Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Плановый запуск аварийного оборудования на объекте базы экстренного реагирование на Карачаганакском нефтегазоконденсатном месторождении.

 

2020 жылғы 22-24 сәуір күндері аралығында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері авариялық-құтқару жабдықтары жөніндегі инженер Б. Дисенов және құтқарушы А. Кушпановтың қатысуымен Қарашығанақ мұнайгаз конденсаттық кен орны жедел ден қою базасы объектісіндегі авариялық жабдықты жоспарлы іске қосу жүргізілді.

«КПО б.в.» басшылығы ҚМГКК қауіпті өндірістік обектілердің қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөледі.

«КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының мамандары 2017 жылдан бастап, келісім шарт негізінде ай сайын ашық мұнайгаз атқыламаларын жоюға арналған жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеді.

Техникалық қызмет көрсету келесі жұмыс түрлерін қамтиды: жабдықтарды түгендеу, жинақталған тізімдемеге сәйкес салыстыру, жабдықтарды тексеру көзбен шолу, тораптар мен бөлшектердің бүтіндігін тексеру, іштен жану қозғалтқыштары және гидравликалық сорғы диагностикасы, аккумулятор батареяларын зарядтау, іске қосу-баптау және қозғалтқыштардың әр түрлі жұмыс циклдарын сынау.

Ашық мұнайгаз атқыламаларын жоюға арналған жабдықтар кез-келген күн мен түн және жылдың кез келген уақытында жұмыс жағдайында болуы тиіс. Оның жарамдылығына сенімді болу үшін жүйелі тексеру жүзеге асырылады.

 

         «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС

«Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының

баспа сөз қызметі

 

 

 

 


Көріністер:  164

Орналастырылған күні: 30.04.2020 22:17

Өзгертілген күні: '03.05.2020 22:25:14

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер