Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

Ел таңдаған Елбасы! 01.12.2018 11:52

Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда

Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады. 

Осыған орай «КӘАҚҚ» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Филиал директорының уақытша міндетін атқарушы Күшікбаев Болат Зәкірұлы барша қызметкерлерді құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туралы тарихи мағлұмат баяндады.
          Н.Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған. Онда: «...Қазақстан индустриялық-иновациялық елге айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігі де айтылған.

          Қазақстанның сыртқы саясатында да Президенттің үлесі үлкен, еңбегі ерен. Саяси, экономикалық, мәдени интеграция құруға арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды. Сондай-ақ, Түркітілдес мемлекеттер одағының құрамында да біздің еліміздің беделі үлкен. Ғасырға бергісіз жиырма бес жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті Біріккен Ұлттар Ұйым құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.

          Міне, сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасының атымен тікелей байланысты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы N 83 Конституциялық заң 2000 жылдың 20 шiлдесінде шықты, оған 14.10.2010

№289-IV өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш заңда Қазақстан    

Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының мәртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған. Ал, 2011 жылы ел Парламентінің 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» деп жариялауы осы Конституциялық заңдардың аясында жүзеге асқанын айта кету керек.

Оңтүстік Қазақстан филиалының баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай

Картинка для анонса: 
Название (kz):  Ел таңдаған Елбасы!
Текст (kz): 

Дополнительные изображения:  Загрузить / Загрузить / Загрузить

Тізімге оралу

Біздің тапсырыс берушілер