TYPES OF WORK PERFORMED
Кәсіпорын қызметінің мақсаты тау-кен-құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, сондай-ақ өрттерді сөндірумен, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетумен байланысты жұмыстарды және төтенше, авариялық жағдайларда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстарды, сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілерде алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қазіргі күні филиал жұмыскерлерінің штаттық саны 126 адам, бөлімшенің ұйымдастырылу құрылымына әкімшілік-техникалық және жедел-алдын алу құрамдары кіреді.
Филиал өз қызметін, бөлімше жұмысын реттейтін, бекітілген нормативтік-техникалық құжаттарын және нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отыра, тәулік бой әскери дайындық тәртібінде іске асырады.
Ақтөбе филиалының жедел техникасы, арнайы құрал-сайманы мен жабдықтары ықтимал апаттарға шұғыл әрекет ету үшін тұрақты дайын түрде ұсталады, ал жеке құрамы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық мәселелерді шешуге дайын.
Подразделения Мангистауского филиала РГП на ПХВ «ПВАСС» обслуживают объекты и оказывают услуги по противофонтанной и газовой безопасности 70 компаниям (2017 г.) нефтегазодобывающего сектора Мангистауской области.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 9 қарашасындағы №1139 «Қазақстан Республикасындағы құрлық, теңіз бен судағы мұнай және газ атқыламаларына қарсы әскерилендірілген мекеме «Ақ Берен» республикалық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 1998 жылдың 17 қарашасында №248 бұйрығы негізінде «Ақ Берен» республикалық қазыналық кәсіпорны құрылып, 2002 жылдың 1 ақпанындағы №0000002 АСЛ лицензия негізінде жұмыс жасады.
Қызылорда филиалы 1999 жылы құрылып, басында тек «Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Қоныс» кен орындарына қызмет көрсетсе, бұл күндері қызмет көрсету нысандары Қазақстан Республикасы бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтиды.
Филиалдың негізі міндеті мұнай-газ-су атқыламаларының алдын алу-сақтандыру болып табылады. Ұңғылардың жұмыстарының нұсқама және ережелер бойынша дұрыстығын тексеру жұмыстарды түгелімен жоғары білімді, тәжірибелі мұнайшылар.
1999 жылдан бері филиал қызметшілері 10-ның үстінде ашық атқыламаны жойды. Олар:
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Полоторацкое» газ қоймасындағы №118 ұңғысындағы – газ атқыламасы, отсыз
- «Арыс» кенішіндегі №19 ұңғысындағы – ашық отты газ атқыламасы
- «Қызылқия» кенішіндегі №17 ұңғысындағы – ашық мұнай-газ атқыламасы
- «Приозерное» кенішіндегі №3 ұңғысындағы - ашық отты газ атқыламасы
- Жамбыл облысындағы «Аманкелді» кенішіндегі №105 ұңғысындағы – ашық газ атқыламасы
- «Кеңлік» кенішіндегі №8 ұңғыдағы – ашық мұнай-газ отты атқыламасы
- «Cарыбулак» кенішіндегі №58 ұңғысындағы - ашық мұнай-газ атқыламасы
- «Cарыбулак» кенішіндегі №13 ұңғысындағы - ашық мұнай-газ атқыламасы
- «Айрақты» кенішіндегі №1 ұңғысындағы - мұнай-газ атқыламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы Қаулысымен «Ақ Берен», «Құтқарушы», әскерилендірілген авариялық қызмет «Көмір» және «Кен» республикалық мемелкеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және өндірістік қауіпсіздік комитетенің құрамына енгізіліп, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқру комитетінің орталық штабы» РМКҚ құрамында енгізілді.
Мекеме 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне өтіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалы болып аты өзгертілді.
"КӘАҚҚ" РМК Батыс Қазақстан филиалының штат саны – 62 бірлікті құрайды, Батыс Қазақстан облысы аумағандағы газмұнайсудың пайда болуының және ашық мұнай-газ фонтандарының алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарын атқарады.
Оңтүстік Қазақстан филиал қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу: авариялық-құтқару жұмыстарын, өрт сөндіруге қатысты жұмыстарды орындау, тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ апатты алдын алу жұмыстарын жүргізеді.