Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК

Қауіпті өндірістік объектілерде ірі көлемді аварияларды жою бойынша авариялық-құтқару жаттығуы

2018 жылғы 26 қыркүйектен 28 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында мұнай газ және химия саласындағы «Атқылама-2018» арнайы-тактикалық аумақтық жаттығу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының оқу-жаттығу полигонында» өтеді.
Мекен – жайы: Ақтөбе қаласы, 41-разъезд, 83-учаске
Басталу уақыты: сағат 9-00.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты жедел құрамның авариялық-құтқару операцияларының әдістерін жүргізу және өңдеу тәсілдері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде дайындық деңгейін көтеру, техногендік сипаттағы ірі ауқымды аварияларды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-әрекеттер жасау, техногендік сипаттағы апаттарды жоюда инновациялық технологияларды, қазіргі заманғы техникалық құралдарды практикалық қолдану, өндірістік персоналдың эвакуациялау және құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету болып табылады.
Шақырылған қонақтар: БАҚ, Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар және «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясы», «Ембімұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақойл Ақтөбе», «Маңғыстаумұнайгаз», «КазТрансОйл», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз және т.б. жерқойнауын пайдаланушылар компанияларының басшылары.

«КӘАҚҚ» РМК құрылу тарихы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өзінің тарихын 1932 жылдан алғашқы таукен-құтқару қызметінің құрылуымен бастады.
Кәсіпорын қауіпті өндірістік объектілерде болған аварияларда адамдарды құтқару үшін, өндірістік кәсіпорындар салдарынан болған материалдық залалды және қоршаған ортаға келтірілген зиянды әсерді азайту үшін құрылды.
85 жыл ішінде Кәсіпорын бірнеше рет жоғары кәсіби деңгейін және елдегі қауіпті өндірістік объектілердегі күрделі және ірі көлемді аварияларды жою бойынша авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде, осындай жағдайда әскерилендірілген қызметінің кәсіби құтқарушыларыннан басқа ешкім көмекке келуге қабілетті емес жағдайда жеке құрамның жарақтануын көрсетті.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару және алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өрттерді сөндірумен байланысты, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарында тыныс алу органдарын қорғау құралдарын және арнайы жабдықтар қолданумен байланысты.
Кәсіпорнының 13 филиалы Қазақстанның барлық өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан. 2800 ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушылары, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары, 6700 бірлік арнайы тағайындалған жабдықтары жедел ден қою штаттан тыс жағдайдағы және кез келген күрделі аварияны жою жұмыстарына үнемі тәулік бойы әзірлікте.
«КӘАҚҚ» РМК Қазақстандағы қысқа уақыт аралығында Үкімет нұсқауы бойынша 300 адамға дейін топтама жинақтап, авариялық объектіде, соның ішінде табиғи катаклизмдер орындарында қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жарақтандырылған.
Жоғары кәсібилік және жеке құрамды жарақтандыруын растайтын дәлелдер: 2004 жылы «Шахтинская», 2006 жылы «Ленин атындағы» және 2008 жылы «Абай» көмір шахталарындағы ірі ауқымды аварияларды жоюға, сондай-ақ 2017 жылы Шаханда қазандық жарылыстың салдарын жоюға қатысулары болып табылады.
Кәсіпорын мұнайгаз саласындағы қараусыз қалған объектілердегі аварияларды жоюды да қамтиды. 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысында «Қаратөбе» кен орнындағы, Атырау облысындағы «Күмісбек» кен орнындағы қараусыз қалған ұнғымасында болған аварияны жою жұмыстарын жүргізді, ал 2017 жылғы мамыр айында Атырау облысының жер қойнауын пайдаланушылар ерікті авариялық-құтқару қызметінің күштері мен құралдарының қызмет көрсету объектісі болмауынан апатқа ұшырады, нәтижесінде Атырау филиалына мәжбүр жүгініп, біздің құтқару қызметі қысқа мерзімде аварияны жойды.
Біздің оқу орталықтарында жыл сайын 1800-ден астам адам оқудан өтеді, сондай-ақ қызмет көрсететін кәсіпорындар қызметкерлері жылына 250-ден астам «Дабыл» белгісі бойынша шақырымға шығады. Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезінде 185 адам құтқарылып, апатты жою орындарында 319 адамға медициналық көмек көрсетілді.
2013 жылдан бастап Кәсіпорын штаб-пәтері Торонто, Канада қ. «Таукен құтқару халықаралық қауымдастығының» (IMRB) толық мүшесі болып табылады. Кәсіпорын Ресей Федерациясы, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, АҚШ, Ұлыбритания, Польша және т. б. шетелдік ұқсас қызметтермен, ғылыми-техникалық орталықтармен және мекемелермен өзара іс-қимылда тығыз қатынасады.


Көріністер:  439

Орналастырылған күні: 25.09.2018 11:13

Өзгертілген күні: '25.09.2018 11:18:40

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер