Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК

3-5 октября в Астане состоялся турнир по мини-футболу на Кубок Генерального директора РГП на ПХВ «Профессиональная военизированная аварийно-спасательная служба»

Қазан айының 3-5 күндері аралығында Астана қаласында

"Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметі" ШЖҚ РМК Бас директорының Кубогына шағын футболдан турнир болып өтті. Оған "Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметінің" 13 филиалының командалары және орталық аппаратының командасы қатысты. Осылайша 14 команда футбол алаңында өзара бақ сынасты.

"Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметі" ШЖҚ РМК Бас директоры Диханбек Жанқоразұлы Сатылғанов турнирға қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның әр өңірінен келген сайдың тасындай тау-кен құтқару қызметінің жігіттері бірнеше күн қатарынан ала допқа таласып, футбол ойынынан кенде емес екендерін байқатты.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Қарағанды филиалы қанжығаласа, , 2-ші орынды Павлодарлық филиал, 3-ші орынды Атырау филиалдары бағындырды. Сонымен қатар Қарағандылық филиалдың ойыншысы Данияр Қайрақбаев «Үздік қақпашы», Павлодарлық филиалдың ойыншысы Нұржан Сәрсенов «Үздік қорғаушы», Атыраулық филиалдың ойыншысы Айтбай Бименде «Үздік ойыншы», Қарағандылық филиал ойыншысы Сергей Бадеев «Үздік шабуылшы» атанды.

Турнир соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары табыс етілді.


Көріністер:  114

Орналастырылған күні: 08.10.2018 07:36

Өзгертілген күні: '10.10.2018 07:41:14

Тізімге оралу

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында халықаралық кәсіптік одақтар бірлестіктері құрала бастайды. Мысалы, 1905 жылы Чикаго қаласында Әлемнің индустриалдық жұмысшылары халықаралық кәсіптік одақ құрылады, олар революциялық синдикализм идеясын ұстанады, ол анархистердің бір бөлігі, социалистер мен радикалды кәсіподақ белсенділері арасындағы келісім нәтижесі болып табылды.

Біздің тапсырыс берушілер