CENTRALISED REPUBLICAN HEADQUARTERS OF
MILITARIZED PROFESSIONAL
EMERGENCY RESCUE SERVICES

Көбенов Әділбек Жұмабайұлы
Көбенов Әділбек Жұмабайұлы

Көбенов Әділбек Жұмабайұлы 1963 жылы 24 наурызда Орал облысы Шыңғырлау ауданы Чилик ауылында дүниеге келді.

Білімі жоғары. 2001 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын бітірген, мамандығы «Мұнай және газ ұңғыламаларын бұлғылау», біліктілігі -  тау-кен инженері. 2014 жылы М. Утемисов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетин бітірген, мамандығы «Юриспруденция», құқық бакалавры.

1981 жылдан 1983 жыл аралығында әскери миндетін атқарды.

Еңбек жолын 1989 жылдан бастаған. Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын бітіргеннен кейін 1989 жылдан 1995 жылға дейін Шаған мұнайгазіздеу экспедициясы «Оралмұнайгазгеология» өндірістік геологиялық бірлестігінде  бұрғылаушы, бұрғылаушы көмекшісі, бұрғылау шебері қызметтерін атқарды.

1995 жылдан 1997 жылға дейін «Бекзат» өндірістік кооперативінде өндіріс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997 жылдан 2007 жылға дейін «Нефтяник» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директор болып жұмыс жасады.

2007 жылы «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК Батыс Қазақстан «Ақ Берен» атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалына директор қызметіне тағайындалды.

2007 жылғы сәуір айынан 2008 жылғы сәуір айы аралығында «Ақ Берен» РМҚК Батыс Қазақстан филиалының командирі қызметін атқарды. 2008 жылғы сәуірден бастап «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы»  РМҚК «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының директоры қызметіне тағайындалды. 2-ші дәрежедегі «Құтқарушы» мәртибесіне ие.

Осы уақыт ішіндегі қызметінде Әділбек Жұмабайұлы өзін сауатты маман және білікті, талапшыл тәжірибелі жетекші ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Мұнайгаз саласы мен атқыламаға қарсы қызметте, атқыламаға қарсы және бей стандарттық құралдарды қолдану бойынша тәжірибесі мол.

Атқыламаға қарсы қызметте барлық жетекшілік құжаттарды жетік меңгеріп, қызмет бабында пайдалы қолдана біледі. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жұмыстанады. Ашық мұнай және газ атқыламаларын алдын ала ескертіп, оларды жетілдіру істерімен айналысады. 2009 жылы АҚШ (Хьюстон қ.) біліктілігін жетілдіру курсынан өтіп, халықаралық дәрежедегі сертификатқа ие болды. 2010 жылы РФ Астрахань қаласында «Газобезопасность» АҚБ көрсетіліс жаттығуына қатысты. 2011 жылы Ұлыбритания Саутгемптон қаласында «Теңіз айдынындағы аварияны және олардың салдарынан болған апатты жою» курсы бойынша оқып, халықаралық сертификатқа ие болды.

Атқыламалар пайда болған кезде жедел жағдайларды тез шешуге қабілетті. Қауіпті жедел жағдайларда дұрыс бағыт көрсете біліп және шешім қабылдайды.  Бөлімшелердің әскери дайындығын жақсартуда және  филиал жеке құрамының кәсіби шеберліктерінің өсу жолында нақты нәтижелерге қол жеткізді. Филиал жеке құрамына жоспарлы түрде тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, мәдени-көпшілік шараларын өткізеді. Сонымен қатар филиалдың материалдық-техникалық базасын жақсарту, мекеме аумағы мен филиал ғимаратын гүлдендіру және филиалдың жеке құрамының санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолында жұмыстар жүргізуді бақылап отырады. Мамандарды тәрбиелеуге және оларды таңдауда, сондай-ақ  заң жүзінде қызметтік тәртіпті сақтауға үлкен мән береді. 

Ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары және жеке басына да, қызметкерлерге де талап қояды. Ұжым арасында өте сыйлы, беделді құрметке ие.

Қызметтік міндеттерін үлгілі, мінсіз атқарғаны үшін ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және Өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталған. (2008 жылғы 5 қыркүйектегі №06/30/02-143 хаты).

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің бағалы сыйлығына (сағат) ие болды. (2008 жылғы 12 желтоқсандағы №721 ж/қ бұйрығы).

2011 жылы сәуір айында  БҚО аумағындағы жойқын тасқындардың салдарын жою барысында қызметтік міндеттерін адал орындағаны, көрсеткен ерлігі мен кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды.(2011 жылғы 25 мамырдағы № 275 ж/қ бұйрығы). Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының құрметті ардагері» медалімен марапатталған.

БАСШЫЛЫҚ
МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ
ТАУ-КЕН ЖӘНЕ КӨМІР САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ

OUR PARTNERS