Жаңалықтар
Пресс служба Павлодарского филиала ТОО « РЦШ ПВАСС»
Preview image:
Название (kz): Оқу
Текст (kz):
Оқу – еңбек қызметін атқару үшін қажетті білім, дағды, іскерлікті жүйелі меңгерудің үрдісі, бөлімше құрамымен бірге құтқарушылардың қызметтік міндеттемелердің барлық комплексін орындайтын оқу сабағы.
Директор Ә.Ә.Құлахметов атынан «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Павлодар филиалы өз құтқарушыларының дайындығын ғана емес, авариялар мен апатты дабылдарға белсенді қатысатын, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік нысандардың жұмысшыларының да дайындығын назарда ұстауда. Сонымен қатар, өндірістерде бірігіп өткізілетін оқу-жаттығу сабақтары қызмет көрсету кәсіпорындарында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу, жауынгерлік және мобилизациялық дайындығы мәселелері бойынша нақты әрекеттерді орындау дағдысы және икемділікті қалыптастыру мақсатында жедел және тактикалық дисциплиналармен маңызды бөлімдер (тақырыптар) бойынша құтқарушылар мен жұмысшыларды дайындаудың соңғы этапы болып табылады.
Осылайша, "КАЗМинералсБозшакөл" ЖШС Бозшакөл КБК-да (кен байыту комбинатында) тактикалық жаттығулар өтті. Оқу жаттығулары аяғын жарақаттап алған зардап шеккенді құтқару және сазды зауыттың аймағының тау массасын үгу учаскесінде шыққан тұтануды өшіру бойынша. Жаттығу мақсаты: Павлодар филиалы жеке құрамының зардап шеккенді құтқаруы және өртті өшіруге дайындығын, сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының авария туындаған кездегі әрекет етуін тексеру.
Жаттығу жоспары бойынша 12 сағат 00 минутта КБК-ның диспетчері Бозшакөл әскерилендірілген авариялық-құтқару взводының (бұдан әрі - Бозшакөл ӘАҚВ) кезекшісіне учаскенің жанып жатқаны туралы хабарлаған. БӘАҚВ бөлімшесі оқиға орнына жеткенде, "САТ" жүк тиегішінің жанғаны анықталған. Жүк тиегіштің операторы көлік ішінен шығарда аяқтарын зақымдап алған. Взвод құрамында тұрған арнайы құрал-жабдықтар қолданылды. Бөлімше тапсырманы толық көлемде орындап шықты. Зардап шегуші оқиға орнынан эвакуацияланды, өрт сөндірілді. Тактикалық жаттығулар аяқталған соң БӘАҚВ жеке құрамының және қызмет көрсетілетін кәсіпорын жұмысшыларының әрекеттері талқыланды.
"КӘАҚҚ РОШ" ЖШС
Павлодар филиалының
баспасөз қызметі
Дополнительные изображения: Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download