Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

Өрт – досымыз, өрт – жауымыз.

Өрт адамның басқаруынан және балқуынан шыққан жану процесі болады, басқаша айтқанда өрт деп бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шырын келтіретін жану процесін айтады.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабы» Оңтүстік Қазақстан филиалы Ақтоғай әскерилендірілген тау кен құтқару пункті оқу жаттығу дабылына жоспарға сай шықты. Аталмыш оқу жаттығу тақырыбы: трансформатордың жануы. Тапсырыс беруші тарапынан ескертулер болған жоқ. Оқу-жаттығу бағасы жақсы.

Жану дегеніміз – көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс.

Жану процесінің пайда болу және дамуы үшін үш фактордың бар болуы қажет: жанғыш зат, тотықтырғыш (ауаның оттегісі) және тұтану көзі. Әдетте жану процесі заттың газ (бу) күйінде жүреді.

         Трансформатор – кернеулі айнымалы тоқты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы тоққа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатор – айнымалы тоқтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы.

Жану процесі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жанғыш затты тұтану температурасына дейін қыздыра алатындай мөлшерде бөлу керек. Тұтану көздеріне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакцияның жылуы, сәуле энергиясы, найзағай тағы басқалары жатады.

Жұмыс барысында болатын төтенше жағдайларға мекеме құтқарушылары әрқашан дайындық үстінде жүреді. Мәселен, теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету лекцияларымен және психодиагностикалық тестер, тренингтік жұмыстар психологтің нұсқауымен жүргізіледі.

Бүгін де осындай апатты жағдайдың алдын-алу барысын оқу-жаттығу дабылы арқылы куәсі болдық. Қандай ауыр жағдай болмасын, шешімі табылуы күрделі апат болсын, біздің құтқарушылар барлық деңгейдегі құтқару жұмыстарының қас шебері деп айтсам артық етпес.

Оңтүстік Қазақстан филиалының баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай


Просмотров:  529

Дата создания: 16.05.2019 19:30

Дата изменения: '18.05.2019 19:33:35

Возврат к списку

В первые десятилетия XX века начинают создаваться международные объединения профессиональных союзов. Так, например, в 1905 году, в Чикаго было создано международное профсоюзное объединение Индустриальные рабочие мира (ИРМ), находящееся под влиянием идей революционного синдикализма, что явилось результатом соглашения между частью анархистов, социалистов и радикальных профсоюзных активистов.

Наши партнеры