Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК

Начало учений «Аткылама» 2018

            2018 жылғы 26 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалында мұнай-газ және химия саласы бойынша «Атқылама-2018» арнайы тактикалық аумақтық оқу-жаттығуы басталды. Қауіпті өндірістік нысандарында ірі көлемде аварияларды жою бойынша авариялық-құтқару жаттығуының басты мақсаты- жедел құрамның авариялық-құтқару операцияларының әдістері және өңдеу тәсілдері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарының деңгейін көтеру және жетілдіру, апаттарды жою кезінде жедел топтардың іс-әрекеттерінде инновациялық технологияларды, замануи техникалық құралдарды қолдану.

         «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен 3 күнге жалғасатын арнайы тактикалық оқу-жаттығуының ашылу салтанатында «КӘАҚҚ» РМК бас директорының міндетін атқарушы Диханбек Джанкоразұлы Сатылғанов сөз алып, авариялық-құтқару қызметінің маңыздылығы мен оқу-жаттығудың басты мақсатын атап өтті.

-         - Құтқарушылардың кәсіби жауынгерлік даярлығын анықтау және жыл бойы атқарылған жұмыстарды сараптау мақсатында жыл сайын оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады. Бүгін басталып отырған «Атқыламаға» еліміздің батыс өңіріндегі 5 филиалдың өкілдері қатысуда. Менің ойымша, әрбір құтқарушы – өз ісінің нағыз маманы, қандай оқыс жағдайға да дайын тұратын батырдың өзі болуы тиіс. Оқу-жаттығу барысында берілетін теориялық, тәжірибелік тапсырмалар мен спорттық сайыстарда құтқарушылардың кәсіби дайындықтарын сараптайтын боламыз,-деді «КӘАҚҚ» РМК бас директорының міндетін атқарушы Диханбек Джанкоразұлы Сатылғанов.

             Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, мұнай-газ компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылар, БАҚ өкілдері мен «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Қызылорда облыстық филиалдарының қызметкерлері шақырылған оқу-жаттығу барысында қатысушылар атқыламаға қарсы, газдан құтқару қызметі бойынша шеберліктерін танытып, кәсіби біліктіліктерін шыңдайтын болады. Ресми ашылудан қонақтар авариялық-құтқару құрал-жабдықтары және техникаларымен танысты. Арнайы тактикалық өңірлік жаттығудың алғашқы күнінде Маңғыстау филиалының құтқарушылары «Альпинистік құрал-жабдықты қолдану арқылы зардап шегушіні биіктікте құтқару» және ұңғыма сағасын ауамен барлау, аймақтың газдану деңгейін анықтау, Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері «Гидравликалық құрал-жабдықтардың көмегімен металлконструкцияның астынан зардап шегушіні құтқару» және Ақтөбе филиалының құтқарушылары «Атқыламаны «ППП-200» ұнтақ жалынсөндіргіштің көмегімен сөндіру» операциялары бойынша көрсетілімдік жаттығулар көрсетті.

-         «Атқылама-2018» шарасына Ресей мемлекетінен арнайы келіп тұрмыз. Екі елдің авариялық-құтқару қызметінде ұқсастықтар мен ерекшеліктер бар. Дегенмен, жалпы құтқару әдісі ортақ. Мұндай жаттығулардың тәжірибе алмасу үшін құтқарушыларға берері мол деп есептеймін. Өйткені, жыл санап заманауи құрал-жабдықтар мен тәсілдер пайда болуда,-дейді Ресей Федерациясы ФГАУ АСФ «СВПФВЧ» тәжірибелік-конструкторлық бюросының бастығы Николай Сотников.

-         7-8 жылдан бері «КӘАҚҚ» РМК Ақтөбе филиалымен әріптестік қарым-қатынастамыз. Ай сайын біріккен жаттығулар өткізіледі. Біз білетін құтқарушылар - өз қызметіне асқан жауапкершілікпен қарайтын нағыз өз ісінің шеберлері. Ақтөбе филиалының инженерлік-техникалық құрамына алғыстан басқа айтарымыз!-дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай басқармасының бастығы Алиби Култумиев.

         Оқу- жаттығудың алғашқы күнінде сондай-ақ, тәжірибелік іс-қимылдарды орындау бойынша жереби тастау, білім деңгейін анықтау және кір тасын көтеру, арқан тарту сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Алдағы күндері тәжірибелік іс-қимылдар операциялары орындалып, филиалдар арасында спорттық сайыстар өткізілетін болады. 28 қыркүйек күні оқу-жаттығу қорытындыланып, жеңімпаздар анықталмақ.

«КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау және Ақтөбе

филиалдарының баспасөз қызметтері


Көріністер:  574

Орналастырылған күні: 26.09.2018 15:36

Өзгертілген күні: '26.09.2018 15:39:38

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер