Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Үкіметтің 16.07.2015 жылғы № 536 қаулысымен құрылған, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және 1932 жылы құрылған Қазақстанның алғашқы әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № КбиП-1-1212-КбиП-707 хатына, 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1/56 Сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сатылды.

Кәсіпорын өзінің қызметін республикалық бюдеттен қаражат тартпастан, қызмет көрсетілетін шаруашылық субъектілерімен шарттарды орындаудан түскен жеке кірістері есебінен жүзеге асырады.

Ірі көлемді техногенді және табиғи сипаттағы авариялар туындаған жағдайда мемлекет Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел және тиімді пайдаланады.

Кәсіпорында 2800-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.

Жедел-профилактикалық құрамға мыналар кіреді: жедел-профилактикалық жұмыс, өртке қарсы қауіпсіздік, мұнайгаз саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мұнайгаз саласындағы авариялық-құтқару жабдықтары, ауа қысымын түсіру жөніндегі жетекші инженерлер, І, ІІ, ІІІ сынапты құтқарушылар, құтқарушы-компресорщиктер, өрт сөндіру, жедел автомобильдер жүргізушілері-құтқарушылар, Өрт сөндіруші-құтқарушылар, қосалқы авариялық-құтқару командаларының, өрттің алдын алу инструкторлары, газтүтіннен қорғау қызметі мастерлері.

Кәсіпорынның техникалық құрамына тау-кен және көмір саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженерлер, шаңгаз талдау зертханасы қызметкерлері, арқанды сынау станциясы мамандары, медициналық қызметкерлер, оқу орталықтары мамандары, механиктер, өндірістік-жөндеу шеберханаларының өндіріс жөніндегі инженер-химиктер және басқа да әкімшілік қызметкерлер жатады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын атқару болып табылады.
13 филиал
2838 қызметкерлер саны
80 дислокация орны
400 қауіпті объект біздің бақылауымызда
Жедел жұмыс жөніндегі орташа статистикалық мәліметтер
250«Дабыл» сигналы бойынша шығу жылына
18824,7адам/сағ аварияларды жоюға жұмсалды
2004адам аварияларды жоюға тартылды
454бірлік техника тартылған
185адам құтқарылды
319адамға аварияларды жою орындарында медициналық көмек көрсетілді
ТЖ желісі бойынша халыққа көмек көрсету жөніндегі орташа статистикалық мәліметтер
12Орман дала өрттерін жоюға шығу
3қар құрсауынан адамдар мен көлік құралдарын эвакуациялауға шығу
2су басқан аймақтарыдан адамдарды көшіруге шығу
125адам құтқарылды және көшірілді
Пофилактикалық жұмыс көрсеткіштерінің орташа статистикалық көрсеткіштері
60 800және одан да көп профилактикалық тексеру жылына
90 500және одан да көп бұзушылықтарды анықтау
50және одан да көп объектілер ұсыныс бойынша уақытша тоқтатылды
78жұмышы мен ИТҚ ұсыныс бойынша жауапкершілікке тартылды
13 751жұмышы мен ИТҚ нұсқаулықтан өтті
919аварияларды жою жоспарлары қаралды және келісілді

Кәсіпорын теңгерімінде 600 бірлік мамандандырылған авариялық-құтқару көлігі және 6700 бірлік жабдықтар бар.

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер