Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Шығыс Қазақстан филиалы

«КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Шығыс Қзақатсн филиалы Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына Лениногор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы қосылуы нәтижесінде 2015 жылғы қыркүйегінде құрылды.

Екі филиалдың тарихы бір-бірімен тығыз байланысты, екі филиал да Қазақстан Республикасындағы кәсіби әскерилендірілген тау-кен құтқару қызметінің негіз салушылары болып табылды және жиырмасыншы жүз жылдықтың отызыншы жылдарынан өз кәсіби қызметінің санауын жүргізді, өз бөлімшелерінің тарихи жылнамасында талай жарқын кезеңдер, жүздеген жойылған авариялар мен кеншілердің құтқарылған өмірлері бар.

Ертіс ЖӘТҚВ.

Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка кентінде тау-кен құтқару бөлімшесін құру тарихы, Республикада тау-кен шығару ісін дамыту тарихымен тығыз байланысты.

1937 жылы Белоусов кенішінде алғашқы рет 8 адам санында тау-кен құтқару пункт ұйымдастырылды.( пункт командирі жолд.Заднепрядный, оның көмешісі, жауынгер-электртемір шебері және 5 жауынгер-респираторшы). Типтік қызметтік үй-жайы болған емес, және пункт тұтынудан қалған бейімделген үй-жайларда орналасқан еді (барактар, Петровская» мен «Капитальная» шахталарының қосалқы бөлімшері). Сол кезде пункттың қару-жарағында бары: 2 сағат әрекеттік РКР-1, КИП-5 респираторлары, қол оттекті сорғысы, «ИНХОБАТ» рамасы, ингялатор, гидропульт-балдағы, «Красный факел» өрт сөндіру сорғысы, «Ходот» бақылау аспабы. Шақыртуға шығуға арналған автокөліктер болмады. Пункт орналасуынан «Петровская» мен «Новая» шахталарына дейін жабдықтармен қозғалыс жаяу жүзеге асырылған. Пункт «Салаир апатына» дейін жасап тұрды, бұл жағдай пункттердің төмен жауынгерлік әзірлігін, жеткіліксіз даярлығы мен адам аздығын көрсетті.

 

1943 жылы пункт әскерилендірілген тау-кен құтқару взводына қайта ұйымдастырылды, ал штаты 13адамға дейін көбейтілді. Взвод қару-жарағында көбірек жетілдірілген құрылымдағы дүркінді зарядтау регенерациялы патрондарымен 2 сағат әрекеттік РКР-2 респираторлары пайда болды. Аварияға шақырту бойынша шахтаға бөлімшені жеткізу үшін автокөліктер ретінде ат-арба пайдаланған.

1947 жылы жауынгерлік есептобында болып табылған ГАЗ-АА автокөлігі бөлінеді. 1949 жылы тағы да бір ГАЗ-ММ автокөлігі келіп түсті және взвод саны 16 адамға дейін жеткізілген. Бұл кезде взвод командирі Н.Н. Ахрямкин болған еді.

Березовка кеніші дамуымен, 1948 жылдың күзінде 15 адам санымен тау-кен құтқару взвод ұйымдастырылады.

1950 жылдың 15 наурызында Белоусов взводының негізінде 28 ӘТКҚЖ ұйымдастырылады (кейін 32 ӘТКҚЖ аты ауыстырылады, бұдан кейін Ертіс ӘТКҚЖ).

Жасаққа бағынышты болғандар:

1)      Белоусов жедел взводы;

2)      Берехов взводы

3)      Золотушин взводы

4)      Колыван взводы

5)      Зырян взводы

6)      Чердояк взводы.

1951 жылдың сәуірінде 28 ӘТКҚЖ-ан, жаңа қүрылған 23 ӘТКҚЖ-на Зырян мен Чердояк взводы бөлінді.

1952 жылдың тамызында жедел взводтың қару-жарағына ГАЗ-63 автокөлігі түсті. Бұз кезең бойынша бұл автокөлік мүлде жаңа құрылымда болған және жақсы техникалық сипаттамамен жолсыздықта жоғары өткіштікке ие болды. Жедел взвод «Урал-1» мен РКК-1,ККШ-200 сығымдағыштарымен, ГАЗ-ММ мен ГАЗ-63 екі жауынгерлік автокөліктерімен, ГАЗ-67 бір жеңіл автокөлігімен және ГАЗ-ММ бір шаруашылық автокөлігімен жабдықталған болған. Березовка взводы бір ГАЗ-ММ жауынгерлік автокөлігін және ГАЗ-АА бір шаруашылық автокөлігін пайдаланған.

Кенхалшар ұйымымен 1957 жылдың шілде-тамызында Колыван мен Золотушин взводтары Алтай кенхалшарының қарауына тапсырылды.

1969 жылы Белоусов жасағымен Огневка кенішінің көмекші командасынан Огневка взводы құрылған, 1972 жылы Зырян жасағының бағынуына берілді. 1972 жылдың мамырында Боко, Бақыршық, Октябрьский, «Алтазолото» комбинатына қызмет көрсету мақсатында тау-кен құтқару пункт ұйымдастырылады, кейін 1975 жылдың маусымында 3 бөлімше құрамында 4-ші Бақыршық взводы. 1975 жылдың желтоқсанында Золотушин жасағының қарауына тапсырылды. 1971 жылы Ертіс взводы үшін типтік қызметтік ғимаратты құру туралы шешім қабылданды және 1972 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ертіс ӘТҚЖ жеке құрамы қызмет етуге жаңа ғимаратта кірісті. 1972 жылдың мамырында Бақыршық кенішінде 32-ші ӘТҚЖ құрамында тау-кен құтқару пункт ұймдастырылды. 1975 жылғы 5 тамызында Бақыршық пункті 32-ші ӘТҚВ құрамындағы 4-ші Бақыршық взводына атын ауыстырды. 1976 жылғы 1 қаңтарынан взвод 34-ші ӘТҚЖ (Горняк қ.) тапсырылды. 1987 жылғы1 қаңтарынан взвод 32-ші ӘТҚЖ құрамына тапсырылды.   1998 жылдан бастап 32-ші ӘТҚЖ құрамына Белогор КБК қызмет көрсету үшін Огнёвка взводы тапсырылды.     1991 жылдан бастап 32-ші ӘТҚЖ құрамына Жезкент КБК қызмет көрсету үшін Жезкент взводы тапсырылды. 2010 жылдың қаңтарында Ертіс ӘТҚЖ филиалының құрамында «Суздальский» кенішінде Суздаль взводы ұйымдастырылды.

Лениногор ӘТҚЖ

Лениногор кенорнының кеніштерінде алғашқы тау-кен құтқару станциясы, зауыт дуалы ішінде орналасқан пункт құрамында, 1932 жылы құрылған.

Пункт жеке құрамының бастапқы саны 8 адам құрайтын, пункт командирін қоса алғанда. Бөлімшелер 2,3 адамнан тұратын. Пункттің қару-жарағында 2 сағат әрекеттік Дрегер респираторлары бар болған.

1934 жылы 4-ші жеке ӘТҚВ ұйымдастырылған, ол кеніштерден 3 км қашықтықта орналасқан. Взвод РКР-1 отандық респираторларымен жабдықталған болған. 1936 жылы РКР-2 респираторлары және ГАЗ-ММ бірінші жедел автокөлігі алынды. 1942 жылдың ақпанында 4 ӘТҚВ 6-шы ӘТҚВ Жедел взводына қайта ұйымдастырылды, Штабы Новосибирск қаласында болатын. Кеніштер дамуына қарай және ауыр авариялар пайда болу нәтижесінде, жасақ жеке құрамының, сонымен қатар Жедел взводының саны үнемі көбейіп келе жатты.

Алғаш жасақ құрамына, Жедел мен нөмірлік Беріқұл взводтарынан басқа, 6 пункт кірді: Зырян, Белоусов, Салаир, Артемовск, Орталық, Ақжал, сондай ақ 1943 ж. бастап 1945 ж. дейін взводтарға атаулары өзгертілді.

1944 жылдың қаңтарында жасақ штабына Лениногор қаласы ауыстырылады, ал Дмитрий Иванович ШУРАВКО Лениногор жасағының бірінші командирі болады. Дәл сол 1944 жылы Лениногор ӘТКҚЖ взводының құрамында Кен Алтайдың кен кәсіпорындары үшін канаттарды сынау бойынша канаттық-сынау станция ашылады, бүгінгі күнге дейін қызмет жасайды.

1945 жылдың аяғында Алма-Аты қаласынан Сібір, Алтай мен Қазақстан ӘТКҚБ Лениногор қаласына көшірілді, және оны тау-кен құтқару қызметінің ен қарт ұйымдастырушысы Андрей Филиппович ЛОСЬЕВ басқарды. Лениногор қаласындағы оның қызметімен ЛӘТКҚЖ одан әрі дамуы мен бекінісі байланысты. 1949 жылы Лениногор полиметал комбинатының кенішінде мәжбүрлі блокты құлату жүйесін енгізуден кейін, кенді өндіру 4 есе көбейді.

1950 жылы барлық взводтар (6-шы ӘТҚЖ қарауында болып табылған Жедел взводынан басқа) одан бөлініп Белоусов жасағына тапсырылды. 1952 жылы пайдалануға жаңа қызметттік үй-жай тапсырылды, сонда бүгінгі күнге дейін болып табылады. Кеніштерде жеке құрамымен орындалатын техникалық жұмыстардың көлемі көбеюі себебінен Жедел взводтағы бөлімшелер саны 3-тен 6-ға дейін көбейтілді.     

 

Бөлімшелер 7-8 адамнан тұратын. Жасақ қару-жарағында сол заманға сай барлық қажетті ең жаңа тау-кен құтқару мен өртке қарсы жабдығы бар болып табылатын: Урал-1, РКК-1 респираторлары, ККШ-200 электр оттекті сығымдағыштары, әмбебап бақылау аспаптары, әмбебап бұранды үскілеп, телефондар және т.б. Сонымен қатар жасақ автокөлік құралдарымен жақсы жабдықталған болған (5 жедел пен бір шаруашылық автокөлікбар болатын).

Жасақта 6-шы ӘТҚЖ ғана емес, басқа да Алтай мен Сібір жасақтарының тау-кен құтқару мен өртке қарсы жабдығына жөндеу жасайтын техникалық шеберхана бар болып табылатын. Жасақтық газталдау зертханасы барлық қажетті аппаратурамен, реактивтермен жабдықталған болған. 1969 жылғы 1 сәуірінде Тишин ӘТКҚП ашылды, 3 бөлімше құрамында, РЭШ өнеркәсіптік алаңшасында орналасатын, ал бір жылдан кейін пункт 1-Тишин взводына қайта ұйымдастырылды.

1974 жылдың желтоқсанында Тишин взводының тарихында өте маңызды оқиға орын алды – тау-кен құтқару қызмет ету талаптарына сәйкес келетін жаңа қызметтік үй-жайға көшті. Бөлімшелер саны 4- ке дейін жеткізілді. ҚСРО ТММ бұйрығына сәйкес 1967 жылы Лениногор полиметал комбинатымен жасаққа кеніштердегі шаң бақылауы мен шаң зертханасы тапсырылды. 1976 жылы жасақ құрамында АҚТ тобы ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан филиалының бөлімшелері адамдарды құтқару, техноген авариялардың салдарын жою кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді, аварияларды жою жоспарын өңдеуіне қатысады, техникалық пен профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бүгінгі күнге «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының

құрамына төмендегі шаңгазталдау зертханалары бар бөлімшелер кіреді:

1)      Жезкент ЖӘТҚВ

2)      Ертіс ЖӘТҚВ

3)      Артемьев ЖӘТҚВ

4)      Риддер ЖӘТҚВ

5)      Тишин ЖӘТҚВ

6)      Малеев ЖӘТҚВ

7)      Белоусов ЖӘТҚВ

8)      Ақтоғай ЖӘТҚВ

9)      ӨМК «Қазмырыш» ЖШС КАҚК

Филиалдың құрамында келесі өндірістік нысандар

болып табылады:

ӨЖШ – өндірістік жөндеу шеберханалары, Риддер қ. болып табылады, индикаторлық түтікшелер мен АМ-5 аспираторларынан тұратын кеніш атмосферасын жедел талдау аспаптары ГХЖ жасап шығарылады. Индикаторлық түтікшелер тікелей шахтаның кен қазбаларында кеніш ауасында газ компоненттерін жедел анықтау үшін арналған және еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамту мақсатында тау-кен құтқару жұмыстар мен кен жұмыстарын жүргізу барысында газ ортасын бақылау үшін пайдаланады.

КСС- канаттық-сынау станциясы Қазақстанның барлық тау-кен өңдіру өндіріс салаларының кеніштері үшін канаттар сынауын жүргізеді. Бұл сынаулар кеніштік көтерілістерінің клетьтарында адамдарды көтеру мен түсіру кезінде қауіпсіздікті камтамасыз етуге, сенімділікке, және беріктілігіне. Солардың қорытындылары бойынша шахта канаттарының жарамдылығы мен жарамсыздығы туралы «Куәлігі» беріледі. Заманауи КСС сынамаларды жүргізуге тиісті құжаттамаға ие және қажетті жабдықтармен жабдықталған.

АҚТҚ – ауа-қысымдық түсірім қызметі шахта желдетуін бақылау қызметі болып табылады, әр жұмыс орнын тікелей ауамен қамту, қазбалар жүйесі бойынша депрессия таралымын анықтауға, және барлық шахтаның, жеке қазбалардың аэродинамикалық кедергісін анықтауға мүмкіндік береді. Шахта кен қазбаларында ауаның есептік шығынын қамтуына бақылау қызмет көрсетілетін нысандарда кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз жағдайларды жасау бойынша негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Сондай ақ зор әрі маңызы аз емес жұмыс кеніш атмосферасын зерттеу бойынша жұмыс зертханаларда жұргізіледі. Жер астындағы жұмыс кезінде ең негізгі қауіпті факторлардың бірі кеніш атмосферасында әр түрлі газдардың жарылысқауіпті мен ұлы концентрациясы. Зертхапнашылар жұмысына: атмосфераның қауіпсіздігін бағалау, экологиялық мониторинг, шаңгаз тәртібін сақтауына бақылау.

Филиалдың алғашқы басшылары:

1.      А.К. Жүнісов – жұмыс кезеңі -1981-200ж.ж.

2.      А.А. Грузинов – жұмыс кезеңі – 1980-2008ж.ж.

3.      В.А. Мирошниченко – жұмыс кезеңі – 1980-2016ж.ж.

Өтіп кеткен қайта ұйымдастырулар хронологиясы:

Зырян жасағы

1952 ж. 2-ші әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы – 23-ші әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағына атын өзгертті. (Түсті металлургия Министрлігінің 1952 жылғы 01 сәуірдегі №123 бұйрығы).

1963ж. 23-ші ӘТҚЖ жасағы 31-ші Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағына атын өзгертті. (Түстіметмин ӘТҚБ штабының 1963 жылғы 05 қаңтардағы №16 бұйрығы).

1977ж. 31-ші Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы Зырян әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы Қазыналық кәсіпорнына атын өзгертті ( Қазақстан Республикасы Экономика мен сауда Министрлігінің 1997 жылғы 06 қазандағы бұйрығы). 2000ж. Зырян әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы Қазыналық кәсіпорны ТЖ жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Кен» ӘАҚҚ» РМҚК Зырян әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына атын өзгертті. (ТЖ жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Кен» ӘАҚҚ» РМҚК 2000 жылғы 15 тамыздағы №186 бұйрығы).

2005ж. ТЖ жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Кен» ӘАҚҚ» РМҚК Зырян әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кен» әскерилендірілген тау-кен құтқару қызметі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің" 2005 жылғы 24 ақпандағы №62 бұйрығы).

2008ж. Зырян әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кен» әскерилендірілген тау-кен құтқару қызметінің филиалы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы » әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалына атын өзгертті. (ҚР ТЖМ ТЖ және ӨҚ МБК 2008 жылғы 14 сәуірдегі №12 бұйрығы)

2012ж. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы » әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Зырян Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы - қайта ұйымдастырылды, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы » әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалына қосылу жолымен (ҚР ТЖМ ТЖ және ӨҚ МБК «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК 2012 жылғы 04 қаңтардағы №01 бұйрығы).

Лениного жасағы

1996 жылы 1-ші әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы -30-ші әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағына атын өзгертті, негіздемесі 26.04.1966ж. № 37/к бұйрығы. ӘТҚБ орналасу орны Лениногор қ.

1997ж. 30-ші ӘТКҚЖ - «Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» қазыналық кәсіпорнына атын өзгертті. (Қазақстан Республикасы Экономика мен сауда Министрлігінің 06.10.1997ж. № 186/к бұйрығы).

2000ж. ЛӘТКҚЖасағы қазыналық кәсіпорны –Қазақстан Республикасы ТЖ жөніндегі Агенттігі «Кен» РМҚК Лениногор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына атын өзгертті. (22.09.2000ж. № 93/к бұйрығы).

2006ж.

Қазақстан Республикасы ТЖ жөніндегі Агенттігі «Кен» РМҚК Лениногор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы - Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «Кен» РМҚК Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына атын өзгертті (11.02.2006ж. № 34 бұйрығы).

2008ж. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «Кен» РМҚК Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы - Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына атын өзгертті. (14.04.2008ж. № 14 бұйрығы).

2010ж. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК филиалының «Өндірістік –жөндеу шеберханалары» қайта ұймдастырылып Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына қосылды. («КӘАҚҚ ОШ» РМҚК басшысының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 87 бұйрығы).

2015ж. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалына атын өзгертті. («КӘАҚҚ» РМҚК 2015 жылғы 25 мамырдағы №118 бұйрығы).

2015ж. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Ленинигор әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалы қайта ұйымдастырылды – «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК «Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалына қосылу жолымен. («КӘАҚҚ» » РМК 2015 жылғы 07 қыркүйектегі №7 бұйрығы).

2015ж. «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК «Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалына атын өзгертті. («КӘАҚҚ» РМК 2015 жылғы 10 қыркүйектегі №25 бұйрығы).

Шығыс Қазақстан филиалында өз еңбек дағдылары мен кәсіпқойлығын ұрпақтан ұрпаққа тапсырып жататын құтқарушылар да бар, солардың ішіне осы отбасылар жатады:

Бордулиндер жанұясы

С.З. Бордулин әкесі (жұмыс мерзімі 1955-1950жж.) 30 ӘТКҚЖ бөлімше командирі;

Е.В. Бородулина – шешесі (жұмыс мерзімі 1967-1988жж.) 30 ӘТКҚЖ силикогель жуушысы;

А.С. Бородулин –ұлы 1 санатты инженері, Лениногор ӘТКҚЖ;

С.С. Бородулин - ұлы 1 санатты инженері, Лениногор ӘТКҚЖ;

Филипповтар жанұясы

Ю.В. Филиппов - әкесі (жұмыс мерзімі 1968-1992жж.) респираторшы, 30 ӘТКҚЖ

Л.И. Филиппова шешесі (жұмыс мерзімі 1973-2011жж.) ӨЖШ жұмысшы-аппаратшысы, лениногор ӘТКҚЖ

И.Ю. Филиппов – ұлы респираторшы, Лениногор ӘТКҚЖ.

