Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

БҚО-да мұнай мен газдың ашық жану оқиғалары тіркелген жоқ 06.02.2018 21:31

2018 жылдың 6 ақпаны күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Брифингке «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК БҚОФ директоры Ә.Ж.Көбенов, директордың орынбасары А.Б.Шумбалин қатысты. Спикерлер БАҚ өкілдерін аталмыш мекеменің жұмысымен таныстырды. 
Кәсіпорын басшысы Ә.Көбеновтың айтуынша, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-нің («КӘАҚҚ» РМК) БҚО филиалы өзінің тарихы 1932 жылдан, алғашқы таукен-құтқару қызметінің құрылуынан бастау алады. Күні бүгін мекеме ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне бағынады. 
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 12 облыста филиалдары бар. Кәсіпорынның Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында орналасқан 5 филиалы мұнайгаз саласының объектілеріне қызмет көрсетеді.
Жалпы, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» құрылымында барлығы 2800 жоғары білікті кәсіби құтқарушылар, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары, 6700 бірлік арнайы мақсаттағы құрал –жабдықтар тәулік бойы кезекшілікте тұр және олар кез-келген қиындықтағы төтенше оқиғалар мен апатты жағдайлардың алдын алуға әзір. 
Күні бүгін Батыс Қазақстан филиалы меншігінде 6 ғимарат, кез келген ауа-райында және кез-келген қиындықтағы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін 26 бірлік автокөліктер мен арнайы техникалар, 50-ге жуық арнайы тыныс алу аппараттары, жоғары температура жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қорғаныш костюмдері, мамандарды даярлау, қайта даярлау бойынша оқу-әдістемелік орталығы бар. «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалында штат бойынша 143 маман жұмыс істейді.
85 жылдық тарихында кәсіпорын қызметкерлері қауіпті өндірістік объектілердегі күрделі және ірі көлемді аварияларды жою бойынша жоғары кәсіби деңгейлерін бірнеше рет дәлелдеді.
Облыста Қаршығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының ашылуы әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарының алдына жаңа, қиын міндеттерді қойды. Өйткені, кеніштегі геологиялық күрделі ерекшеліктер, аса қауіпті игеру тәсілдері құтқарушылардан айрықша қажыр-қайрат пен жедел бақылауды талап етті. Күні бүгін газдан құтқарушылар Қарашығанақ кен орнының қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз етуде.
2017 жылы жасақ құтқарушылары "Жайықмұнай" ЖШС-нің Чинарев мұнай-газ конденсаттық кен орнындағы тактикалық арнайы оқу-жаттығуларға қатысты. Филиал жедел құрамымен ашық атқыламаны жою және ұңғыма сағасын бітеу, зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізді. Жеке құрамнан 15 адам және 5 бірлікте автокөлік жұмылдырылды.

БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті және "Жайықмұнай" ЖШС басшылықтары тарапынан оң баға алды.
Соңғы 20 жылда Батыс Қазақстан облысының аумағындағы қауіпті өндірістік объектілерінде мұнай мен газдың ашық жану оқиғалары тіркелген жоқ.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі


Возврат к списку

ПОЛИТИКА Актюбинского филиала «Ак Берен» ТОО «РЦШ ПВАСС» в области охраны труда и здоровья персонала

23 июня 2021 года, работники Пожарной части Аксуской электростанции РЦШ ПВАСС провели общестанционную, совместно с Заказчиком противоварийную тренировку. Тема: «Разгерметизация контейнера с хлором».

Тренировка - «основа основ»

Организация пожарной безопасности на объектах, обслуживаемые Акмолинским филиалом «РЦШ ПВАСС»

Обученные специалисты – гарантия качества предприятия

Что такое пожарно-технический минимум?

Службы обеспечения Восточно-Казахстанского филиала «РЦШ ПВАСС»

Основные причины аварий и чрезвычайных ситуаций в нефтяной и газовой промышленности.

Профилактика и готовность к чрезвычайным ситуациям

Деятельность Учебного центра Атырауского филиала «Ак Берен»«РЦШ ПВАСС»

ВНЕДРЕНИЕ ВЫСОКОЭФФЕКТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

Процесс работы станции по перезарядке и ремонту порошковых огнетушителей Восточно-Казахстанского филиала РЦШ ПВАСС

Организация пожарной безопасности на нефтебазах

Наши партнеры