Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Специальные аварийно-спасательные автомобили-надежный и универсальный помощник спасателя.

     ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 20 наурыздағы №259 "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС "Ақ Берен" Қызылорда филиалы КАМАЗ 43118-46 шассиінде арнайы авариялық-құтқару автомобилімен (АСМ) жабдықталған, авариялық-құтқару қызметтері үшін арнайы есептелген әмбебап және сенімді көлік құралы болып табылады. Аталған автомобильдің негізгі артықшылығы оның су бөгеттерін еңсере отырып, қиын жерлерден өту, ауыр жол жағдайларында мобильді және маневрлі болуы. Бұл автомобильді қолдану келесі негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

    - апат орнына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайларды жою бойынша күштер мен құралдарды арттыру үшін құтқарушыларды 9 адамға дейін жауынгерлік есепті жеткізу.

    - төтенше жағдай орнында барлау жүргізу және жағдайды бағалау.

    -апат аудандарын қоршау; құтқарушылардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету.

    - зардап шеккендерді түрлі құрылымдағы үйінділерден, зақымдалған көлік құралдарынан іздеу және шығару, оларға алғашқы медициналық дәрігерге дейінгі көмек көрсету және одан әрі эвакуациялау.

    -төтенше жағдай орнында радиобайланысты және хабарлауды ұйымдастыру.

    - өрт ошақтарын оқшаулау

    - құтқару жұмыстарын жүргізу үшін электр энергиясын алу және беру.

    - апат аудандары мен құтқару және авариялық жұмыстарды жүргізу учаскелерін жарықтандыру.

    Авариялық құтқару автомобилі арнайы авариялық-құтқару жабдығымен және құрал-саймандарымен (медициналық, өртке қарсы, авариялық-құтқару пневматикалық және гидравликалық құрал-саймандармен, ЖҚҚ жеке қорғау құралдармен, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары ТАОҚҚ, химиялық барлау аспаптарымен) жабдықталған.

    Қазіргі уақытта "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС "Ақ Берен" Қызылорда филиалы балансында мұнай газ су пайда болуы және ашық атқылама жою үшін объектіге тұрақты түрде шығуға дайын болатын жедел, жүк және жедел-арнайы мақсаттағы 20 автокөлік бар.

"КӘАҚҚ РОШ" ЖШС "Ақ Берен"

Қызылорда филиалы

баспасөз хатшысы

Көріністер:  919

Орналастырылған күні: 08.08.2019 15:02

Өзгертілген күні: '08.08.2019 15:10:08

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер