Біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Үкіметтің 16.07.2015 жылғы № 536 қаулысымен құрылған, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және 1932 жылы құрылған Қазақстанның алғашқы әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № КбиП-1-1212-КбиП-707 хатына, 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1/56 Сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сатылды.
Кәсіпорын өзінің қызметін республикалық бюдеттен қаражат тартпастан, қызмет көрсетілетін шаруашылық субъектілерімен шарттарды орындаудан түскен жеке кірістері есебінен жүзеге асырады.
Ірі көлемді техногенді және табиғи сипаттағы авариялар туындаған жағдайда мемлекет Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел және тиімді пайдаланады.
Кәсіпорында 3800-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.
Жедел-профилактикалық құрамға мыналар кіреді: жедел-профилактикалық жұмыс, өртке қарсы қауіпсіздік, мұнайгаз саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мұнайгаз саласындағы авариялық-құтқару жабдықтары, ауа қысымын түсіру жөніндегі жетекші инженерлер, І, ІІ, ІІІ сынапты құтқарушылар, құтқарушы-компресорщиктер, өрт сөндіру, жедел автомобильдер жүргізушілері-құтқарушылар, Өрт сөндіруші-құтқарушылар, қосалқы авариялық-құтқару командаларының, өрттің алдын алу инструкторлары, газтүтіннен қорғау қызметі мастерлері.
Кәсіпорынның техникалық құрамына тау-кен және көмір саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженерлер, шаңгаз талдау зертханасы қызметкерлері, арқанды сынау станциясы мамандары, медициналық қызметкерлер, оқу орталықтары мамандары, механиктер, өндірістік-жөндеу шеберханаларының өндіріс жөніндегі инженер-химиктер және басқа да әкімшілік қызметкерлер жатады.
Кәсіпорын теңгерімінде 650 бірлік мамандандырылған авариялық-құтқару көлігі және 7000 бірлік жабдықтар бар.