Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

В компании «КПО б.в.» подведены итоги конкурса «Лучшая пожарная часть» и «Лучшая объектовая газоспасательная команда».

«Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." (КПО) компаниясында «Карашығанақ» кен орнындағы объектілерге, «Үлкен Шаған» НПС және «Атырау Терминалға» қызмет көрсететін өрт сөндіру және газдан құтқару бөлімшелері қатысқан «Үздік өрт сөндіру бөлімі» және «Үздік нысандық газдан құтқару командасы» конкурсы өткізіліп, қорытынды нәтижесі шығарылды.

​                Іс-шараға кәсіпшілік бастығы Пезаре Антонио, мұнай және газ дайындау және қайта өңдеу бойынша (ҚКП) кешенінің бастығы Родес Мартин Джон, УКПГ -2 бастығы О ' Нилл Джеймс Уоррен, БҚО Бөрлі ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Каиргалиев Рауан, КПО б.в. авариялық ден қою топ бастығы Александр Охрименко, азаматтық қорғаныс қорғау топ бастығы Бисембаев Нұрлан, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ГКДҚ-3 суперинтенданты Канафеев Какимжан, «Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан филиалы директоры Күзенбаев Сансызбай, «КӘАҚҚ» РМК Батыс Казақстан филиалы директорының орынбасары Шумбалин Армантай, сондай-ақ объектілердің басшылары, өкілдері, «ҚПО б.в.» объектілеріне қызмет көрсететін өрт сөндіру бөлімдерінің және газдан құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы, соның ішінде «КӘАҚҚ» РМК Батыс Казақстан филиалы Қарашығанақ газдан құтқару жасағының командирі Талғат Нұржанов бастаған құтқарушылары қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша, КПК объектісіне қызмет көрсететін № 31өрт сөндіру бөлімі үздік деп танылып, қызмет көрсетуші объектілер туралы шешім қабылданды. Өздерінің жоғары кәсіби көрсеткіштері үшін өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Өрт сөндіруші алтын балта» кәсіби символын және сертификатын алды.

Үздік газдан құтқару командасы санаты бойынша өзінің кәсіби және жемісті жұмыс нәтижелері үшін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Батыс Қазақстан филиалының УКПГ-3 газдан құтқару қызметі таңдалды. «Үздік газдан құтқару қызметі 2018 жыл» сертификатын кәсіпшілік бастығы Пезаре Антонио табыстады.

Өз сөзінде Пезаре Антонио: «2018 жылы «Қарашығанақ» кен орнындағы КПО жекелеген объектілерде жоспарлы- алдын ала жөндеу жұмыстары сәтті өткізілді. Төтенше жағдайларға жол бермеу үлкен рөлі мен еңбегі өздерінің жоғары кәсіби шеберлігі және дағдыларын көрсеткен кен орны нысандарындағы өрт сөндіру бөлімшелеріне және газдан құтқару қызметтеріне тиесілі. КПО объектілерінде ТЖ алдын алу және жою, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратыныдығмызға сенімдіміз»,- деп атап көрсетті.

Аталмыш байқау жыл сайын КПО объектілеріне қызмет көрсететін өрт сөндіру бөлімдерінің және газдан құтқару қызметтерінің арасында өткізіледі, бұл ретте, бағалау өлшемі кәсіби даярлау, авариялар кезінде жедел ден қою және қолданылу іс-әрекеті, авариялық-құтқару жабдықтарының жай-күйі, объектілер өзара іс-қимылы және ТЖ-ның алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.

«КӘАҚҚ» РМК Батыс Казақстан филиалы      баспа сөз қызметі


Көріністер:  342

Орналастырылған күні: 18.01.2019 16:15

Өзгертілген күні: '18.01.2019 16:15:59

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер