Kа́sіbı а́skerılendirilgen
avarıalyq – qutqarý qyzmetteriniń
respýblıkalyq ortalyq shtaby

"Қайырымдылық - асыл қасиет" 10.09.2018 14:56

         Қайырымдылық - адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылыққа мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізігіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да әрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруі ізгі амал. 
         "Қайырымдылық - адамгершілік белгісі" демекші "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК Оңтүстік Қазақстан филиал ұжымы қайырымдылық іс-шарасына өз үлестерін қосты. 
Айтар болсақ, Жамбыл облысы Тараз қаласы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының тұрғыны көп балалы отбасына мейірімділік көрсетіп, өз қажетіне керек тігін машинасын алып беруге көмектесті. Д.Пархатқызы өзі тігін өнерімен айналысатынын, бірақ тігін машинасының жоқтығын айтып, алып беруге біздің көмегімізді сұрап келген болатын. 
         "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп бекер айтпаса керек, Оңтүстік Қазақстан филиал ұжымының ауызбіршілігінің, мейірім жүректерінің арқасында бүтіндей бір отбасыға шапағатын аямады.
          Қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту міндетіміз. 
          Аталмыш қайырымдылық іс-шара жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Оңтүстік Қазақстан филиалының баспасөз хатшысы Айтымбетова Алтынай

Картинка для анонса: 
Название (kz):  "Қайырымдылық - асыл қасиет"
Текст (kz): 

Дополнительные изображения:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить

Тізімге оралу

Біздің тапсырыс берушілер