CENTRALISED REPUBLICAN HEADQUARTERS OF
MILITARIZED PROFESSIONAL
EMERGENCY RESCUE SERVICES

Муса Турманович Танабаев
Муса Турманович Танабаев

Муса Турманович Танабаев 1965 жылы 01 ақпанда Жезқазған облысында дүниеге келді. Экономика ғылымдарының кандидаты. Тау-кен инженері.

Жоғары білімі бар, Қазақ политехникалық институты және Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1986 жылы тау-кен өнеркәсібінде бастады, электрслесір мен тау-кен шеберінен бастап, басшылық лауазымдарға дейінгі жолды өтті.

Мемлекеттік қызметтің әр кезеңінде Жезқазған қаласының орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, ҚР ИДМ басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басқарды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде Төтенше жағдайлар Департаменттерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметін басқарды, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жоғары кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан «Құрмет» орденімен наградталған, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана қаласының 20 жылдығы» медальдарімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және одан жақсы шығарғаны үшін» ведомствалық наградамен, II–III дәрежелі «Шахтёрская слава», I–III дәрежелі «Трудовая слава», II–III дәрежелі «Кенші даңқы», «Төтенше жағдайлар жүйесіне қосқан үлесі үшін», «За особые заслуги» төс белгілерімен марапатталған.

БАСШЫЛЫҚ
МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ
ТАУ-КЕН ЖӘНЕ КӨМІР САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ

OUR PARTNERS