Республиканский центральный штаб
профессиональных военизированных
аварийно-спасательных служб

«Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы оздырылып жатқан осындай маңызды шараларды үнемі қолдайды
     Дүбірлі өткен көпшілік шарадан біздің мекеменің құтқарушылары да тасада тыс қалмады. 2019 жылғы 5 қазан күні Батыс Қазақстан облысында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС) «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы Қарашығанақ газдан құтқару жасағының құтқарушылары Артур Саматов және Кайрат Карасаевтарда осы алғаш рет ұйымдастырылып жатқан марафонға қатысты. Құтқарушылардың салауатты өмір салтымен айналысуы күнделікті күн тәртібі десекте болады. Алайда, күнделікті біздің құтқарушылардың өз кәсібінен өзгеше қоғамда болып жатқан түрлі спорттық шараларға қызығушылық танытуы әріптестерін қуанытады. Мұнайгаз саласындағы кен орнындарын игерушілерге авариялық-құтқару қызметтерін ұсынатын «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС.
     Толықтай айта кетсек, Орал қаласында тұңғыш рет «Aqjaiyq marathon- 2019» толық марафон жүгірісі өтті. Спорттық шараға әйгілі супермарафоншы, халықаралық спорт шебері және Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаев, триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Жаппаров қатысты.
Батысқазақстандықтармен бірге марафонға еліміздің 10 қаласынан, Ресейдің 5 қаласынан 1000-нан астам адам тіркелінгенін хабарлауда жергілікті басылымдарда.
     Марафонға қатысушылар жас ерекшелігіне және дайындығына байланысты толық (42.2 шақырым), жартылай (21.1 және 10.5 км), сондай-ақ кішкентайларға арналған kids run (440 метр) сайысына қатысты.

«КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ақ Берен»
Батыс Қазақстан филиалы баспасөз қызметі

Просмотров:  123

Дата создания: 11.10.2019 08:02

Дата изменения: '11.10.2019 08:04:54

Возврат к списку

В первые десятилетия XX века начинают создаваться международные объединения профессиональных союзов. Так, например, в 1905 году, в Чикаго было создано международное профсоюзное объединение Индустриальные рабочие мира (ИРМ), находящееся под влиянием идей революционного синдикализма, что явилось результатом соглашения между частью анархистов, социалистов и радикальных профсоюзных активистов.

Наши партнеры