Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Спасатели  поддержали  «Пять социальных инициатив Президента» 30.05.2018 11:47

30 мая 2018 года в Мангистауском филиале РГП «ПВАСС» в конференц- зале состоялся круглый стол, где обсуждали послание Президента РК Нурсултана Назарбаева « Пять социальных инициатив Президента». В мероприятии приняли участие руководство, коллектив филиала, депутаты Актауского городского маслихата - представители Актауского филиала партии «Нуротан».

             Гости посетили базу Мангистауского филиала, ознакомились с аварийно-спасательным оборудованием и встретились со спасателями. После этого нуротановцы посмотрели по рекламно-информационному сенсорному терминалу видеоролик о работе спасателей Мангистауского филиала. Ознакомившись со службой спасателей официальные гости приняли участие в обсуждении послания Президента.

- Послание «Пять социальных инициатив Президента» активно обсуждается среди населения и получило достойную оценку. Неравнодушно отнеслись к важному документу и наши сотрудники. Особенно заинтересовала программа «7-25-20», - поделился директор филиала Б.Сарман.

          Первым выступил депутат Актауского городского маслихата Куаныш Есетов и подробно рассказал о послании «Пять социальных инициатив Президента».

-         По моему , самым важным из пяти инициатив является программа «7-25-20» , где говорится о возможности получить ипотечный займ на выгодных условиях. Казахстанцы теперь могут по этой системе вначале оплачивать 20% от общей суммы , а остальную часть в течение 25 лет по 7 % в год. Эта программа даёт огромный импульс в сфере жилищного обеспечения,-говорит депутат Актауского городского маслихата Куаныш Есетов.

          После слово взяла советник заместителя председателя Актауского городского филиала партии «Нуротан » Кундыз Даулетбаева :

-         По Программе «7-25-20» мы направили в центральный штаб партии письмо с предложением о снижении семи процентов до пяти процентов, а также идёт сбор заявлений от населения на снижение текущих ипотечных кредитов.

          В ходе мероприятия гости отвечали на вопросы спасателей, обменивались мнениями и предложениями. В напутствие народные избранники выразили огромную признательность, пожелав спасателям быть всегда в боевой готовности, но чтобы никогда не было аварий, и обещали организовать встречу с банковскими сотрудниками.

                                                      Пресс-служба Мангистауского филиала РГП «ПВАСС»


Картинка для анонса: 
Название (kz):  «Бес әлеуметтік бастама» құтқарушылардан қолдау тапты
Текст (kz): 

2018 жылдың 30 мамыр күні «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау филиалының конференц залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуін талқылау мақсатында басқосу болып өтті. Шараға филиалдың басшылығы мен ұжымы, «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының өкілдері мен   Ақтау   қалалық   мәслихатының депутаттары қатысты.

«Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің «Бірінші бастамасы – 7-25-20 бағдарламасы» жайындағы ой-пікірлерімен бөлісуге келген   қонақтар Маңғыстау филиалы базасымен танысып, авариялық-құтқару жабдықтарын көрді. Қиын да маңызды қызмет иелері- құтқарушылармен жүздесіп, сауалдарына жауап алды. Осыдан соң, нұротандықтар   филиал   ғимаратындағы терминал арқылы «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының қызметі туралы бейнефильмді тамашалады. Құтқарушылар қызметіне қанық болған соң, ресми қонақтар конференц залдағы басқосуға қатысты.

-         «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі тұрғындар арасында талқыланып, өз бағасын алып үлгерді. Маңызды құжат біздің қызметкерлерді де бейжай қалдырған жоқ. Әсіресе, үндеудің бірінші бастамасы –«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» яғни «7-25-20» бағдарламасы құтқарушыларды қызықтырып отыр,-деді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.

          Алғашқы сөзді Ақтау   қалалық   мәслихатының депутаты Қуаныш Есетов алып, Елбасының ел игілігі жолында жариялаған «Бес әлеуметтік бастамасын» баяндады.

          Меніңше, 5 бастаманың ең маңыздысы – тұрғын үй -7-25-20 бағдарламасы. Жоба бойынша, қазақстандықтарға енді тұрғын үй төлемақысының 20 пайызын төлеп, қалғанын 25 жылда 7 пайызбен бөліп төлеуге мүмкіндік туып отыр. Қазіргі банктердің пайыздары өте жоғары, шарттары қиын. Сондықтан, бұл бағдарлама тұрғын үй саласына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Биыл күзде банктер несие беру жолдары мен шарттарын анықтап беруі тиіс,-деді Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қуаныш Есетов.

          Бұдан соң «НұрОтан» партиясы Ақтау қалалық филиалының қызметкері Құндыз Дәулетбаева сөз алып, «7-25-20» бағдарламасы бойынша, 7 пайызды 5 пайызға түсіруді сұрап, партияның орталық штабына хат жолдағанын айтты. Сондай-ақ, бұрынғы ипотекалық несиелердің пайызын түсіруге қатысты да ұсыныстар мен өтініштерді жинастыруда екенін жеткізді.

             Шара барысында құтқарушылар «7-25-20» бағдарламасының нақты жүзеге асырылатын уақыты, тұрғын үй алудың тиімді жолдары, сондай-ақ, «Қазақтанның тұрғын үй-құрылыс банкінің» болашағы жайында өз сауалдарын жолдады. Басқосу соңында халық қалаулылары Маңғыстау филиалының ұжымына әрдайым жауынгерлік даярлықта болуды, бірақ, апаттық жағдайлардың болмауын тіледі. Алдағы уақытта банк өкілдерімен кездесу ұйымдастыруға уәде берді.

«КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының

баспасөз қызметі


Дополнительные изображения:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить

Тізімге оралу

Біздің тапсырыс берушілер