CENTRALISED REPUBLICAN HEADQUARTERS OF
MILITARIZED PROFESSIONAL
EMERGENCY RESCUE SERVICES

Көкеев Әділ Мұсахметұлы
Көкеев Әділ Мұсахметұлы

Көкеев Әділет Мұсахметұлы 1968 жылы 26 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.

1988 жылы Қызылорда политехникалық колледжін, 1996 жылы Қызылорда политехникалық институтын «Инженер – құрылысшы» мамандығы бойынша, 2003 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы мемлекеттік өртке қарсы қызметінен бастады, Қызылорда облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінде нормалау және лицензиялау басқармасының инженері, басқарма бастығы, ҚР ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдан бері «КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Қызылорда филиалының өрт сөндіру бөлімінің бастығы және өрт қауіпсіздігі жөніндегі филиал директорының орынбасары лауазымдарында қызметін жалғастырды, 2024 жылғы 01 тамыздан бастап нәтижелі жұмыс қорытындысы бойынша «КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Көкеев Әділет Мұсахметұлының тікелей басшылығымен сеніп тапсырылған құтқару бөлімшелері бірнеше рет ірі өрттерді, аварияларды жоюға шықты, және де республикалық, облыстық командалық-штабтық және арнайы тактикалық оқу-жаттығуларға тартылып абыроймен алып шықты. Сонымен қатар, бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау нәтижелері үнемі жоғары бағаланады.

Қызмет ету кезеңінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде үлкен тәжірибесі бар, білікті маман екенін көрсете білді. Күрделі өрттерді сөндіруге жеке өзі басшылықта болып тікелей қатысты.

Мемлекеттік Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Көкеев Әділет Мұсахметұлы III, II дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарында мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, III дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіндегі сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы үздік жетістіктері үшін ҚР ТЖМ, «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС бас директоры және Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталған..

БАСШЫЛЫҚ
МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ
ТАУ-КЕН ЖӘНЕ КӨМІР САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ

OUR PARTNERS