Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Әркімнің өз дара жолы бар 12.09.2018 14:18

    Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет, - демекші кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы мол азамат туралы айтпақпын...

    Кадиров Докторбек Айарбекович 1955 жылы 20 қыркүйек күні Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауданы, Шұбар-Ағаш ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Алма-Ата зооветеренарлық институтына түсіп, 1978 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтаған. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде. 1979 жылдан бастап қызмет барысында. 1979-1997 жылдар арасында Жамбыл облысы бойынша Ішкі Істер департаментінде үздіксіз қызмет атқарған. 1997 жылдан бері аталған қызмет орнынан зейнеткерлікке шықты.

    Кадиров Докторбек 1998-2011 жылдар арасында «Спасатель» Жамбыл республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жаңатас әскерилендірілген авариялық-құтқару взводының командирі қызметін абыроймен атқарды.

    2016-2018 жылдар аралығында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан филиалы Қаратау әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы «Еврохим» әскерилендірілген тау-кен құтқару пунктінің командирі ретінде жұмыс істеді. Докторбек Айарбекұлы ұзақ жылдар бойы құтқару қызметіне өзінің еңбегін аямай келді.

    Құтқару қызметіндегі ұзақ жылғы еңбек қызметінде өзін сауатты маман, адал және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің іскерлік қасиетімен, еңбекқорлығымен, қойылған міндеттерді шешудегі жігерлігі, адамдарға ерекше ықыласымен әріптестері арасында бедел және құрметке ие маман. Жаңадан қабылданған қызметкерлерді тәрбиелеу жұмыстарына белсене атсалысып, оларға өзінің жинаған мол тәжірибесінің әдіс-тәсілдерін үйретуден жалықпаған абзал жан.

    Заң бұзушылық және тәртіптік жазасы болмаған. Кәсіби деңгейінің жоғары екендігін ескере отырып, сонымен қатар төтенше жағдайларды жою кезінде өз біліктілігін көрсете білген маман ретінде «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» төс белгісімен марапатталған.

    Оңтүстік Қазақстан филиалының мәжіліс залында салтанатты түрде «Еврохим» әскерилендірілген тау-кен құтқару пунктінің командирі Кадиров Докторбек Айарбекұлын құрметті еңбек демалысына шығарып салуға байланысты іс-шара өткізілді. «Бір еңбектің – бір рахаты бар» деп тегін айтпаса керек, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Оңтүстік Қазақстан филиал директорының шұғыл алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Күшікбаев Болат Зәкірұлы зор денсаулық, үлкен табыстар, баянды өмір тілеп алғысын білдірді және ұжым атынан естелікке сыйлық тарту етті.

    Іс-шара соңында Кадиров Докторбек Айарбекұлын еңбегі еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күнімен көптеген жылдар бірге қызмет атқарған әріптестері өткен уақыттардағы оқиғалар туралы ой қозғап құттықтады. Еткен еңбек пен төккен тер аз емес сондықтан ұжым болып қызметкердің отбасына бақытты өмір тілеп, ендігі сол еңбектің зейнетін көруін тіледі. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салаға разы екендігін айтып, шығарып салу іс-шарасы ерекше ұзақ уақыт есте сақталатының жасырмады Кадиров Докторбек.

    Оңтүстік Қазақстан филиалының баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай      

Картинка для анонса: 
Название (kz):  Әркімнің өз дара жолы бар
Текст (kz): 

Дополнительные изображения:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить

Тізімге оралу

Біздің тапсырыс берушілер