Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

«КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы салтанатты шеруге қатысты Қалыптасқан дәстүр бойынша «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы қызметкерлері Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 74 жылдығына арналған сап түзеген салтанатты шеруге қатысты. Жүздеген Батыс Қазақстандықтар «Мәңгілік полк» акциясына қатысты. Өздерінің аталары мен әжелерінің, аға-апаларының портреттерін көтеріп ұстаған шеруге қатысушылар Жеңіс алаңынан өтті. Осы «Мәңгілік полк» акциясына «КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының бас бухгалтері Жұбандықова Гүлнар Дәулетқызы өз балаларымен шеруге қатысты. «Бүгін мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзімнің әкемді еске алу үшін өз әкем Байдулов Дәулеттің (1924-1999жж.) суретімен келдім. Бұл акция жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелейді. Біз әрқашан біздің ата-бабаларымыздың жасаған ерліктерін есте сақтауымыз керек. Кейбіреулер өзінің соғысқа қатысқан туыстарын, ардагерлерін ұмытып барады, бірақ мен үшін бейбітшілік үшін соғысқан әкемді жұрттың білуі үлкен мақтаныш», - деді Гүлнар Жұбандықова. Содан соң филиалы қызметкерлері Жеңіс алаңындағы боздақтар ескерткішінің басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сондай-ақ, филиал қызметкерлері Ұлы Отан соғысына және Жеңіс күнінің 74 жылдығы іс-шаралар аясында оздырылған қалалық спорттық шараға футболдан турнирге қатысты. Әрқайсымыз үшін Жеңіс Күні ерекше күн болып табылады. Ол адам бойындағы батырлық, табандылық және мызғымас рухты білдіреді. Еліміздің бас бостандығы үшін басын тіккен ардагерлердің еңбек және жауынгерлік ерліктерін ұмыту мүмкін емес. Біздің бастысы борышымыз - олардың алдында ардагерлерді құрметтеу және сыйлау. Баршаңызды Жеңіс Күні мерекесімен құттықтаймыз! Денсаулық пен ұзақ өмір, жанұяларыңызға береке-бірлік, біздің жерімізде бейбітшілік пен келісім бола берсін деп тілейміз. «КӘАҚҚ РОШ» «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының баспасөз қызметі.

Просмотров:  121

Дата создания: 16.05.2019 05:22

Дата изменения: '16.05.2019 05:24:53

Возврат к списку

В первые десятилетия XX века начинают создаваться международные объединения профессиональных союзов. Так, например, в 1905 году, в Чикаго было создано международное профсоюзное объединение Индустриальные рабочие мира (ИРМ), находящееся под влиянием идей революционного синдикализма, что явилось результатом соглашения между частью анархистов, социалистов и радикальных профсоюзных активистов.

Наши партнеры