Жаңалықтар
Картинка для анонса:
Название (kz): сапа менеджменті жүйесі (СМЖ)
Текст (kz):
Жуырда, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Ақтөбе бөлімшесінің базасында сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) бойынша оқыту семинары өз жұмысын бастады. Оқытуды кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор Нұржан Ибраев жүргізеді.
Іс-шара тиімді жүйені құру және стандарттар рәсімдерін құжаттау мен сапа саласындағы саясатты іске асыру, менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың тәжірибесін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қызмет ерекшелігін терең білетін кәсіпорынның анағұрлым тәжірибелі мамандарын оқыту мақсатында ұйымдастырылды.
Сапа менеджменті жүйесі – бұл халықаралық стандарттардың барлық параметрлері мен талаптарына сәйкес келетін басқару тетігін үздіксіз жақсарту процесс тәсілінің және қағидатының жүйесі. Әрбір сала өзінің ерекше талаптары мен ерекшелігіне ие, сондықтан СМЖ енгізу нәтижесінде тәуекелдерді басқару және соның салдарынан – көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкелетін қателердің пайда болуын қысқарту және болдырмау үшін тапсырыс берушілердің сұраныстары мен талаптарын үнемі бақылап, зерделеу қажет.
Ақтөбе филиалының баспасөз-қызметі
Дополнительные изображения: Загрузить / Загрузить