Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

Өрт зардабы... 27.02.2019 09:23

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

        Осыған байланысты жоспарға сәйкес, «Шартты түрде вагон цистернасының жол өтпесінде жануы» тақырыбында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық Орталық Штабы» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалы «КазТрансОйл» ЖШС «Шағыр» мұнай құю стансасында арнайы оқу-дабылы өтті. Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою бойынша шараларын жетілдіру.

    Цистерна – сұйықты сақтауға арналған ыдыс. Сұйық және ұнтақ заттарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған ыдыс. Цистерна темір жол арбасына орнатылып, ол арқылы сұйық заттар тасымалданады.

     Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады:жанғыш заттың отқа тікелей әсері; сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері; жану зонасында иісті газбен улану; жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану.

         Алғашқы кезеңде учаскедегі орын алған жағдай туралы дабыл қағылды. Бөлімшенің кезекшісі аталған апат жөнінде жеке құрамға жеткізді. Апатты жою құтқарушылардың алға қойған міндеттері. Сондықтан техникалық қауіпсіздікті сақтай отыра тез арада құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Жол өтпесінде цистернаның жануын тоқтату жұмыстарын кәсіби дәрежеде жойды. Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, жанған цистернаны суытуға және сөндіруге су оқпандары берілді. Шұғыл түрде құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Арнайы оқу-дабылы қорытындысы бойынша жақсы деп бағаланды.

«КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалының баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай


Возврат к списку

ПОЛИТИКА Актюбинского филиала «Ак Берен» ТОО «РЦШ ПВАСС» в области охраны труда и здоровья персонала

23 июня 2021 года, работники Пожарной части Аксуской электростанции РЦШ ПВАСС провели общестанционную, совместно с Заказчиком противоварийную тренировку. Тема: «Разгерметизация контейнера с хлором».

Тренировка - «основа основ»

Организация пожарной безопасности на объектах, обслуживаемые Акмолинским филиалом «РЦШ ПВАСС»

Обученные специалисты – гарантия качества предприятия

Что такое пожарно-технический минимум?

Службы обеспечения Восточно-Казахстанского филиала «РЦШ ПВАСС»

Основные причины аварий и чрезвычайных ситуаций в нефтяной и газовой промышленности.

Профилактика и готовность к чрезвычайным ситуациям

Деятельность Учебного центра Атырауского филиала «Ак Берен»«РЦШ ПВАСС»

ВНЕДРЕНИЕ ВЫСОКОЭФФЕКТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

Процесс работы станции по перезарядке и ремонту порошковых огнетушителей Восточно-Казахстанского филиала РЦШ ПВАСС

Организация пожарной безопасности на нефтебазах

Наши партнеры