Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Үкіметтің 16.07.2015 жылғы № 536 қаулысымен құрылған, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және 1932 жылы құрылған Қазақстанның алғашқы әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № КбиП-1-1212-КбиП-707 хатына, 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1/56 Сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сатылды.

Кәсіпорын өзінің қызметін республикалық бюдеттен қаражат тартпастан, қызмет көрсетілетін шаруашылық субъектілерімен шарттарды орындаудан түскен жеке кірістері есебінен жүзеге асырады.

Ірі көлемді техногенді және табиғи сипаттағы авариялар туындаған жағдайда мемлекет Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел және тиімді пайдаланады.

Кәсіпорында 3800-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.

Жедел-профилактикалық құрамға мыналар кіреді: жедел-профилактикалық жұмыс, өртке қарсы қауіпсіздік, мұнайгаз саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мұнайгаз саласындағы авариялық-құтқару жабдықтары, ауа қысымын түсіру жөніндегі жетекші инженерлер, І, ІІ, ІІІ сынапты құтқарушылар, құтқарушы-компресорщиктер, өрт сөндіру, жедел автомобильдер жүргізушілері-құтқарушылар, Өрт сөндіруші-құтқарушылар, қосалқы авариялық-құтқару командаларының, өрттің алдын алу инструкторлары, газтүтіннен қорғау қызметі мастерлері.

Кәсіпорынның техникалық құрамына тау-кен және көмір саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженерлер, шаңгаз талдау зертханасы қызметкерлері, арқанды сынау станциясы мамандары, медициналық қызметкерлер, оқу орталықтары мамандары, механиктер, өндірістік-жөндеу шеберханаларының өндіріс жөніндегі инженер-химиктер және басқа да әкімшілік қызметкерлер жатады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын атқару болып табылады.
11 филиал
3800 қызметкерлер саны
80 дислокация орны
400 қауіпті объект біздің бақылауымызда
Жедел жұмыс жөніндегі орташа статистикалық мәліметтер
315«Дабыл» сигналы бойынша шығу жылына
12750адам/сағ аварияларды жоюға жұмсалды
2087адам аварияларды жоюға тартылды
605бірлік техника тартылған
177адам құтқарылды
177адамға аварияларды жою орындарында медициналық көмек көрсетілді
ТЖ желісі бойынша халыққа көмек көрсету жөніндегі орташа статистикалық мәліметтер
5Орман дала өрттерін жоюға шығу
3қар құрсауынан адамдар мен көлік құралдарын эвакуациялауға шығу
2су басқан аймақтарыдан адамдарды көшіруге шығу
125адам құтқарылды және көшірілді
Пофилактикалық жұмыс көрсеткіштерінің орташа статистикалық көрсеткіштері
50689және одан да көп профилактикалық тексеру жылына
87860және одан да көп бұзушылықтарды анықтау
50және одан да көп объектілер ұсыныс бойынша уақытша тоқтатылды
78жұмышы мен ИТҚ ұсыныс бойынша жауапкершілікке тартылды
40748жұмышы мен ИТҚ нұсқаулықтан өтті
1026аварияларды жою жоспарлары қаралды және келісілді

Кәсіпорын теңгерімінде 650 бірлік мамандандырылған авариялық-құтқару көлігі және 7000 бірлік жабдықтар бар.

Біздің тапсырыс берушілер