Дементьевтер жанұясы

В.П. Дементьев әкесі (жұмыс мерзімі 1972-1999жж.) 30 ӘТКҚЖ бөлімше командирі

А.В. Дементьев ұлы респираторшы

Лениногор ӘТКҚЖ;

Гилевтер жанұясы

И.П. Гилев әкесі 30 ӘТКҚЖ бөлімше командирі

С.И. Гилев әкесі бөлімше командирі

Лениногор ӘТКҚЖ;

В. Паршутинның жанұясы

В.Ф. Паршутин әкесі (жұмыс мерзімі 1954-1979жж.) респираторшы

Зырян ӘТКҚЖ;

Ю.В. Паршутин ұлы респираторшы

Зырян ӘТКҚЖ;

М. Паршутинның жанұясы

М.Ф. Паршутин әкесі (жұмыс мерзімі 1956-1965жж.)

респираторшы Зырян ӘТКҚЖ;

Ю.М. Паршутин ұлы жүргізуші

Лениногор ӘТКҚЖ;

М.Ю. Паршутин ұлы ЖПЖ жөніндегі взвод командирінің орынбасары,

Лениногор ӘТКҚЖ;

Соповтар жанұясы

А.Г. Сопов әкесі взвод командирі

Лениногор ӘТКҚЖ;

С.А. Сопов ұлы респираторшы

Лениногор ӘТКҚЖ;

Герасимовтар жанұясы

А.П. Герасимов әкесі (жұмыс мерзімі 1969-1979жж.) респираторшы

Зырян ӘТКҚЖ;

А.А. Герасимов респираторшы,

Лениногор ӘТКҚЖ;

Е.А. Янцен немересі респираторшы

Лениногор ӘТКҚЖ;

Головановтар жанұясы

В.С. Голованов 1 санатты инженері

Лениногор ӘТКҚЖ;

В.М. Голованова шешесі (жұмыс мерзімі 1984-2009жж.) ШГТЗ инженер-химигі Зырян ӘТКҚЖ;

К.В. Голованов ұлы бөлімше командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

Тютеньковтар жанұясы

А.В. Тютеньков әкесі респираторшы Лениногор ӘТКҚЖ;

А.А. Тютеньков ұлы ЖПЖ жөніндегі взвод командирі орынбасарының м.а. Лениногор ӘТКҚЖ;

Г.В. Тютеньков әкесінің ағасы (жұмыс мерзімі 1983-1991жж.) респираторшы Зырян ӘТКҚЖ;

Масалимовтар жанұясы

Р. Масалимов әкесі (жұмыс мерзімі 1980-1993жж.) респираторшы Зырян ӘТКҚЖ;

Б. Р. Масалимов ұлы бөлімше командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

Феденевтар жанұясы

С.В. Феденев әкесі респираторшы Лениногор ӘТКҚЖ;

А.С. Феденев ұлы (жұмыс мерзімі 1991-2010жж.)

респираторшы Лениногор ӘТКҚЖ;

Стадниченко жанұясы

Н.Ф. Стадниченко әкесі (жұмыс мерзімі 1972-2011жж.) взвод командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

А.Н. Стадниченко ұлы бөлімше командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

Филлипенко жанұясы

А.Е. Филлипенко әкесі Жүргізушілер бригадирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

А.А. Филлипенко ұлы взвод командирінің орынбасары, Лениногор ӘТКҚЖ;

Денисовтар жанұясы

Н.А. Денисов әкесі (жұмыс мерзімі 1945-1978жж.) бөлімше командирі 30-ші ӘТКҚЖ;

