CENTRALISED REPUBLICAN HEADQUARTERS OF
MILITARIZED PROFESSIONAL
EMERGENCY RESCUE SERVICES

Кулишов Денис Юрьевич
Кулишов Денис Юрьевич

Кулишов Денис Юрьевич 1977 жылғы 10 желтоқсанда Қостанай облысының Рудный қаласында дүниеге келді. 2009 жылы «Рудный индустриалды институтын» «Технологиялық машиналар мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірді.

Кулишов Д.Ю. – әулетімен құтқарушы, авариялық-құтқару қызметіндегі өтілі 30 жылды құрайды. Әр жылдары бөлім командирі, взвод командирі, жасақ командирі және директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Техногендік, табиғи, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерде және тіршілік ету саласында адамдарды эвакуациялау мен құтқаруда үлкен тәжірибесі бар.

2025 жылғы 15 шілдеден бастап КӘАҚҚ РОШ Бас директорының бұйрығымен КӘАҚҚ РОШ Солтүстік Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды (Ақтөбе және Қостанай облыстары бойынша).

Д.Ю. Кулишовтың қызметі келесі марапаттармен белгіленді: 2006 жылы «Кен» ӘАҚҚ РМҚК Алғыс хатымен, 2007 жылы ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, 2011 жылы ҚР Төтенша жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен, 2012 жылы ҚР ТЖМ «Құтқарушы» Төс белгісімен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің ІІІ дәрежелі «Кенші данкы» Төс белгісімен, 2023 жылы «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Төс белгісімен.

БАСШЫЛЫҚ
МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ
ТАУ-КЕН ЖӘНЕ КӨМІР САЛАСЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ

OUR PARTNERS