., Буканов С.С., Карбузов Б.Ж., Найманбаев Б.М., Оспанов Н.Н., Айылбеков К.С., Баекенов Р.Р., Перегинец П.А. және т.б.

Жасақ құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін көптеген еңбек ардагерлері қызмет етіп, олардың ұрпақтары бүгінде авариялық-құтқару қызметінде династиялық дәстүрді жалғастырып еңбек етуде, атап айтсақ олар: Даулетовтер, Кенстер, Садуақасовтар, Манишендер, Силаевтар, Бөпей және Карбозовтар.


Біздің тапсырыс берушілер