Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Қаражал филиалы

Қаражал ӘТҚЖ құрылу тарихы 1957 жылдан бастау алады. Қаражал өңіріндегі Атасу кенбасқару базасында тау кен құтқару қызметі жеке әскерилендірілген тау кен құтқару құрылымы ретінде құрылды, ол Қарағанды Совнархоз ӘТҚБ Штабының Жезқазған ӘТҚЖ құрамына кірді (1957-1968 жылдары). 1968 – 1973 жылдары Қаражал жекеленген әскери тау құтқару құрылымы КСРО қара металлургия министрлігінің  Нижний –Тагил қаласының  Орал және Қазақстан Штабының  қарамағына берілді.

Қарағанды облысының өркендеуіне қарай 1973 жылы КСРО қара металлургия министрлігінің  Рудный қаласының Батыс және Қазақстан Штабының  қарамағындағы Қаражал ӘТҚЖ қүрылды. Жасақ құрамына: Атасу кенбаскаруының объектілеріне қызмет көрсету жедел ӘТҚҚұрылымы, Жезді кенбасқару базасында Жезді нөмірлі ӘТҚҚұрылымы және Жәйрем КБК қызмет көрсету Жәйрем ӘТҚПункті еңді.

1957 – 1992 жылдар аралығында Қаржал ӘТҚЖ командирі қызметін атқарғандар: Кривоножкин И.Н., Бирюков Р.М., Моисеев Ю.М., Ефремов Ф.П..

1997 жылы Жезді кенбасқаруының және Жәйрем КБК таратылуына байланысты Жезді және Жәйрем кентерінде тау кен құтқару бөлімшелері  таратылып, Қаражал ӘТҚЖ қайта құрылды.

1997 жылдың ақпан айында Қазақстан ӘТҚБ Штаб бастығының бұйрығы  бойынша Қаражал ӘТҚЖ базасында  Қаражал ЖӘТҚҚ  құрылды, құрылым командирі боп Фоканкин Ю.Н. тағайындалды.

Қазіргі кезде әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінде 1980 жылдан  жай респираторщиктан еңбек жолын бастап филиал директоры лауазымына дейін көтерілген  Ю.Н. Фоканкин басқарып отыр.

 

Қазақстан ӘТҚБ қайта құрылуына байланысты, 2000 жылы   12 маусым  ҚР Үкімет қаулысы бойынша Қаражал ЖӘТҚҚұрылымы «Кен» ӘАҚҚ РМҚК филиалы болып қайта құрылды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Қаражал ӘТҚЖасағы боп қайта өзгертілді.

2007 жылдың 30 қараша  №1154 «ҚР ТЖ министрлігінің ТЖ және ӨҚМБК  РМҚК қайта құрылуы туралы»  ҚР Үкімет қаулысы бойынша Қаражал ЖӘТҚҚұрылымы «Кен» ӘАҚҚ РМҚК филиалы, ҚР ТЖ министрлігі «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК филиалы Қаражал ӘТҚЖ болып қайта құрылды.

Бұгінгі күнде ҚР инвестициялар және даму  министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Қаражал филиалының құрамына: Қаражал жедел взводы, Жәйрем нөмірленген взводы,  «Тур», «Кентөбе», «Жалын» кендерінің авариялық құтқару пунктары кіреді. Қаражал  филиалы келесі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға қызмет көрсетеді: «Өркен» Атасу Миттал Стил ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ,  ЖШС, «ТНК Казхром» АҚ, «Сарыарка-ENERGY» .

Қаражал ӘТҚЖ құрылған уақыттан  бері  шамамен 281 адам құтқарылды,   62 –жер асты өрт апаты жойылды және 236- жер беті өрт апаты жойылды. Жасақ басшылығы және жеке құрамы Армения ССР  Ленинакан қаласында жерсілкіну апаты салдарын жою барысында жұмыс атқарды. Рудный ӘТҚЖ таукен құтқарушыларымен бірге, құлаған ұйлер астынан 625 қаза болғандар  денесін алды және 21 адам өмірін  аман алып қалды. Жерсілкіну апатын жою жұмыстарына қатысқандарға, апаттық құтқару жұмыстары жұргізу кезіндегі көрсеткен ерліктері үшін «Халықтар достығы» орденімен және «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

1997 жылы шілде айында ТЖ жүйесі бойынша Қаражал ӘТҚЖ  Жәйрем-Атасу дала аймағының жаппай  өрт апатын сөндіруге қатысты, онда бірнеше шопандар жанұясын, ұйлерін және  үлкен мал бастары  апаттан құтқарылды.   1997 жылы 27 желтоқсанда  ең ірі өрт апаты қызмет көрсетілетін, ол кезде «Атасуруда» БАҚ  объектісінде автокөлік цехында бокс өртенді, өрт салдарынан 1 адам қаза болды, 53 автокөлік жойылды, 15 сағат бойы 3 шұғыл бөлімше өрт апатын сөндіру жұмыстарын жүргізді. 2002 жылы 8 наурыз күні «Батыс Қаражал» шахтасында,  5 тәулік бойы +108 метр горизонтында тау кен жынысын сөндіру жұмыстары жүргізілді, өрт  8 наурыз сағат 15.00 басталды және 2002 жылдың 13 наурыз күні сағат 14.00 –ге дейін өрт апатымен арпалыс жүргізілді. 16 адам құтқарылды. 

Ондаған апаттың және ерекше төтенше жағдайлардың   дер кезінде жойылуы және жұздеген кеншілер өміріне төңген қауіпті алдын ала жою, жеке құрамның жауынгерлік жанкештілігі мен Қаражал филиалының  командирлерінің  жоғары кәсіби деңгейлі дайындықтарының, бай тәжірибелерінің арқасында.

2017 жылы Қаражал ӘТҚЖ өзінің  60- жылдық мерей тойын атап өтті.

Бұл күнде Қаражал филиалы тау кен кәсіпорындарға қызмет көрсетуге және сонымен қатар қызмет көрсету объектілерінде өрт сөндіруге қабілетті.

Қазіргі кезде Қаражал филиалында өздерінің білімі мен кәсіби біліктілігін атадан балаға дарыта білген жанұялық династиялар жалғасын тапқан құтқарушылар еңбек етеді, оларға келесі жанұялар жатады:


Семактар жанұясы:

Әкесі - Семак Игорь Иванович – шұғыл - алдын алу жетекші инженері;

Балалары:

 Семак Максим Игорьевич – «Жалтырбұлақ» кенішіндегі көмекші тау-кен құтқару командасының нұсқаушысы;

Семак Иван Игорьевич – «Кентөбе» кенішіндегі  авариялық-құтқару бекетінің бөлімше командирі.

  

Реут жанұясы:

Әкесі – Реут Радик Владимирович – Қаражал шұғыл взводының құтқарушысы;

Баласы – Реут Дамир Радикович -   Қаражал шұғыл взводының құтқарушысы.

 

Чен жанұясы:

Әкесі – Чен Александр Васильевич  - Қаражал шұғыл взводының командирі;

Баласы  -  Чен Александр Александрович - «Кентөбе» кенішіндегі  авариялық-құтқару бекетінің құтқарушысы.


Біздің тапсырыс берушілер