CENTRALISED REPUBLICAN HEADQUARTERS OF
MILITARIZED PROFESSIONAL
EMERGENCY RESCUE SERVICES

Өрт және құтқарушы 30.03.2019 20:59

    Өрт қауіпсіздігі туралы алдын-алу барлық жандардың өмірлері және денсаулығын, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау әлбетте мүмкін емес. Ол кез-келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жәйт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

    Қайғылы оқиға орын алмас үшін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалы «ҚазТрансОйл» ЖШС «Шағыр» мұнай құю станциясында «№1 бөлмедегі өртті шартты түрде өшіру» атты оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығу барысында филиал құтқарушылары өздерінің кәсіби біліктілігін және шапшаңдылықтарын дәлелдеді. Айтып өтер бір жәйт, мұндай оқу-жаттығу барысынан құтқарушылар мол тәжірибе жинаумен қатар тапсырыс беруші мекемелерге де өзіміздің жұмыс тәжірибемізбен деңгейімізді дәлелдеп келеміз.

    Әрине мұндай апатты жою кәсіби құтқарушылардың құзіретінде. Төтенше жағдай туындаған жағдайда адамдарды құтқару, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндірудегі шұғыл іс-әрекеттер екендігі мәлім.

    Ұжымдасып жұмыс атқару – құтқарушылар үшін басты қағида. Аса шеберлікпен жұмыс атқарылса, демек бұл құтқарушылардың үздіксіз білімдерін жетілдіру мен оқу-жаттығу жұмыстарының септігі деп білеміз.

    Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

    Өрт тілсіз жау деп бекерге айтылып жатпайды. Расында да өрттің қашан және қай уақытта пайда болатыны белгісіз. Кішкентай өрттің кесірінен үлкен нәрселер зардап шегуі әбден мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал.

Оңтүстік Қазақстан филиал баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай

Preview image: 
Название (kz):  Өрт және құтқарушы
Текст (kz): 

Дополнительные изображения:  Download / Download / Download / Download / Download / Download / Download

Back to the list

OUR PARTNERS