Ю.Н.Денисов ұлы (жұмыс мерзімі 1981-2011жж.) Лениногор ӘТКҚЖ директорының орынбасары;

В.Н. Денисов ұлы (жұмыс мерзімі 1970-1996жж.) жасақ командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

А.В. Денисов немересі(жұмыс мерзімі 1984-2002жж.) бөлімше командирі, Лениногор ӘТКҚЖ;

Сартаковтар жанұясы

Г.Г. Сартаков әкесі механик;

С.Г. Сартаков -ұлы, взвод командирі;

Д.Г. Сартаков – ұлы взвод командирі;

Клименко жанұясы

Д.И. Клименко – әкесі взвод командирінің орынбасары;

А.Д. Клименко -ұлы взвод командирінің орынбасары;

Мучичко жанұясы

 

М.И. Мучичко әкесі респираторшы;

И.И. Мучичко - ұлы взвод командирінің орынбасары;

Қызмет міндеттерін атқару кезінде ерекше үздік шыққан құтқарушылар

Г.И. Турханов – келесі аварияларды жоюға қатысқан:

1973ж. –Текелі кеніші;

1977 мен 1978жж. – Горняк қаласы, алтай өңірі, «Золотухинская» шахтасы

1988ж. – Армения Республикасы, Ленинакан қаласы – жел сілкініс зардаптарын жою. Еңбекке деген адал көзқарасы мен өнегелі қызмет атқару үшін «ӘТҚБ штабының Құрмет кітабына» енгізілген, «Тау-кен құтқару ісінің ардагері» құрметті атағы берілген, «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталған;

А.В. Еремеев – бірнеше рет ірі аварияларды жоюға қатысқан, Армениядағы жер сілкіністің зардаптарын жоюға қатысқаны үшін А.В. Еремеев 1989 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. Өз еңбек қызметі кезеңінде А.В. Еремеев бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған. «Кен» ӘАҚҚ» РМҚК 70 жыл» омырау белгісімен марапатталаған, қызметтің 35-жылдығы құрметіне «Кен» ӘАҚҚ РМҚК Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сонымен қатар Арменияның Лениникан қаласындағы жер сілкініс зардаптарын жою кезінде құтқару операциясының үстінде 1988 жылғы желтоқсанында «Ерлік» ордені мемлекеттік марапатымен Брилин В.П., Коростелев В.Ф. и Морозов А.Н. марапатталған.

Армения Республикасының Спитак, Ленинакан (қазіргі Гюмри), Кировакан (қазіргі Ванадзор) қалаларына көмек көрсету үшін жер сілкініс зардаптарын жою, қалалардағы үйінділерді бұзу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының 30-ші, 31-ші, 32-ші Әскерилендірілген Тау-кен құтқару жасақтарынан құтқарушылар жіберілген.

Филиал бөлімшелері

№1 Авариялық-құтқару жасағы 3 взводтан тұрады:

1) Жезкент ЖӘТКҚВ;

2) Ертіс ЖӘТКҚВ;

3) Артемьев ЖӘТКҚВ;

№2 Авариялық-құтқару жасағы 3 взводтан тұрады:

1) Риддер ЖӘТКҚВ;

2) Тишин ЖӘТКҚВ;

3) Малеев ЖӘТКҚВ;

№3 Авариялық-құтқару жасағы 4 взводтан тұрады:

1) Белоусов ЖӘТКҚВ;

2) Ақтоғай ЖӘТКҚВ;


ҚСРО бар болуы кезіндегі жойылған ТЖ мен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстардың жалпы саны – 616 аса, 112 адамның өмірі құтқарылды, Тәуелсіздік жылдарына біршама 1 305 авария жойылды және 272 адам құтқарылды. 2009ж. бастап филиал бөлімшелері жүйелі түрде қосымша аймақтағы сел мен су су басуларын жоюға және адамдарды құтқаруға қатысады. Қайтыс болған құтқарушылардың жалпы саны 2 адамды құрайды. 


Біздің тапсырыс берушілер