Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

Апат айтып келмейді 27.02.2019 09:34

Оқыс жағдай немесе апат айтып келмейтінін біз жақсы білеміз. Дегенмен мұндай оқыс уақиғалар болып тұратыны анық... Табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайлар.

2019 жылдың 19 ақпан күні таңғы сағат 9:30 «Казфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені диспетчерінен қоңырау түсті. Аталған мекемеде қызметкер биіктіктен құлағанын мәлімдеді.

Шұғыл дабыл қағылған соң «КӘАҚҚ РОШ» Оңтүстік Қазақстан филиалы Шолақтау әскерилендірілген тау-кен құтқару взводының бөлімше командирі міндетін атқарушы Дәужігітов Шәмші Сейітұлы, құтқарушы Шонабаев Ұлан Айыпұлы, Мырзамбетов Біржан Нұрланұлы, Әшірбек Нұрғали Бақытұлы, Маналиев Байгали Жарылкасынұлы, Амантайұлы Махсат, Кашкеев Максат Саматұлы шұғыл автокөлігімен апат орнына шықты.

Апатты аймаққа Оңтүстік Қазақстан филиал директорының шұғыл алдын-алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Күшікбаев Болат Зәкірұлы және психолог Айтымбетова Алтынай Есенғалиқызы шұғыл жетті.

         Апат орнына келіп жеткен құтқарушылар кешен басшыларымен келісе отырып биіктіктен түсу амалдары қарастырылды. Алғашында карьердің батысынан түсетін шешім қабылданып, құтқару жолдары таңдалған болатын. Алайда бұл нысан өте қауіпті болып шықты, өйткені үгітілген беткей адам өміріне қауіпті.

Құтқару жұмыстарына кіріспес бұрын Болат Зәкірұлы жеке құраммен дайындық нұсқаулығын жүргізді. Бұл салада психологиялық дайындықтың да маңызы зор екені түсінікті. Өйткені қауіпті аймаққа түсу кәсіби деңгейлікпен қатар психологиялық дайындық қажет. Болмаса қаза тапқанның отбасымен психологиялық жұмыстары жүргізіліп қалу әбден мүмкін болғандықтан төтенше жағдай орын алған жерге міндетті түрде психолог маман баруы тиіс. Қатер төніп тұрған аймақта сан түрлі жағдай, ойламаған іс-әрекеттер болуы хақ. Мұндай жағдайда жеке құраммен бірге кәсіби психолог болуы шарт. Құтқарушыларға жігерлілік күшін дәріптеп, сенім артылғаны туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Бәрін дұрыс саралай келе карьердің шығыс аймағынан түсу амалдары қарастырылды. Еш тіршілік өмір белгілерін бермеген соң бөлімше командирінің міндетін атқарушы Ш.Дәужігітов карьердің түбіне толық көз жеткізу мақсатында құтқарушы арқанымен түсіп, зардап шегушінің мерт болғанын анықтап, жоғары шығып басшыларға баяндады.

Мәйітті жоғары бетке шығару мүмкіндігі болмағандықтан, автокран жұмылдыра отырып, адамдар биіктікте жұмыс жасай алатын құралды кранға іліп бөлімше командирлері Ш.Дәужігітов және Б.Маналиев, құтқарушы У.Шонабаев 70 метрден аса төмендікке түсті.

Кранның тросы карьердің түбіне жете алмағандықтан бөлімше командирлері Ш.Дәужігітов және Б.Маналиев, құтқарушы У.Шонабаев карьердің түбіне түсіп мәйітті алып шығу үшін биіктікте жұмыс жасай алатын құралға құтқару арқанын байлап, карьердің түбіне түсіп мәйіт қабына орап, медициналық көтергішке салып жоғары алып шықты.

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының Ішкі істер бөлімі және жедел жәрдем қызметкерлеріне мәйітті тапсырды.

Шолақтау Әскерилендірілген тау-кен құтқару взводы өз өмірлерін өте қауіпті жағдайға тәуекел етіп, өз міндеттерін, техникалық қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыстарын атқарды.

Барлық іс-әрекет біткен соң жеке құрам шұғыл автокөлікті және құрал-жабдықтарды ретке келтіріп болған соң, Оңтүстік Қазақстан филиал директорының шұғыл алдын-алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Күшікбаев Болат Зәкірұлы қорытынды жұмыстарын жүргізіп саралады.

Ал филиал психологі Айтымбетова Алтынай жеке құраммен дибрифинг өткізілді. Жеке құрамның қорқыныш, сенімсіздік, үрей сезімдерін жою мақсатында психологиялық сауалнама, сурет арқылы эмоцияны жеткізу техникасы жүргізілді. Құтқарушылар психологиялық тұрғыда дайын екенін осы сәтте тағы дәлелдеді. Өз өмірлерін тәуекелге тігіп, адам өмірін қорғап қалу, үлкен жауапкершілікті мойындарына алу бұл – құтқарушының басты міндеті.

«Казфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің басшылары құтқарушылардың жоғары деңгейде өздерінің кәсіби біліктілігін көрсете білгенін атап өтті.

«КӘАҚҚ РОШ» Оңтүстік Қазақстан филиал баспасөз қызметі


Возврат к списку

ПОЛИТИКА Актюбинского филиала «Ак Берен» ТОО «РЦШ ПВАСС» в области охраны труда и здоровья персонала

23 июня 2021 года, работники Пожарной части Аксуской электростанции РЦШ ПВАСС провели общестанционную, совместно с Заказчиком противоварийную тренировку. Тема: «Разгерметизация контейнера с хлором».

Тренировка - «основа основ»

Организация пожарной безопасности на объектах, обслуживаемые Акмолинским филиалом «РЦШ ПВАСС»

Обученные специалисты – гарантия качества предприятия

Что такое пожарно-технический минимум?

Службы обеспечения Восточно-Казахстанского филиала «РЦШ ПВАСС»

Основные причины аварий и чрезвычайных ситуаций в нефтяной и газовой промышленности.

Профилактика и готовность к чрезвычайным ситуациям

Деятельность Учебного центра Атырауского филиала «Ак Берен»«РЦШ ПВАСС»

ВНЕДРЕНИЕ ВЫСОКОЭФФЕКТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

Процесс работы станции по перезарядке и ремонту порошковых огнетушителей Восточно-Казахстанского филиала РЦШ ПВАСС

Организация пожарной безопасности на нефтебазах

Наши партнеры